Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Винилин (Шостаков бальзамы)



Таза түрін немесе линиментті түрін пайдаланады. Қабыну ауруларында ауыз қуысының шырышты қабатының күйігінде 20-50% майлы ерітінді ретінде қолданады.Дәрілік зат –жарақат беткейін тазалауға қайта қалпына келу (регинерацияға ) процесін күшейтуге және эпителизациялауды күшейтеді.

Антибиотиктердің әсерін күшейту үшін, комбирленген түрін қолданады.

Декамин

Декамин микробқа қарсы және фунгиципті әсер көрсетеді. Түбір өзекшесін өңдеу үшін 0,1% сулы ерітінде қолданады.

Димексид (диметилсульфоксид, ДМСО, дромисол)

Димексид- жергілікті қабыну процестерінде сыртқа қолданылады, биологиялық мембранадан өту қабілеті жоғары.Ауырсынуға, қабынуға қарсы және әлсіз антисептикалық әсері бар.Стоматологияда 10% димексид ерітіндісі комбирленген паста ретінде терең кариестерді емдегенде (емдік таңғыш) пайдаланады. Және де кариесті қуысты өңдегенде жансыздандыру ретінде қолданады.

Иодинол

Иодинол –ұзақ әсерлі антисептика әсері бар иод препараты иодқа поливанильді спирт қосылғанда иодтың шығарылуын бәсеңдетіп, ағза үшін әсер етуін ұзатады. Және де иодтан тіндерді қоздыруын бәсеңдетеді.100мл плакон түрінде шығарылады.

Лизоцим

Лизоцим –ақуызды табиғи фермент, ағзадағы әртүрлі тіндермен сұйықтықтарда кездеседі. Дәрілік зат ретінде жасанды лизоцим ретінде қолданады.Лизоцим грамм оң бактерияларынан өсуін тежеп бактеролитикалық әсер көрсетеді.Жергілікті 0,25% ерітінді ретінде стоматит қолданады. Лизоцимді 0,25% ерітінді аэрозоль түрінде де пайдаланады.

Календула тұнбасы

Календула тұнбасы гүлдің спирттік тұнбасы (1:10)ретінде ұсынылады. Стоматит және гингивитте ауыз уысын шаюға қолданады. Стоматит суға 1 шай қасықтан араластырады.

Этил спирті

Этил спирті 70 % концентрацияда бактерицидтік әсер көрсетеді. Ал жоғары концентрацияда бұл әсер әлсіз болады. Этил спирті 70%түбір өзегін дезинфекциялауда пайдаланады.

Фурацилин (нитрофурал, фурацин, хемофуран) және фуразолидон (диафуран,фураксон).Фурацилин және фуразолидон-нитрофуранды антисептиктер, жиі грамм оң теріс микробтарға қарсы әсерлі болып табылады. Стоматологияда 0,5% сулы ерітінді ретінде түбір өзегін өңдеуге және 0,02%сулы ертінді ретінде ауыз қуысын шаюға қолданады.

Хлорамин Б.

Хлорамин Б құрамында 25-29% белсенді хлордан тұрады. Тіс түбірін антисептикалық өңдеуде 2-4% сулы ертінді ретінде пайдаланады және дезинфекциялау әсер көрсетеді.

Хлоргексидин (гибитан,абицил)

Хлоргексиденнің антипсептикалық,бактерицидті, фунгицидті әсері бар. Стоматологияда , 0,5 % сулы ертінде ретінде перидонтитте түбір өзегін өңдеуде қолданылады. 0,06% ертіндісінен тіс қалдықтарында ауызды шаюға қолданады. Шығарылу түрінің бәрі 20% сулы ертінді флаконда, 500мл.

Хлорофиллипт

Хлорофиллипт хлорофиль қосындысы эвкалипт жапырағында болады. Дәрілік зат антибактериалды белсенділікке ие, жиі стафилакоктарға. 1% спиртті ертінді ретінде ауыз қуысының шырышты қабатының трофикалық жараларында және шырышты қабаттың эрозивті жаралы зақымдануларында қолданады.

Цитраль

Цитраль - химиялық құрылымы А витаминнің бүйірлі сақинасына ұқсас келеді. Антисептикалық әсері мен бірге ауырсынуды басу және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Этиологияны әртүрлі стоматиттерде сулы-спирті ерітінді (1:10000) ретінде қолданады.

Антибиотиктер және сульфаниламидті дәрілік заттар.

Стоматологияда антибиотиктерді ауыз қуысындағы миокрофлораға тікелей әсер ететіндері – тетрациклин тобының препараттары (дитиомин мазы) полипептидтер (полимиксин Н-сульфат), аминогликозид (неомицин) макролидтерден (эритромицин) және басқалар сульфаниламидті препараттардан тағайындайтын суда еритін қосындылармен стрептоцид ерітілген, норсульфазол – натрий, сульфанилаза натрий және басқалар.

Жергілікті қолданылатын антибиотиктер жағынды түрінде –ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдалған аймағына кейде микрофлораға аэрозоль түрінде қолданады және де созылмалы катаральды гигивид, пародонтитерді емдеуге қолданады.

Ингалипт

Ингалипт – аэрозольды түрде комбинерленген препарат 100 мл ерітілген стрептоцид және норсульфазоль – натрий 2,5 г, тимол эвкалипт және (мятный) жалбыз майы 0,05г, спирт 6г, глицерин 7г, твин 807 г. Афтозда және жаралы стоматотитті ыдырату үшін тағайындайды.

Линкомицин (ликодин, цилимидин)

Линкомицин грам оң және бір қатар анаэробты бактерияларда антибактериалды әсер көрсетеді, және де газда гангрена,сіріспе қоздырғышында қолданады, әсіресе басқа антибиотиктерге сезімтал стофилококқа қарсы белсенді әсері бар.Ағзаға түскеннен кейін тез сіңіріліп әр түрлі ағзаларға тарайды. Тіпті сүйек кемігінеде.Ликомицин сүйек кемігінде жиналып ішкі және созылмалы остеомиалиттік және т.б. сүйек инфекцияларында қолданады. Дәрілік затты ішке тағамнан1-2 сағат алдын не тағамнан 2-3 сағат кейін қолданады, себебі тағам мен бірге сіңірілуі төмендейді. Бір реттік дозасы ішке ересектер үшін 0,5 г тәуліктік 1-1,5г. Ем ұзақтығы ауырлығына түріне байланысты 7-14 күнді құрайды.

Неомицинді мазь.

Неомицинді мазь құрамында 1г мазды негіз 20 000 бірлік неомицин сульфаттан тұрады. Неомицин көбінесе грам оң және көпшілік грам микроорганизмдерге әсері жоғары неомицинді жергілікті қолданғанда (10-15%) жағдайда аллергиялық реакция дамиды.

Эритромицинді мазь

Эритромицинді мазь құрамы 1г негізінде 10 000 бірліктен тұрады грам оң және грам теріс таяқшаларға (бруселль линкатция және бірқатар қарапайымдылар ) әсері белсенді. Жергілікті қолданғанда аллергиялық реакция сирек 0,5% жағдайда дамиды.

Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар.

Ауыз қуысының шырышты қабатының саңырауқұлақты зақымдануларда натрии титраборат және бірқатар саңырауқұлақтарға қарсы полиенді құрылымды антибиотиктер (нистатит, леворин, амфоглокамин, нисогептин) қолданады.Полиенді антибиотиктердің әсер ету механизмі, цитоплазмалық мембранада сіңіріліп өткізгіштігін бұзады. Нәтижесінде жасуша құрылымын жоғалтып патогенді саңырауқұлақтардың өмір сүруін төмендетеді.

Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктерді жіті және созылмалы кандидозды зақымдануларда (ауыз қуысының шырышты қабатынан ) ішке және жергілікті пайдаланады.

Вирустарға қарсы дәрілік заттар

Этилологиясы вирусты стоматиттерді емдегенде вирусқа қарсы дәрілік заттардан (оксолин, теоброфен, флореналь) бірқатар антибиотиктер (гемомицин) және ферментті препараттар (дизоксирибунуклеаза) интерферон- биогенді вирусқа қарсы заттар вируспен әр түрлі жасушамен контакта болғанда өндіріледі.

Вирусқа қарсы дәрілік заттардың әсер ету механизмі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жасуша мен вирусының әсерлесуінен түрлі сатыларына тиісті. Вирусқа қарсы дәрілік заттарды вирусты стоматиттердің продромальды және сатаральды кезеңдерінде әсері күшті. Бұл топтың препараттары мазь немесе ерітінді түрінде қолданады.

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина, 2001.
  2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.

5. Бақылау сұрақтары:

  1. Тіс тіндері мен шырышты қабатына әсерін беретін заттар тағайындау көрсеткіші бойынша жіктелуі.
  2. Қандай антисептикалық заттарды стоматологиядағы тәжірибеде жиі қолданады.
  3. Мышьяковты пастаны міндетті түрде қолдануы.

 

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.