Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Суспензиялы линименттерді дайындау



Стандарттың мақсаты мен міндеті: Линименттерді жасап үйрету және оның сапасын бағалау.

Ресурстары: ДЗ, қол және тарирлі таразылар, фарфорлы ыдыстар, келі, жіберілетін флакондар, көмекші материал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Компоненттерің сәйкестігін тексеріңіз;

3. Қажетті есептеулер жүргізіңіз, паспорт құрыңыз;

4. Қажетті ыдысты алыңыз, көмекші материал;

5. Келіде ДЗ-ы сұйықтыққа сәйкес келетін негізде ерітіңіз (Дерягин ережесі);

6. Келіге қалған негізді қосыңыз, араластырыңыз;

7. Дайындалған линиметтердің сапасына бақылау жүргізіңіз;

8. Жіберілетін флаконға орналастырыңыз;

9. Жабыңыз, жіберуге безендіріңіз.

Ескеру:

1. Дерягин ережесіне сәйкес, қатты заттарды ұсақтау, 1г –ға 0,4-0,6 мл сұйық фаза болғанда жақсы жүреді.

 

 

№14 Стандарт

Гомогенді жақпа майды дайындау

Жалпы сипаттама: Гомогенді жақпа май-теріге, жараларға немесе шырышты қабатқа жағу үшін және өзара еритін құрамнан тұратын, жұмсақ дәрілік пішін.

Стандарттың мақсаты мен міндеті: Жақпа май жасап үйрету және оның сапасын бағалау.

Ресурстары: Дәріханалық әр түрлі мөлшерді келілер, қол және тарирлі таразылар, фарфорлы ыдыстар, сулы монша, жіберуге арналған жақпа май, жабатын және көмекші материал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Қажетті есептеулер жүргізіңіз, паспорт құрыңыз;

3. Қажетті ыдысты алыңыз, көмекші материал;

4. Қоспаның негізін фарфорлы ыдыста суды моншада балқытыңыз;

5. Еріген негізде ДЗ-ды ерітіңіз және салқындаға дейін араластырыңыз;

6. Дайын болған жақпа майды жинап, жіберілетін флаконға салыңыз;

7. Келсаптан жақпа майды жинап, жіберілетін флаконға салыңыз;

8. Жабыңыз, жіберуге безендіріңіз.

Ескеру:

1. Егер дәрігер ДЗ-ң конц.көрсетпесе, онда А және Б тізіміндегі ДЗ-дан басқа 10 % жақпа май жасау керек деп МФ көрсетілген. Бірақ, бұл стандартталмаған жақпа майларға қатысты емес.

2. Егер де шипашақта негіз көрсетілмесе, жақпа майды құрамының сәйкестігіне байланысты физика-химиялық есептеулер бойынша таңдайды.

 

№15 Стандарт

Суспензиялы жақпа майды дайындау

Жалпы сипаттама: Суспензиялы жақпа май-құрамында қатты суда ерімейтін, жұмсақ дәрілік пішін.

Стандарттың мақсаты мен міндеті: Жақпа май жасап үйрену және оның сапасын бағалау.

Ресурстары: Дәріханалық әр түрлі мөлшерді келілер, қол және тарирлі таразылар, фарфорлы ыдыстар, сулы монша, жіберуге арналған жақпа май, жабатын және көмекші материал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Қажетті есептеулер жүргізіңіз, паспорт құрыңыз;

3. Қажетті ыдысты алыңыз, көмекші материал;

4. Фарфорлы ыдыста негізді балқытыңыз;

5. Келіге ДЗ-ы өлшеп салыңыз, негізге сәйкес келетін сұйықтықпен араластырыңыз;

6. Ерігеннің қалған бөлігін салып, біртекті масса болғанға дейін араластырыңыз;

7. Дайын болған жақпа майды жинап, жіберілетін флаконға салыңыз;

8. Жақпа майды жіберілетін флаконға орналастырыңыз;

9. Жабыңыз, жіберуге безендіріңіз.

Ескеру:

1. Егер дәрігер ДЗ-ң конц.көрсетпесе, онда А және Б тізіміндегі ДЗ-дан басқа 10 % жақпа май жасау керек деп МФ көрсетілген. Бірақ, бұл стандартталмаған жақпа майларға қатысты емес.

2. Егер де шипашақта негіз көрсетілмесе, жақпа майды құрамының сәйкестігіне байланысты физика-химиялық есептеулер бойынша таңдайды.

3. Егер жақпа майдың негізінде ерімейтін зат саны 5% -ға дейін болса, онда негізге сәйкес келетін сұйықтықта ерітеді. Егер жақпа майдың негізінде ерімейтін зат саны 5%-дан көп болса, онда затты балқытылған негіздің бөлігімен араластырады.

 

№16 Стандарт

Суппозиторилерді домалату әдісі арқылы дайындау

Жалпы сипаттама: Суппозиторий-бөлме температурасында қатты және дене темп.да еритін, денеге енгізуге арналған дәрілік пішін.

Стандарттың мақсаты мен міндеті: Суппозиторилерді домалату әдісі арқылы дайындауды үйрету және олардың сапасын бағалау.

Ресурстары: Дәріханалық үлкен көлемді келі, фарфорлы ыдыс, сулы моншалар, қол және тарирлі таразылар, пилюлялы машина, көмекші материал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Компоненттің дозалануының дұрыстығын, сәйкестігін тексеріңіз;

3. Қажетті есептеулер жүргізіңіз, паспорт құрыңыз;

4. Қажетті ыдысты алыңыз, көмекші материал;

5. Көмекші материалдарды, негізді дайындаңыз;

6. Суда да, майда да ерімейтін ДЗ-ды, жақсы ылғалданатын сұйықтықпен ерітіңіз;

7. Суда еритін ДЗ-ды оның аз мөлшерінде ерітіңіз;

8. Негізді балқытыңыз, суытыңыз, кейін ұсақтап, дайындаңыз;

9. Келіде ДЗ-ды, негізді бөліктеп қосу арқылы біртекті масса шыққанша араластырыңыз;

10. Бір текті массаны қырғыштың (скребка) көмегімен парафинделген капсулаға, қолмен ұстамай жинаңыз;

11. Дайын массаны таразыда өлшеп, паспортқа белгілеңіз;

12. Дайын массадан пилюльді машинаның қалыңдығына сай мөлшерде жасаңыз;

13. Бірдей бөліктерге бөліңіз;

14. Әр бөліктен таза қағазға шар немесе ембалауызды домалақтаңыз;

15. Ораңыз, дәрілік пішінді безендіріп, жіберуге дайындаңыз.

Ескеру:

1. Егер масса нәзік немесе үгітілетін болып шықса, оған пластикалық беру үшін, орташа есепте 1-1,5 г ланолинді 30 г массаға қосады;

2. Колларголды, протарголды, танинді барлық жағдайда суда ерітеді;

3. Құрғақ және қою экстрактіні спиртті-сулы глицеринді қоспада ерітеді;

4. Ұшқыш заттары жоқ, сұйық ингредиенттер, концен-трлі болуы мүмкін.


16.

№17 Стандарт

Суппозиторилерді құю әдісі арқылы дайындау

Жалпы сипаттама: Суппозиторий-бөлме температурасында қатты және дене темп.да еритін, денеге енгізуге арналған дәрілік пішін.

Стандарттың мақсаты мен міндеті: Суппозиторилерді құю әдісі арқылы дайындау және оның сапасын бағалау.

Ресурстары: Дәріханалық үлкен көлемді келі, фарфорлы ыдыс, сулы моншалар, қол және тарирлі таразылар, пилюлялы машина, көмекші материал. Ембалауызды құю үшін формаларды, балқу және суппозиторилердің толық деформациялануының уақытын анықтайтын құралдар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Компоненттің дозалануының дұрыстығын, сәйкестігін тексеріңіз;

3. Қажетті есептеулер жүргізіңіз, паспорт құрыңыз;

4. Қажетті ыдысты алыңыз, көмекші материал;

5. Көмекші материалдарды, негізді дайындаңыз;

6. Суда да, майда да ерімейтін ДЗ-ды, жақсы ылғалданатын сұйықтықпен ерітіңіз;

7. Суда еритін ДЗ-ды оның аз мөлшерінде ерітіңіз;

8. Негіздердің компонентін фарфорлы ыдыста балқытып дайындаңыз;

9. Негізге ДЗ-ты қосыңыз;

10. Формаларды сабынды спиртке батырылған тампонмен сүртіңіз, суппозиторилер жабысып қалмауы үшін;

11. Дайын массаны формаға құйыңыз;

12. Форманы толық суығанынша тоңазтқышқа қойыңыз;

13. Суппозиторилерді ажыратып алыңыз;

14. Әр бөліктен таза қағазға шар немесе ембалауызды домалақтаңыз;

15. Жабыңыз, жіберуге безендіріңіз.

Ескеру:

1. Негіздерді ұзақ және қатты қыздыру қажет емес;

2. Формаға массаны құймас бұрын, қату температурасына жақын температураға дейін салқындатады.

3. Құрғақ және қою экстрактіні спиртті-сулы глицеринді қоспада ерітеді;

4. Ұшқыш заттары жоқ, сұйық ингредиенттер, концен-трлі болуы мүмкін.

№18 Стандарт

Паста дайындау

Жалпы сипаттама: Паста құрамында 20-25%- дан ұнтақ тәрізді заты бар суспензиялы жақпа май.

Стандарттың мақсаты мен міндеті: Жақпа май жасап үйрену және оның сапасын бағалау.

Ресурстары: Дәріханалық әр түрлі мөлшерді келілер, қол және тарирлі таразылар, фарфорлы ыдыстар, сулы монша, жіберуге арналған жақпа май, жабатын және көмекші материал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Жұмыс орнын дайындаңыз;

3. Қажетті ыдысты алыңыз, көмекші материал;

4. Қоспаның негізін фарфорлы ыдыста суды моншада балқытыңыз;

5. Келіге ДЗ өлшеп салып, балқыған негіздің жартысымен араластырыңыз;

6. Ерігеннің қалған бөлігін салып, біртекті масса болғанға дейін араластырыңыз;

7. Дайын болған жақпа майды жинап, жіберілетін флаконға салыңыз;

8. Жақпа майды жіберілетін флаконға орналастырыңыз;

9. Жабыңыз, жіберуге безендіріңіз.

Ескеру:

1. Дерягин ережесіне сәйкес, қатты заттарды ұсақтау, 1г –ға 0,4-0,6 мл сұйық фаза болғанда жақсы жүреді.

 

№19 Стандарт

Пилюляны домалату әдісі арқылы дайындау

Жалпы сипаттама:Пилюлялар-қатты мөлшерленген шар тәріздес (0,1-0,5 масса) ішке қолдануға арналған, біртекті пластикалық құр-да ДЗ-ы бар және көмекші материалды массадан жасалған дәрілік пішін.

Стандарттың мақстаты мен міндеті: Пилюля жасап үйрету және оның сапасын бағалау.

Ресурстары: ДЗ, қол таразылары, тарирлі таразы, келі, фарфорлы ыдыстар, жіберілетін флакондар, пилюльді машина.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Қажетті көмекші материал ыдысты алыңыз, пилюлді машинаны;

3. Қажетті есептеулерді, паспортты құруды жүргізіңіз, улы, қатты әсер ететін ДЗ-ң мөлшерінің дұрыстығын тексеріңіз;

4. Көмекші материал және ДЗ-ы дайыңдаңыз;

5. Фарфорлы келіге ДЗ-ы өлшеңіз;

6. ДЗ-ы араластырыңыз, сұйық көмекші материалды қосыңыз;

7. Біртекті масса болғанша қоспаны араластырыңыз;

8. Пилюльді машинаның көмегімен алынған пилюляны мөлшерленген;

9. Пилюльді машинаның ролигімен пилюляні формалаңыз;

10. Үшбырыштың көмегімен пилюляны салыңыз;

11. Дайындаолған пилюлардың сапасын бақылау жүргізіңіз;

12. Алынған пилюляны жіберілетін флаконға салыңыз, сосын үстінен ликоподилді шашып отырып флаконды сілкілеп тұрыңыз;

13. Пилюляны жіберуге безендіріңіз.

Ескеру:Суда ерімейтін, аз мөлшерде жазылған улы зат-ды тритурация түрінде қолданылады.

 

№20 Стандарт

Инъекция үшін сулы ерітінділер дайындау

Жалпы сипаттама: Инъекция үщін сулы ерітінділер бұл парентарельді қолдануға арналған ДЗ.

Стандарттың мақсаты мен міндеті: Инъекция үшін сулы ерітінділер жасап үйрену және оның сапасын бағалау.

Ресурстары: ДЗ, қол таразылар, тарирлі таразылар, өлшеуіш колбалар, резеңкелі бұрағыштар, цилиндрлер, сүзгілер, медициналық гигроскопиялық мақтадан жасалған, тампондар, мединициналық гигроскопиялық дәкеден жасалған майлық (салфетка), сыйымдылығы 50,100,250 және 500 мл шынылы жіберілетін флакондар, пергаментті төсемелері, стабилазаторлар.

Құралдар, аспаптар, кіші механизация құралдары: АФРП тікелей типті еріт-ді фильстрлеу үш.құрал; инъекциялы ерітінділердің механикалық заттардың болуын УК-2 бақылау; булы және ауалы стерилизаторлар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Қажетті ыдысты, көмекші материалды алыңыз,

3. Қажетті есептеулер жүргізіңіз, паспорт құрыңыз;

4. А және Б тізімінің бір реттік және тәуліктік дозасын тексеріңіз;

5. ДЗ-ы ерітіңіз;

6. Қажет болған жағдайда стабилизаторлар қосыңыз;

7. Жіберілетін флаконға ерітіндіні сүзгілеңіз;

8. Қажетті қыздыру температуралық режимін және уақытты есептей отырып, ерітіндіні стерилиздеңіз;

9. Флаконды жіберуге безендіріңіз;

10. Дайындалған дәрілік форманың сапасына бақылау жасаңыз;

Ескеру:

1. Бір жұм.орнында құрамында әртүрлі ДЗ немесе бір аттас зат, бірақ әртүрлі концентрациядағы бірнеше ерітінді дайындауға болмайды;

2. Ерітіндінің тезірек еріту үш.қыздырады немесе араластырады.

 

 

№21 Стандарт

Көз тамшыларын дайындау

Жалпы сипаттама: Көз тамшылары-көзге қолдануға арналған сұйық дәрілік пішін. Көз тамшылары, медициналық қолдануға рұқсат етілген стерильді ерітінділер немесе олардың жіңішке суспензиясын көрсететін ДЗ ерітінділері.

Стандарттың мақсаты мен міндеті: Көз тамшыларын дайындауды үйрету және оның сапасын бағалау.

Ресурстары: ДЗ, қол таразылары, №3 шынылы сүзгі, резіңкелі қақпалар, УК-2 құрылғысы, пергаментті қағаз, қысатын құрал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс орнын дайындаңыз;

2. Қажетті есептеулер жүргізіңіз, паспорт құрыңыз;

3. ДЗ-ң және изотоникалық заттың есебін жасаңыз;

4. ДЗ-ы изотоникалық затты стерильді стаканға өлшеңіз;

5. Инъекция үшін өлшеуіш ыдыста 5 мл өлшеңіз;

6. Алдын ала жуылған стерильді фильтрде, бейтарап шыныға сүзгілеңіз;

7. Флаконға инъекция үшін қалған суды сүзгілеңіз;

8. Резіңкелі қақпақпен стерильді жабыңыз;

9. Механикалық заттардың жоқтығын тексеріңіз;

10. Қысатын құралдың көмегімен металды қақпақпен жабыңыз;

11. Пергаментті қағазбен еріт.конц.мен аты жазылатын «орын» қалдырып, байлаңыз;

12. Стерилдеңіз;

13. ЛЗ механик-қ зат-ң жоқтығын тексеріңіз;

14. Жіберуге флаконды безендіріңіз.

Ескеру:

1. Көздің дәрі-к пішіндерін дайындауда стерильділігін асептикалық жағдайда қамтамасыз етіледі;

2. Изотоникалық гипотоникалық ерітінді жасау үшін, көз тамшыларының құрамына натрий хлоридін, натрий нитратын немесе натрий сульфатын қосыңыз.

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.