Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

ВЛАДИМИР КАРПОВИЧ БОЖКО

1949 жылы туылған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Генерал-лейтенант әскери атағы бар. Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша Алматы электротехника зауытында жұмыс істеді. 1976 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етіп, онда жедел уәкілден ҰҚК төрағасының бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.
2007 жылғы караша айынан бастап – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

ЕРБОЛАТ АСҚАРБЕКҰЛЫ ДОСАЕВ

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туылды.
Алматы энергетикалық институты, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
1997 ж. - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары «АТФ Банк» Басқарма Төрағасы;
1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;
1998 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Вице-министрі;
2000 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі;
2001 ж. – Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы;
2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және кіші бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;
2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі;
2006 - 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
2012 жылғы 25 қыркүйекте - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 390) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындалды.

2013 жылғы 16 қаңтарда - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 468 ) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындалды.

 

 

Әдiлет министрi

БЕРІК МӘЖИТҰЛЫ ИМАШЕВ

1960 жылдың 7 маусымында туған, қазақ, білімі жоғары. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтанушы,заң ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 23 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ТМД ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен, алты медальмен марапатталған. 2012 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi.

Мұнай және газ министрі

САУАТ МҰХАМЕТБАЙҰЛЫ МЫҢБАЕВ

1962 жылы туған, М.Ю.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Университетті тәмамдаған соң ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысқан, «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасының президенті, «Қазкоммерцбанк» акционерлік банкі басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қаржы министрінің бірінші орынбасары, бірінші Қаржы вице-министрі, Қаржы министрі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған, «Қазақстан Даму банкі» ЖАҚ президенті, «Каспий өндірістік-қаржылық топ» ЖШС бас директоры болған.
2003 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, кейіннен Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және сауда министрі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару қазақстандық холдингі» АҚ атқарушы директорының (Басқарма төрағасының) міндетін атқарушы, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.
2007 жылғы тамыздан бері Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі.
2010 жылдың наурыз айынан бастап Мұнай және газ министрі.

Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі

ЖАНАР СЕЙДАХМЕТҚЫЗЫ АЙТЖАНОВА


1965 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Біріккен Вена институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) тәмамдаған. Ағылшын және чех тілдерін меңгерген.
Университетті бітіргеннен кейін ҚазМУ-де және МГУ-де, сондай-ақ Карлово мен Орталық Еуропа университеттерінде (Чех Республикасының Прага қ.) тағылымдамадан өтті.
БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінде бағдарламалар үйлестірушісі, Моңғолиядағы БҰҰ-ның үйлестірушісі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Өкілінің көмекшісі болып жұмыс істеді. БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД өңірлік бюросының Орталық Азия елдері бөлімінің бағдарламалар жетекшісі болды.
2003 жылғы қыркүйекте Ж.С.Айтжанова Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды, сонымен қатар, 2005 жылғы мамырда оған Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілінің міндеттері жүктелді.
2010 жылдың наурызынан 2011 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі лауазымында болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 16 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды.

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.