Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Психостимуляторлар – адаптогендер



Психостимуляторлар – адаптогендер – бұл жұмсақ психостимулдаушы жәнебейімдеу әсерлері бар табиғи дәрілер. Олар ой және дене қызметтеріне қабілеттілікті жақсартады, қуат өндірілуін жоғарылатады, олар аз дозада ұзақ қабылдаған жағдайларда тиімді. Медициналық тәжірибеде тегі өсімдік болатын психостимуляторлар – адаптогендер – Женьшень, лимонник, Аралии тұрындылары, сұйық спиртті – сулы Элеутерококк, левзен экстрактары қызғыш радиолалар (алтын түбір). Әсер етуші заттары гликозидтер болып табылады: женьшень гинсенозидтері, аралии аралозидтері, элеутерококк элеутерозидтері, родиола салидрозиды. Левзелдің биологиялық әсерлері фитоэкдизондардың әсеріне негізделген. Қазіргі таңда жеке заттары бар препараттар шығарылады – Гинсан (женшиннің 8 гинсенозидтері), Сапарал (аммоний тұздары тритерпенды гликозидтер – аралозидтердің қосындысы), Экдистен (левзеидің фитоэкдизондары). Қазіргі таңда жануар текті психостимуляторлар белгілі – Пантокрин бұғының, сүйектенбеген мүйізінің сұйық спиртті – сулы экстракты, және Рантарин (солтүстік бұғысының мүйізінің экстракты.

Әсерлері, әсер ету механизмдері және қолданылуы.

1) Дене еңбегінің көлемі мен шекарасын ұлғайтады, шаршауды болдырмайды, ауыр жұмыстан кейін күштің қалпына келуін жылдамдатады, спортсмендерде ұзақ күш түскенде бұлшықеттердің шыдамдылығы мен қимылдың бағыттылығын жақсартады.

2) Ой қызметінің көрсеткіштерін жақсартады, қысқа және ұзақ уақытты жадты, зейінді және қозу және тежелу процестерінің күші мен жылдамдығын жақсартады (әсіресе шаршаған кезде және тежелу процестері әлсіз науқастарда).

3) Орта мидың ретикулярлы формациясының және ми қыртысының белсенділігін арттырады, таламокортикалды жүйенің бір мезгілдегі қозуын тежейді.

4) Энергияның жаңадан түзілуін күшейтеді, себебі гликолиз және липидтердің тотығуын күшейтеді, аэробты тотығу процестерінің ерте іске қосылуына мүмкіндік береді, митохондрияның ультра құрылысын тұрақтандырады, тотығу және фосфорлану процесстерінің қарқынды жүруін күшейтеді: нәтижесінде ми, жүрек, бауыр, қаңқа бұлшық еттері макроэргиялық фосфаттармен байытылады.

5) Бауырда және қаңқа бұлшық еттерінде гликогеннің өнімін күшейтеді.

6) ДНК, РНК, ақуыз, мембраналы фосфолипидтер түзілуін стимулдайды (жігерлендіреді), қайта қалпына келу процесстерін жақсартады.

7) Жалпы бейімделу синдромының қорқыныш және жүдеу кезеңінің дамуына кедергі келтіреді, бүйрек үсті қыртысының секреторлы қызметі мен қалқанша бездің секреторлы қызметін жақсартады.

Психостимулятордың бейімдеу әсерлері қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігін арттыруға бағытталған. Бұл препараттар бастапқы патологиялық күйге тәуелсіз ағзаның функциясын қалпына келтіреді, мысалы гипер және гипогликемияны, лейкоцитоз және лейкопенияны, эритроцитоз және анемияны жояды, этил спиртімен, хлороформ, бензол, метгемоглобин түзушілермен улану белгілерін төмендетеді. Препараттардың бейімдеу әсерлерінің іске асуына ретикулярлы формация, гипоталамус, лимб және нигростриарлы жүйе, сонымен бірге глюкокортикондтар адреналин, жыныс гормондары қатысады. Психостимуляторлар – адаптогендерді күннің бірінші жартысында апатияда, астенияда, депрессия, созылмалы артериалды гипотензияда қабылдайды. Психостимуляторлар – адаптогендер дені сау адамдарға ауыр ой және дене еңбектерінде, егер толық демалу мүмкін болмаған жағдайларда тағайындалады. Табиғи психостимуляторлардың қауіпсіздігі оларды алкогольсіз сергітуші сусындар «Алтай», «Саян» құрамында қолдануға мүмкіндік береді. Психостимуляторлар – адаптогендерді қабылдауға қарсы көрсетпелер: Артериалды гипертензия, қозу, ұйқысыздық, қан кету, лихорадка.

Ноотропты дәрілер. Актопротекторлар.

Ноотропты дәрілер (психометаболикалық стимуляторлау), таңдамалы мнематропты әсер (грекше mneme – жад, tropos – бағыт), мидың жоғары интегративті қызметтерін жақсартады – интеллект, зейін, қысқа және ұзақ уақытты жад, үйрену – ұғу процесстерін жылдамдатады, есептерді шешуде қателіктер санын қысқартады. Ноотропты дәрілер стрессті жағдайларды қабылдауды төмендетеді, өмірге деген қызығушылықты, мақсаттарды, өзінің күшіне деген сенімділік сезімін қалпына келтіреді, қауіпті, қолайсыз әсерлерге мидың төзімділігін арттырады. Ноотропты дәрілердің әсерлері үлкен ми жартышарының қыртыстарына бағытталған. Олар жартышар аралық нерв импульстарының берілуін жеңілдетеді, ми қыртысының миқыртыс асты құрылымдарына бақылаушы әсерлерін күшейтеді, нейрондардың және нейроглилердің қызметін жақсартады.

ИСВ (Белгия) фирмасының қызметкерлері К.Д. нурджеа және В. Скондиа 1980 жылы пироцетам препаратын ойлап тапты. Олар «ноотропты дәрілер» терминін ұсынды. Бұл топтағы белгілі препараттар төмендегілер;

· Пирацетам (ноотропил) – пирролидон туындысы, ГАМК –тың циклдық туындысы.

· Аминалон (Гаммалон) – таза түрдегі ГАМК:

· Фенибут – ГАМК –тың фенилды туындысы;

· Пикамилон – ГАМК молекуласы мен никотин қышқылының тіркесуі:

· Пиридитол (Пиритинол, энербол, энцефабол) – пиридоксинның химиялық аналогы (дисульфидты көпіршелермен жалғанған пиридоксинның 2 молекуласы), бірақ В6 витаминының әсерінсіз оның антоганисты болуы мүмкін.

Әсер ету механизмдері. Мидың биоэнергетикасын жақсарту.

Ноотропты дәрілер АТФ және цАМФ – тің түзілуін, глюкозаның жұмсалуын күшейтеді, гликолиз және аэробты тынысты күшейтеді, аденилатциклазаның белсенділігінің өсуін қамтамассыз етеді. Бізге белгісі нерв – психикалық аурулар мен қартаюға энергияның тапшылығы мен нейрондардағы аденилатциклазаның белсенділігінің төмендеуіне тән.

Нейромедиаторлардың түзілуі мен бөлінуінің жоғарылауы.

Ноотропты дәрілер дофаминның, норадреналинның, ацетилхолинның түзілуі мен бөлінуін белсендіреді, МАО – ны тежейді, β – адренорецепторлар, холинорецепторлардың түзілуін жоғарылатады және холинның нейронды ұсталуын көбейтеді. Нейромедиаторлардың бөліну механизмде калий каналдарының блокадасының үлкен мәні бар, бұл мембраналардың деполяризациясын жеңілдетеді.

Ақуыз және жарғақшалы фосфолипидтердің түзілісін жоғарылату.

Ноотропты дәрілер нейрондардың қалпына келуін жақсартады, олардың геномдарының белсенділігін күшейтеді және информационды нейропептидтердің түзілуін жоғарылатады, фосфатидилхолин және фосфатидилэтаноламинның алмасуын күшейтеді.

Ми қан айналымы және гемореологиялық көрсеткіштердің жақсаруы.

Ноотропты дәрілер ми тамырларын кеңітеді, ми ишемиясы аймақтарында қан ағысын жақсартады, мидың ісінуін болдырмайды, тромбоциттердің агрегациясын, тромбтардың түзілуін болдырмайды, эритроциттердің иілгіштігін және микроциркуляцияны жақсартады. Пикамилонның құрамындағы никотин қышқылы тіке тамырларды кеңіту және атеросклерозға қарсы әсер береді.

Антиоксидантты әсері.

Ноотропты дәрілер бос-радикалды асқын тотықтың тотығуын тежеп, нейрондардың мембраналарының фосфолипидтерін құрылысының бұзылуынан қорғайды. Липопероксидеуші мидың органикалық ауруларында, қорғайды және стрессте күшейеді.

Жадтың нейропептидтерінің мнемотропты әсерлерін күшейту.

Пирацетам, пирролидонды сақина жадтың нейропептидтеріне сигнал қабылдайтын рецепторлардың агонистері болып табылады. (АКТГ фрагменті, вазопрессин, рзаты). Химиялық құрылысы бойынша жад нейропептидтерінің соңғы аминоқышқылдарының циклдық түрі – пироглутаматқа ұқсас және сыртқы лиганд тәрізді рецепторларға әсер етеді. Пирацитамның мнемотропты әсері үшін глутамин қышқылының АМРА – рецепторларының белсенуінің зор маңызы бар.

Препараттардың қолданылуы және әсер ету ерекшеліктері.

Ноотропты дәрілерді тағайындауға көрсетпелер төмендегілер:

· Олигофрения, бала церебралды салдануы, жоғары қауіп тобындағы жаңа туылған сәбилерде ми бұзылыстарының алдын-алу.

· Ми тамырларының атеросклерозы, дисциркуляторлы және гипертоникалық энцефалопатия, ми инсульты және оның салдарлары;

· Алкоголизмдегі, қояншықтағы, нейроинфекциялардағы жадтың бұзылыстары;

· Жарақаттан соңғы мидың өткір және созылмалы зақымдалулары:

· Егде адамдардағы астения және депрессия, кәрілік деменциясы;

· Невроздық күйлер, шаршаудың бірге жүретін ауыр стресс, психикалық және қоғамдық бейімділіктің бұзылуы;

· Тамыр, улы және травма этиологиясы бар коме күйлері:

Сонымен ноотропты дәрілер патологиялық процесстер немесе стресс нәтижесінде физикалық, химиялық, биологиялық немесе қоғамдық факторлар нәтижесінде ақыл естің бұзылыстарында қолданылады. Ноотропты дәрілер ұзақ курсты қабылдағаннан соң ғана емдік әсер береді. Терапияның тиімділігі науқастың жасына байланысты: неғұрлым ол жас болса, емдеу де соғұрлым жақсы әсерін береді.

Аналептиктер (сергітуші дәрілер).

Аналептиктер (грекше ana – жоғарыға қозғалу ұғымын білдіреді, lepticos – қабылдау қабілеті) – сопақша мидың тыныс алу және тамыр қозғалтушы орталықтарын сергітеді. Сергіту – бұл аналептиктердің әсеріне қарағанда кең ұғым. Сергіту – бұл кез-келген дәрілік заттың тежелген қызметтерді қалпына келтіру қабілеттілігін білдіреді. Аналептиктердің қазіргі таңдағы статусы төмен, себебі олар мидың оттегіге деген сұранысын көбейтеді, нейрондардың гипоксиясын күшейтеді, аналептиктерді ұзақ уақыт қабылдағанда нейрондардың функционалды қорларын азайтады, үлкен дозаларда құрысуларға алып келуі мүмкін. Шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде аналептиктерді абайлап енгізу керек, мысалы, сәбилердің асфиксиясы, тұншыққан жағдайларда, орталық генездегі гипотензивті күйлерде, наркоздан соңғы кезеңде. Аналептиктер ми қан айналымының динамикалық бұзылыстарында (талып қалу), жүрек қызметінің бұзылыстарында қолданылады. Аналептиктердің әсер ету механизмдері жеткілікті зерттелмеген. Бұл топтың препараттары:

· Нейрондардың деполяризациясын жеңілдетеді, натрий және кальций каналдарының өткізгіштігін жоғарылатады;

· Рефлекстердің жасырын кезеңдерін қысқартады;

· Орталық нерв жүйесінің тежеуші медиаторларымен антагонизмдік белгілерін көрсетеді (бемегрид, коразол және пикротоксин ГАМК-тың әсерін әлсіретеді, кофеин – аденозинның стрихнин және секуринин – глицинның әсерлерін төмендетеді):

· Нерв орталықтарының құбылмалылығын және әсерінен соңғы сейілу жиілігін жоғарылатады;

Аналептиктер тынысты жиілендіреді және тереңдендіреді, осылайша тежелген тыныс орталығын қалпына келтіреді. Олар нейрондардың көмірқышқыл газына, сутек иондарына және коротидты түйіндердің рефлекторлы стимулдануы тамырлардың хоморецепторлары мен терінің ауырсыну ұштарының сезімталдығын күшейтеді. Аналептиктер олардың тыныс орталығына сергітуші әсерінің механизмі бойынша бөлінеді:

1. Аналептиктер – тыныс орталығының нейрондарының тіке стимляторлары:

· Бемегрид;

· Кофеин;

· Этимизол;

· Секуринин;

· Стрихнин.

2. Рефлекторлы әсерлері бар аналептиктер – Н-холиномиметиктер:.

· Лобелин;

· Цитизин.

3. Тіке және рефлекторлы әсерлі аналептиктер:

· Камфора;

· Кордиамин (Никетамид).

Аналептиктер тыныс орталығын қысқа уақытта (минуттар, сағаттар) сергітеді,

оларды қайталап енгізу тыныс орталығының қызметін жүдетеді және құрысуларға алып келеді. Тәжірибеде салыстырмалы түрде ұзақ әсерлі және жеткілікті терапевтік әсері бар аналептиктерді (кофеин, этимизол, камфоре, кордиамин) қолданудың маңызы зор. Аналептиктер тамыр қозғалтқыш орталықты сергітіп, резистентті артериолалар мен венулалардың тонусын күшейтеді және қанның жүрекке веналық қайта оралуын, екіншілік жүректің шығаруын күшейтеді. Кофеин және камфора жүрек қызметінің тікелей белсенділігін антинаркотикалық әсерлері бар. Бұл препараттар орталық нерв жүйесінің тежелу тереңдігін азайтады, есті сергітеді, қимылдың бағат-бағдарын жақсартады. Сергітуші әсерлері егер орталық нерв жүйесінің депрессиясы наркоз деңгейіне жетпесе және ес толық жоғалмаған болса (ұйқы шақырушы дәрілермен, транквилизаторлармен, этил спиртімен, наркотикалық анальгетиктермен ауыр емес улану).

 

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина, 2001.
  2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Психотропты құралдардың жіктелуі.

2. Әсер ету механизмі.

3. Көрсеткіштері мен кері әсерлері.

Лекция № 7

1. Тақырыбы:Қан тоқтату үшін қолданылатын заттар. Стероидты емес қабынуға қарсы заттар. Стероидты қабынуға қарсы заттар. Аллергияға қарсы заттар: жедел және баяу типті аллергияда қолданылатын заттар.

2. Мақсаты:Студенттердіэтил қабынуға және аллергияға қарсы дәрілермен таныстыру.

Лекцияның жопары:

  1. Қан тоқтату үшін қолданылатын заттар.
  2. Қабынуға қарсы дәрiлердiң жiктелуi
  1. Аллергияға қарсы дәрiлердiң жiктелуi

Лекция тезистері.

 

Антикоагулянттар фибринді тромбтардың түзілуін тежейді. Олар тікелей және тікелей емес антикоагулянттар болып жіктеледі.Тікелей әсер етуші антикоагулянттар қандағы қанды ұйытатын факторларды тежеп, in vitro және in vivo эффективті болғандықтан қанды консервироват етуге, тромбоэмболиялық аурулардың алдын- алу және емдеуге қолданылады. Тікелей емес антикоагулянттар (ауыз арқылы) витамин К- ның антогонистері болып табылады. Және осы витаминге байланысты бауырдағы қанның ұю факторын бұзады, тек in vivo жағдайда эффективті, емдеу- профилактикалық мақсатта қолданылады.

Тікелей әсер етуші антикоагулянттар (тромбиннің ингибиторлар). Тікелей әсер етуші антикоагулянттар қандағы тромбиннің ферментативтілігін (қанның ұю факторы ІІа) төмендетеді. Тромбинді тежеу механизмі бойынша антикоагулянттар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ- селективті, спецификалық ингибиторлар. Олар антитромбин ІІІ байланысты емес (олигопептидтер- гирудин, аргатробан; ішке қолданылатын дәріге- ксимелагатрон). Олар белсенді орталығын тежеп, тромбинді нейтролиздейді. Басқа тобын гепарин құрайды- ол антитромбин ІІІ- тың активаторы.

Гирудиннің рекомбинантты дәрісі- лепирудин (рефмодан) саңырауқұлақты жасушалардың культрасынан алады. Оны тамыр ішіне енгізгенде тромбопластик уақытын 1,5-3 есе ұзартады. Элиминациясы бүйрек (48%) арқылы. Оны тромболитикалық терапия кезінде қосымша түрде жүректің жедел инфарктінде, стабильді емес стенокардияда, тромбоэмболияның алдын- алуға, ортопедиялық науқастардың асқынуларында қолданылады.

Ксимилагатран (эксанта)- ішке қолдануға болатын жалғыз тромбинді тікелей тежеуіші болып табылады. Ол қанға сорылғаннан кейін метаболикалық өзгеріске түсіп, тромбиннің тікелей ингибиторы мелагатрин түзеді. Мелагатрон қан сары сусындағы белокпен аз (20%) байланысты басқа дәрілермен метаболизденбейді. 80% бүйрек арқылы шығарылады. Ксимелагатронды тромбоэмболиялық асқынуларға аяқтың терең тамырларының тромбозының алдын- алу мақсатында және ишемиялық инсультында, созылмалы құлақшаның фибрилляциясында әсері анықталған

Гепарин (лат.hepar- печень)- ол N- ацетил –Д глюкозамин мен Д- глюкуронды қышқылының қалдығынан тұратын олар мес жасушаларының секреторлы грануласында жинақталған. Бір гранулада белок ядросына 10-15 тізбек байланысып, онда 200-300 моносахаридтердің суббірліктерінен тұрады. Гранула ішіндегі моносахаридтер сульфаттануға ұшырайды. Гепарин бөлінерден бұрын эндо-қ- Д- глюкуронидаза ферментімен 5-30 кДа (орташа 12-15 кДа) молекулалы көлемге дейін ыдырайды. Ол қан ашық анықталмайды, өйткені тез жойылады. Тек қана жүйені мастоцитозда, яғни мес жасушаларының массивті дегрануляция кезінде полисахарид қанда пайда болып және оның ұюы төмендейді.

Антитромбин ІІІ болмаса гепаринге резситентілік пайда болады. Антитромбин ІІІ жетіспеушілігі туа және жүре пайда болған жетіспеушілігі кездеседі. Гепарин үлкен концентрацияда екінші ингибитор тромбинді- гепарин ІІ кофакторын белсендіреді. Гепаран сульфат антиплазмин ІІІ- ті белсендіреді, дерматан сульфат- гепарин ІІ-нің кофакторын белсендіреді. Гепариннің атеросклеротикалық қасиеті бар. Ауырсыздандырушы, қабынуға қарсы, тәж тамырын кеңейтуші, гипотензивті, зәр айдаушы, калий сақтағыш, гипогликемиялық әсері бар.

Стабильді емес стенокардия кезінде гепаринді тоқтату кезінде жедел жүректің инфарктісіне әкелуі мүмкін. Мұны болдырмас үшін аспиринді аз мөлшерде ішу керек.

Тікелей әсерлі антикоагулянттарды жеке көтере алмауда, ішкі қан кетулерде, 10 күн ішінде болған қан кетулерде, геморрагиялық инсультта, жаңа жарақаттануларда, бас пенен ми жұмысының жарақаты және операцияларында, геморрагиялық диатезде, АҚ 180/120 мм рт ст жоғары болғанда ортостатикалық гипотензияда, аортаның аневризімінде, жедел панкреатитте, инфекциялық эндокардитте, диабетті геморрагиялық ретинопатияда, ауыр тромбоцитопенияда, бауыр және бүйрек жетіспеушілігінде, сәулелі терапияда енгізуге болмайды. Жүктілік кезінде абайлап қолданылады.

Фракциондалмаған гепаринмен салыстырғанда төменгі молекулярлы гепариннің мәні жоғары. Оны фракциондалмаған гепариннен ионды алмасу және аффинді хроматография мембранды фильтрация, бөлшекті деполимеризациялаумен алады.

Кесте 1. Төмен молекулярлы дәрілердің салыстырмалы сипаттамасы.

Дәрілер Коммерциялық атауы Молекулярлы мөлшері кДа Ха фактормен тромбинге қарсы қатынасының белсенділігі Жартылай шығарылу кезеңі мин
Дальтепарин натрий Фрагмин 2:1 119-139
Надропарин кальций Фаркелпарин 4,5 3,2:1 132-162
Ревипарин натрий Кливарин 3,5:1  
Эноксапарин натрий Клексан 4,5 3,7:1 129-180
Ардепарин   6,2 2:1
Логипарин   4,85 1,9:1
Парнапарин   2,4:1  
Сандопарин   6,3    

Тікелей емес әсерлі антикоагулянттар

Тікелей емес антикоагулянттар (оральдік антикоагулянттар) қанның ұю факторына әсер

ететін майда еритін витамин К белсендіруші әсерін жояды. Кумариндердің қанның ұюына қарсы әсері кездейсоқ ашылды. ХХ ғасырда Солтүстік Америкада ірі қараның жаңа ауруы пайда болып, ол ауру күрделі қан кету белгісімен жүрген. 1924 жылы Канадалық ветеринар F.Sсhofillo, ол сиырлардағы қан кетумен өңезделген жоңышқамен қоректенуінің арасында байланыс барын айтты. 1941 жылдан бері дикумарин медицинада қолданылады.

К витамині – нафтохинон туындыларының біріктірілген атауы:

К1 витамині (гүлді капуста, итмұрын жемісінде, көк қызанақта, апельсин қабығында, қалақайда) өсімдіктер құрамында кездеседі. Олар фитоменадин атауымен шығарылады;

К2 витамині тоқ ішек микрофлораларымен синтезделеді;

К3 витамині- синтетикалық байланыс (оның биосульфитті туындысы- суда еритін викасол дәрісі болып табылады);

К витамині гидрохинон, эпоксид, хинон түрінде болады.Гидрохинонның эпоксидке

тотығуы кезінде гепатоциттердің ретикумасындағы эндоплазматикалық ферменті, глутамин қышқылының карбоксилденуші қалдықтары белсенді. Карбоксилдің кезінде қан ұю факторлары (ІІ,VІІ,ІХ,Х) белсенді активтелінеді. Витамин К- ның эпоксиді НАД,Н тәуелді эпоксидредуктазды ферменттің әсерінен хинонға, ал хинон гидрохинонға хинонредуктаза ферментінің қатысуымен айналады.

Авитоминоз кезінде қан ұютушы факторлар синтезделеді, бірақ активсіз болады (акарбоксифакторлар ІІ,VІІ,ІХ,Х). Акарбокси фактор ІІ протромбиннің антогонисті болып-PIVKA-protein induceol by vitamin K absence деген атау алған.

К витамині ұюға қарсы жүйенің факторларын –протеин С және S карбоксилдейді. Бұл протеиндердің жиынтығы ұю факторларын (V,VІІІ) активсіздендіріп, фибринолизді үдетеді. Сондықтан витамин К ұютушы және ұюға қарсы жүйенің факторларын белсендіруге өте қажет. К1 витаминінің антигипоксиялық әсері бар.Ол альбуминдер, миофибрин белоктарының синтезін үдетеді. Сол сияқты тамырдың эластикалығын, АТФ- аза белсенділігін, креатинкиназа, ішек және ұйқы безінің ферменттерін белсендіріп отырады. Тікелей емес антикоагулянттар К витаминінің стерео құрылысының аналогы болып табылады. Антикоагулянттар патенті кезеңнен кейін (8-72 сағат) әсер етеді. Тікелей емес әсерлі антикоагулянттарды доғарғанда қанның ұюы 24-72 сағат тан кейін қайта қалпына келеді.

Тікелей емес әсерлі антикоагулянттар 4- оксикумарин мен фенилиндандион туындылары болып табылады.

Кесте-2. Қанның ұюы мен протеиндердің ұюға қарсы факторларының кинетикасы.

Факторлар Атауы Жартылай шығарылуы, сағат
ІІ Протромбин 50-60
VІІ Проконвертин, аутопротромбин І 6-7
ІХ Аутопротромбин ІІ 18-30
Х Аутопротромбин ІІІ стюар- Прауэр факторы 48-72
Протеин С   6-8
Протеин S  

 

Кесте- 3. Тікелей емес әсерлі антикоагулянттар.

Дәрілер Коммерцияның атауы Жартылай шығарылуы сағат Қанша сағаттан кейін әсер етеді Доғарғаннан кейінгі әсер ету ұзақтығы сағат
Варфорин Кумадин панварфин 12-72 36-72
Неодикумарин (этил бискумацетат) Пелентан тромексан 12-24 24-48
Синкумар (аценокумарол) Нитрофан тромбостоп 24-48 48-72
Фенилиндандлон туындылары
Анизиндион Марадон 24-72 1-6 күн
Фенилин (фениндион) Данилон 8-10 24-72

 

Тікелей емес әсерлі антикоагулянттар (80-90%) ішектен сорылып (90%) альбуминмен байланысады, бауырда цитохром-450 мен тотығып, белсенді емес метаболиттер түзіп, ағзадан зәр арқылы шығарылады. Тікелей емес әсерлі антикоагулянттар тамырларындағы тромбоз бен тромбоэмболияның алдын- алу үшін және емдеу үшін қолданылады. Оларды тағайындаудың екі жолы бар. Егер ұюға қарсы терапияның жедел жағдайы болмаса (мысалы құлақшаның созылмалы фибриляциясында) антикоагулянттарды протромбинді уақыттың тұрақты ұзаруы 4-7 күннен кейін болатын етіп, орташа мөлшерде тағайындайды. Протромбинді уақытты емдеудің бос кезінде күнде анықтайды. Терапевтті деңгейге жеткенде бір-екі апта бойы аптасына 3 рет анықталады. Тез ұюға қарсы эффект алу үшін жедел жағдайда гепаринді және тікелей емес әсерлі антикоагулянттарды үлкен мөлшерде енгізеді. Протромбинді уақыт жоғарылағаннан кейін гепарин берілмейді. Протромбинді уақытты анықтаудың шешімі протромбинді индекс түрінде, яғни қалыпты плазманың (11-14 сек) орташа протромбинді уақыттың науқастың протромбинді уақытының қатынасына тең болады. Көк тамырлы тромбоздың алдын- алу үшін протромбинді уақытты 1,5-2,5 есе ұлғайту керек. Протромбинді индекс 30-50%- ға дейін төмендейді.

Тікелей емес әсерлі антикоагулянттармен емдеу кезінде қанның ұюының ауытқуын болдырмау керек. Бұл үшін диетадан К витаминіне бай тағамдарды алып тастайды және антикоагулянттардың әсерін төмендететін дәрілерді (витамин К1, ксенобиотиктердің метаболизмінің индукторларын, адсорбенттер) және олардың әсерін күшейтуші (метаболизм тежеушілер, кең спектрлі антибиотиктер) тағайындамайды. Антикоагулянттардың ұюға қарсы әсері гетотериоз, гиперлипедемия, мольабсорбция синдромында азайса, керісінше бауыр ауруларында, өттің бөлінуі бұзылғанда, лихорадкада, тиреотоксикада, созылмалы жүрек жетіспеушілігінде, қатерлі ісіктерде жоғарылайды.

Тікелей емес әсерлі антикоагулянттармен емдегенде 3-8% науқастарда қан кету болса,1% науқастарда өлімге әкеледі. Сонымен қатар антикоагулянттар диспепсиялық бұзылыстар «пурпурлық саусақтар» синдромын, терінің геморрагиялық некрозын, гепатотиттер пайда болады. 1,5-3% адамдарда фениминге сезімталдығы жоғарылап, бөртпе түрінде, лихорадка, лейкопения, бас ауру, көздің нашарлауы, бүйректің уытты зақымдалуы кездеседі.

Қан кету кезінде К1 витамині (фитоменадион) ішке, бұлшық етке немесе тамырға протромбинді индексті 40-60% ұзарту үшін қолданылады. Массивті қан кетуде бауырының қызметі ауыр бұзылған науқастарға К витамині аз әсерлі болса, оған жаңа мұздатылған қан сарысуын енгізеді. Витамин К-ны 1-2 мг қан кетудің алдын- алу үшін береді.

Викасол тромбогенді әсерін ішке қабылдағаннан кейін 12-24 сағатта бұлшық етке енгізгенде 2-3 сағаттан кейін бауырда алдын- ала витамин К1 түзіледі. Викасол күшті тотықтырғыш етуші және гемолизбен метгемоглабин түзетін қасиеті бар. Фитоменадион мұндай бұзылыстар шақырмайды. Тікелей емес әсерлі антикоагулянттарды қарсы көрсеткіші гепариндегідей. Әсіресе жүктілік кезінде бермеу керек. Варфарин мен осы топтың дәрілерін бергенде 5% жағдайда «нәрестеде варфаринді синдром» яғни, маңдайы шығыңқы, ер тәрізді мұрын жоғары тыныс жолдарының тарылуы бронх пен кеңірдектің дамымауынан, эпифиздің кальциленуімен көрінеді. Әсіресе 6-9 апталық жүктілік кезінде қабылдаған қауіпті.

Қабынуға қарсы дәрiлер

Қабыну ағзаның әртүрлi экзогендi және эндогендi зақымдаушы факторларға (мыс. бактериальды, вирусты және паразитарлы инфекциялардың қоздырғыштары, с.б. аллергиялық, физикалық және химиялық агенттер) әмбепап реакциясы болып табылады.

Қабыну – көптеген эндогендi заттармен реттелiнетiн күрделi процесс. Ол заттар қабынуға қатысатын әртүрлi жасушалы элементтермен (мес жасушалары, полиморфты-ядерлi лейкоциттер, моноциттер) өңдiрiледi. Олар простаноидтар, лейкотриендер, азот тотығы, тромбоциттердi белсендiретiн фактор, гистамин, кейбiр интерлейкиндер секiлдi биологиялық белсендi заттарды өндіреді.

Қабынуға қарсы дәрiлердi құру кезiнде үлкен қызығушылықты қабыну үрдiсiне қатысатын жасушалардың жасушалы мембраналардың фосфолипидтерiнен биологиялық белсендi заттардың түзiлуiне әсер ететiн заттар алады. Бұл заттардың негiзгi бағыты келесiге жүктеледi:

1. Простаноидтарды (простагландиндер, тромбоксандар), лейкотриендердi, тромбоциттердi белсендiретiн факторлардың түзiлуiн бақылайтын А2 фосфолипазаны тежеу.

2. Простаноидтардың биосинтезiн реттейтiн циклооксигеназаны тежеу (бейстероидты қабынуға қарсы дәрiлер).

3. Простаноидты рецептерлердi блокадалау.

4. Лейкотриендердiң түзiлуiне қатысатын 5-липоксигеназаны блокадалау.

5. Лейкотриендi рецептерлердi блокадалау.

Тромбоциттердi белсендiретiн фактормен әрекеттесетiн рецепторлердi блокадалау.

Қазiргi уақытта практикалық мәндi алғашқы екi топтар алады.

Қабынуға қарсы дәрiлер химиялық құрылысы бойынша стероидты және бейстероидты деп бөледi.

Стероидты қабынуға қарсы механизмi арахидон қышқылының синтезiне қажеттi А2 фосфолипазаны тежеумен байланысты.

Бейстероидты қосылыстарға циклооксигеназаға тежеушi әсер көрсетiп, простаноидтардың биосинтезiн төмендететiн заттар жатады. Циклооксигеназаның (ЦОГ) - 1 және 2-шi типтi 2 түрi бар. ЦОГ-1 кәдiмгi жағдайда түзiлiп, ағзада простаноидтардың түзiлуiн реттейдi. ЦОГ-2 бөлiмi қабыну үрдiсiмен өндiрiледi.

Дәрiлердiң жiктелуi.

ЦОГ-1 және ЦОГ-2-нi таңдамалы емес тежейтiндер

1. Салицил қышқылының туындылары- ацетилсалицил қышқылы

2. Антранил қышқылының туындылары- мефенам қышқылы, флуфенам қышқылы

3. Пиразолон туындылары- бутадион

4. Индолсiрке қышқылының туындылары- индометацин

5. Фенилсiрке қышқылының туындылары- диклофенак-натрий

6. Фенилпропион қышқылының туындылары -ибупрофен

7. Нафтил пропион қышқылының туындылары - напроксен

8. Оксикамдар: пироксикам

ЦОГ-2-ны таңдамалы тежейтiндер- Мелоксикам

Көптеген бейстероидты қабынуға қарсы дәрiлер (БСҚҚД) қабынуға қарсы, анальгетикалық және ыстықты түсiретiн әсерлер көрсетедi.

Анальгетикалық әсерiнiң механимзi - бұл топтардың простагландиндер ( ПГ) синтезiне тежеушi әсермен байланысты. ПГ гиперальгезияны шақырады, яғни химиялық және механикалық стимулдарға ноцицепторлердiң сезiмталдығын жоғарылатады. Сондықтан ПГ-р (ПГЕ2, ПГFa2, ПГI2) синтезiн тежеу гиперальгезияның дамуын алдын-алады.

БСҚҚД ыстықты түсiретiн әсерге ие. Бұл ПГ-р синтезiнiң бұзылысымен және гипоталамуста орналасқан жылуреттегiш орталығына пирогендi әсерiнiң төмендеуiмен байланысты, әсiресе белсендi пироген ПГЕ1 болып табылады.

Аллергияға қарсы дәрiлер. Сенсибилизиринген макроорганзим ұлпаларының зақымдалуын шақыратын антигенге патологиялық жоғары иммундық реакцияларды аллергиялық реакциялар деп атайды.

Аллергияның әртүрлi типiнiң дамуында иммуногенездiң 2 механизмi қатысады – антиденелердiң өнiмiмен қамтылған гумаральды, жасушалы, яғни ол кезде көптеген иммунокомпетенттi жасушалар қатысады. Иммундық жауап фагоциттермен, реттегiш лимфоциттер (Т-супрессорлар), эффекторлы лимфоциттер (цитотоксикалық Т-жасушалар, В-жасушалар) және басқа арасында бiр-бiрiмен байланыс қамтылады. Антигенмен активтенген лимфоциттер, сонымен бірге моноциттер және макрофагтар иммундық жауапты реттейтiн және күшейтетiн биологиялық белсендi пептидтi қосылыстарды өңдiредi. Бұл қосылыстар тобын цитокиндер деп атайды. Лимфоциттермен өңдiрiлген цитокиндердi лимфокиндер деп атайды. Цитокиндер үлкен рольдi иммундық реакцияның дамуында болады.

Гиперсезiмталдықтың реакцияларын келесi типтерге бөледi:

1. Тез реакциялы

2. Баяу реакциялы (2-3 тәул. кейiн пайда болады.)

Тез типтi (ТТ) реакция антигеннiң антиденемен байланысуымен қамтылған.

ТТ аллергиялық реакцияның дамуында үлкен рольдi мес жасушаларымен және базофилдерден гистамин, “баяу реагирлейтiн анафилаксия субстанциясы”, брадикинин, серотинин, ПГ-р, тромбоциттердi белсендiретiн фактор алады. Бұл типтi реакцияға: бронхоспазм, ринит, конъюнктивиттер, есек жем, анафилактикалық шок, сарысу ауруы, Артюс феноменi жатады.

Баяу типтi (БТ) реакциялар жасушалы иммунитетпен байланысты және сенсибилизирленген Т-лимфоциттердiң бар болуына байланысты. Соңғыларының бетiнің макрофагаларында орналасқан антигендi танитын арнайы рецепторлар болады және олармен байланысады.

БТ аллергияда аллергия медиаторы цитокиндер қатары болып табылады. Оларға интерлейкин – 2, лимфотоксин, макрофагтар миграциясын тежейтiн фактор жатады.

БТ аллергияға туберкулиндi реакция, контактылы дерматит, кейбiр аутоиммунды зақымданулардың түрлерi жатады.

ТТ аллергияда келесi дәрiлер топтары қолданылады:

1. Сенсибилизирленген мес жасушаларымен және базофилдерден гистаминнiң және басқа медиаторлардың босап шығуына кедергi жасайтын дәрiлер (глюкокортикоидтар, кромолин – натрий, кетотифен, β-адреномиметикалық белсендiлiгi бар заттар (адреналин), эуфиллин).

2. Бос гистаминнiң оған сезiмтал ұлпалы рецепторлермен байланысуына кедергi жасайтындар: гистаминге қарсы дәрiлер – гистаминдi Н1-рецепторлардың блокаторлары (димедрол, дипразин).

3. Анафилактикалық шок типiндегi аллергияның жалпы байқалуларын жоятын дәрiлер: а) адреномиметиктер (адреналин) б) миотропты әсерлi спазмолитикер (эуфиллин)

4. Ұлпалардың зақымдануын төмендететiн дәрiлер. Бұл мақсатпен стероидты қабынуға қарсы дәрiлер қолданады.

БТ аллергияда препараттардың 2 тобы қолданылады: иммуногенездi тежейтiн және ұлпалардың зақымдануын тежейтiн дәрiлер.

Иммуногенездi тежейтін дәрiлер (жасушалы иммунитеттi тежейтiндер) – иммунодепрессанттар: глюкокортикоидтар, циклоспорин, цитоксикалық дәрiлер болып табылады.

Глюкокортикоидтардың иммунодепрассанты әсерi лимфоциттер пролиферация фазасының тежелуiмен байланыстырады.

Тиiмдi иммунодепрессент – циклоспорин (сандиммун). Ол пептидтi антибиотик болып табылады. Интерлейкиндер, γ-интерферон өнiмiн төмендетеді. ІҚТ баяу сіңіріледі.Ұлпаларды және мүшелердi орын алмастырғанда қолданады. Сондай-ақ аутоиммунды ауруларда қолдануну мүмкiн.

Цитотоксикалық заттарға алкилдеушi дәрiлер (циклофосфан), антиметаболиттер(азатиоприн, метотрексат, меркаптопурин) жатады. Иммунодепрессанты әсерi иммуноциттердiң бөлiнуiне тежегiш әсер етуiмен байланысты.

Иммунитеттi тежеу мақсатында азатиоприн қолданады. Продәрi болып табылады. Ағзада одан 6-меркаптопурин түзiледi, ол басқа метаболиттерге айналады. Азатиоприннiң уытты әсерiнiң негiзгi байқалуы-сүйек миiнiң функциясын тежелуi және лейкопенияның дамуы. Аутоиммунды ауруларда (ревматоидты полиартритте, қызыл жегi) қолданады.

Антигистаминдi дәрiлер (Н1-гистаминорецепторлердiң блокаторлары). Бұл дәрiлер гистаминге сезiмтал ұлпалар рецепторларын блокадалайды. Гистамин әсерлесетiн рецепторлардың негiзгi подтиптерi бар: Н1- және Н2 – рецептторлар. Н1- гистаминорецепторлердi қуаттандыру iшектiң бiрiңғай бұлшық еттерiн, бронхтардың, жатырдың жиырылуын шақырады. Гистаминдi Н2- рецепторлар асқазан бездерiнiң секреторлы белсендiлiгiн, жүректiң қызметiн реттеуге қатысады. Н1-рецепторлердi блокадалайтын гистаминге қарсы дәрiлер гистаминнiң келесi түрлерiн жояды: бронх, iшек, жатыр мускулатурасын жоғарлату, АҚ төмендету, гиперемия.

Химиялық құрылыс бойынша келесi қосылыстар қатарына жатады:

Этаноламиндер – димедрол (дифенгидрамин гидрохлориді, тавегил), Этилендиаминдер – супрастин (хлорапирамин), Фенотиазиндер – дипразин (прометазин гидрохлориді, пипольфен), Хинуклидин туындылары – фенкарол (квифенадин), Тетрагидрокарболиндер – диазолин (омерил), Пиперидин т-ры – терфенадин (селдан), лоратидин (кларитин).

Н1-гистаминорецепторлер басқа да қасиеттерге ие: мысалы: димедрол, дипразин, супрастин ОЖЖ-не тежегiш әсер көрсетедi (седативтi, ұйықтататын), тавегил, фенкарол, терфенадин, лоратидин шамалы седативтi әсерге ие. Диазолин ОЖЖ-не әсер етпейдi.

Көптеген дәрiлер анестезирлеушi қасиеттерге ие. Димедрол ганглиоблокаторллық қасиетке ие болып АҚ төмендетеді, кейбiр дәрiлердiң М – холиноблокаторлық қасиетi бар. Қарастырылған дәрiлер энтеральды және парэнтеральды енгізгенде жақсы сiңiрiледi. Димедролдың, супрастиннiң, дипразиннiң, фенкаролдың әсер етуi - 4-6 сағ., тавегилдiң - 8-12 сағ., терфенадиннің- 12-24 сағ., лоратидиннің – 24 сағ., диазолин – 2 тәулік және жоғары.

Қолдануы: есек жем, ангионевротикалық iсiну, ринит, конъюнктивит, антибиотиктердің әсерінен пайда болған аллергия, аз тиімді бронх демікпесінде, анафилактикалық шокта.

Дәрiлердi энтеральды, терi астына, бұлшық етке, күре тамырға енгiзедi.

Жанама әсерi: М – холиноблокаторлық қасиетке ие дәрiлер – ауыз құрғатады. Димедрол, дипразин, супрастин седативтi эффект көрсетедi, терфенадин аритмияның пайда болуына әкеледi. Қолдануға қарсы көрсеткіші: транспорт жүргiзушiлерi, абайлап – бүйрек, бауыр ауруларында.

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина, 2001.

2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Қан тоқтату үшін қолданылатын заттар.

2. Қабынуға қарсы дәрiлердiң жiктелуi

3. «аллергия» түсініктемесіне анықтама.

4. Аллергияның негізгі медиаторы және олардың патофизиологиялық эффектілері.

 

Лекция № 8

1. Тақырыбы:Антисептиктер және зарарсыздандыратын заттар. Бета-лактамды антибиотиктер. Химиялық құрылымы басқа антибиотиктер. Әр түрлі құрылымды микробқа қарсы синтетикалық заттар. Туберкулезге қарсы заттар. Мерезге қарсы заттар. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар. Вирустарға қарсы заттар.

2. Мақсаты:Студенттердіантибактериалды антибиотиктерімен таныстыру,химиялық құрылысы әртүрлі синтетикалық микробқа қарсы, туберкулезге және мерезге қарсы, саңырауқұлақтарға, вирустарға дәрілермен таныстыру.

Лекцияның жоспары:

1. Химиотерапевтикалық дәрілердің жіктелуі.

2. Антибактериалды антибиотиктердің жіктелуі.

3. Сульфаниламидтер, жіктелуі, фармакологиялық сипаттамасы

4. Хинолондар, жіктелуі, фармакологиялық сипаттамасы

5. Нитрофурандар, фармакологиялық сипаттамасы

6. Басқа химиялық топтың туындылары, фармакологиялық сипаттамасы

7. Нитроимидазолдар, фармакологиялық сипаттамасы

8. Хиноксалин туындылары, фармакологиялық сипаттамасы

9. Туберкулезге қарсы дәрілер, фармакологиялық сипаттамасы

10. Мерезге қарсы дәрілер, фармакологиялық сипаттамасы

11. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілердің жіктелуі

12. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілердің фармакологиялық сипаттамасы

13. Вирустарға қарсы дәрiлердiң жiктелуi

14. Вирустарға қарсы дәрілердің фармакологиялық сипаттамасы

 

  1. Лекция тезистері.

Инфекциялық және паразиттік ауруларды химиотерапевтикалық дәрілермен емдеуі “химиотерапия” терминімен белгіленеді.

Антибактериалды химиотерапевтикалық дәрілерге келесі топтар жатады: 1) антибиотиктер 2) сульфаниламидті препараттар 3) химиялық құрылысы әртүрлі синтетикалық антибактериалды дәрілер 4) мерезге қарсы дәрілер 5) туберкулезге және лепраға қарсы дәрілер

Антибиотиктер деп – микроорганизмдерге таңдамалы зақым келтіретін немесе жоятын биологиялық текті химиялық құралдарды айтады. Медициналық практикада қолданатын антибиотиктер микроорганизмдерден және саңырауқұлақтардан алынады. Кейбір препараттар синтетикалық және жартылай синтетикалық жолмен алынады.

Антибиотиктердің жіктелуінде әртүрлі принциптер қолданылады. Біріншіден антибиотиктерді химиялық құрылысына және қасиеттеріне байланысты жіктейді: 1) пенициллиндер 2) цефалоспориндер 3) макролидтер 4) тетрациклиндер 5) аминогликозидтер 6) хлорамфеникол тобы 7) полимиксиндер 8) линкозаминдер.

Микробтарға қарсы спектрі бойынша келесі топтарға бөлінуі мүмкін: 1) грам оң микрофлораға әсер ететін антибиотиктер (бензилпенициллиндер, эритромицин тобының препараттары) 2) әсер ету спектрі кең антибиотиктер (цефалоспориндер, тетрациклиндер, левомицетин препараттары, аминогликозидтер) 3) грам теріс микрофлораға әсер ететін антибиотиктер (полимиксиндер).

Антибиотиктер әсеріне байланысты бактериостатикалық (микроорганизмдердің өсіп дамуын тежейтін) немесе бактерицидті (микроорганизмдердің өлімін пайда ететін) эффект көрсетеді.

Антибиотиктер әсер ету механизмдеріне байланысты да бөлінеді: 1) бактериялардың клетка қабырғасының синтезін бұзады (пенициллиндер, цефалоспориндер) 2) цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады (полимиксиндер) 3) клеткаішілік белок синтезін тежейді (тетрациклиндер, левомицетин тобы, аминогликозидтер, макролидтер) 4) РНК синтезін бұзады (рифампицин).

Пенициллиндер.Олар бөлінеді: 1) табиғи пенициллиндер 2) изоксазолилпенициллиндер 3) аминопенициллиндер 4) карбоксипенициллиндер 5) уреидопенициллиндер. Барлық пенициллиндердің фармакодинамикасы бірдей. Олар микробтардың қабырғасының түзілуін митоз кезінде бұзады. Бактерицидті әсер көрсетеді.

 

Көптеген синтетикалық дәрілер бактерияларға қарсы активтілікке ие. Синтетикалықпрепараттар химиялық жолдармен алынады. Оларға сульфаниламидтер, хинолондар, нитрофурандар, нитроимидазолдар жатады. Бұл дәрілер науқастардың антибиотиктерді көтере алмауында, антибиотиктерге тұрақты инфекцияларда және әсер ету спектрін кеңейтіп, тиімділігін жоғарылату мақсатында антибиотиктермен бірге қолданады.

Сульфаниламидтер

Жіктелуі

  1. Жергілікті әсерлі: сульфацетамид (сульфацил – натрий), стрептоцид
  2. Резорбтивті әсерлі: а) қысқа әсерлі: сульфадимезин, этазол, уросульфан б) орташа әсерлі: сульфадиметоксин, сульфапиридазин в) ұзақ әсерлі: сульфален
  3. Ішек қуысына әсер ететін: фталазол, сульгин
  4. Салазосульфаниламидтер: салазодин (салазопиридазин), салазодиметоксин
  5. Қиыстырылған препараттар: ко тримоксазол (суметролим, бисептол, бактрим), оның құрамында сульфаметоксазол + триметоприм бар, гросептол (сульфамерозин + триметоприм), сульфатон (сульфамонометоксин + триметоприм).

Сульфаниламидтер – химиялық құрылысына байланысты парааминобензой қышқылына (ПАБҚ) ұқсас болып келеді. Микроорганизмдерде ПАБК – дан фоль қышқылы, одан дигидрофоль қышқылы, одан тетрагидрофоль қышқылы түзіледі. Ол нуклеин қышқылдарының синтезіне қажетті. Нуклеин қышқылдарының синтезі микроорганизмдердің өсіп дамуына қажетті фактор. Сульфаниламидті препараттарды енгізгенде, нуклеин қышқылдарының түзілуі бұзылады да, микробтардың дамуы және бөлінуі тоқтатылады. Триметоприм препараты (сульфаниламидтердің қиыстырылған препараттарына жатады) дигидрофолатредуктазаны тежеп, дигидрофольқышқылы-ның тетрагидрофоль қышқылына өтуін бұзады. Фармакологиялық әсерлері: бактериостатикалық, триметоприммен қиыстырылған препараттары – бактерицидті әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі кең: а) бактериялар – патогенді кокктар (грам оң және грам теріс); ішек таяқшасы, шигеллалар, тырысқақ вибрионы, клостридиялар, сібір күйдіргісінің таяқшасы, дифтерия таяқшасы, инфлюэнция, оба таяқшасы б) хламидиялар (трахома, орнитоз) в) актиномицеттер г) қарапайымдылар (токсоплазмоз, безгек қоздырғыштары). Микроорганизмдердің тұрақтылығы орташа дамиды. Барлық препараттарды ішке енгізеді. Кейбір препараттарды бұлшық етке және жергілікті де белгілейді. Сульфаниламидтер ағзаның ұлпаларына және сұйықтықтарға жақсы өтеді, плацентарлы бөгеттен және ана сүтіне де өтуі мүмкін.

Қысқа және орташа әсер ететін сульфаниламидтердің экскрециясы бүйрекпен өтеді. Ұзақ уақыт әсерлі препаратттар бауырмен шығарылады. Енгізу жиілігі: қысқа уақыт – тәулігіне 4-6 рет, орташа уақыт – тәулігіне 3-4 рет, ұзақ уақыт – тәулігіне 1-2 рет енгізеді. Жанама әсерлері: 1) нефротоксикалық әсер (қысқа уақыт әсер ететін препараттар) 2) қан жасалудың бұзылуы (анемия, тромбоцитопения, метгемоглобинемия) 3) диспепсиялық бұзылыстар 4) невриттер 5) аллергиялық реакциялар 6) тератогенді әсер (триметопримі бар препараттар).

Қолдану көрсеткіштері: 1) жүйелі инфекциялар кезінде: а) бронхит, ангина, фарингит, тонзилит, отит (қиыстырылған дәрілер) б) өт шығару жолдарының инфекциялары (сульфален, сульфадиметоксин) в) несеп шығару жолдарының инфекциялары (ұзақ уақыт әсерлі, қиытырылған) г) уросепсис (қиыстырылған) д) хламидиальды инфекциялар, токсоплазмоз (қиыстырылған) 2) ІҚТ инфекцияларында: а) энтерит, колит (сульгин, фталазол) б) спецификалық емес жара колиті (салазосульфаниламидтер).

Хинолондар. Олар 3 буынға бөлінеді: 1 буыны – налидикс қышқылы (неграм, невиграмон), оксолиний қышқылы (грамурин); 2 буыны – пипемидин қышқылы (палин, пимидель); 3 буыны (фторхинолондар) – ципрофлоксацин (ципринол, цифин, сифлокс), офлоксацин (таривид), пефлоксацин (абактал, пефлацин), норфлоксацин (нолицин).

Нитрофурандар. Оларға жатады: фурацилин, фуразолидон, фурадонин, нифурател препараттары. Әсер ету механизмі. Нитрофурандар нуклеин қышқылдарымен комплекстер түзеді және микроорганизмдердің редуктазалары көмегімен нитро тобы бөлініп, цитоплазмалық мембрананың функцияларын бұзады және микроб қабырғасын жояды. Дозаға байланысты бактерицидті және бактериостатикалық әсер көрсетеді. Нитрофурандардың ерекшеліктері: макроорганизмнің инфекцияға тұрақтылығын жоғарылатады және әсері іріңді процесте және ұлпаның ыдырау өнімдерінде сақталынады. Әсер ету спектрі грам оң аэробтар, кокктар, ішек таяқшасы, сальмонеллалар, шигеллалар, протей, қарапайымдылар (трихомонадалар, лямблийлер). Спирохеттерге, клостридияларға, хламидияларға аз әсер етеді. Микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу дамиды, топ ішінде қиыстырылған тұрақтылық пайда болуы мүмкін. Көбінесе нитрофурандар тамақтан соң ішке белгіленеді. Фурацилин, фурагин жергілікті де белгіленеді. Бүйрекпен шығарылады. Енгізу жиілігі тәулігіне 4 рет. Жанама әсерлері: нейротоксикалық әсер,алкогльге тұрақтылық төмендейді, диспепсия, аллергиялық реакциялар, тромбоциттердің агрегациясының төмендеуі қан кетулерге әкелу мүмкін, нефротоксикалық әсер, менструальды циклдің бұзылуы. Көп мөлшерде су, В тобындағы витаминдер, гистаминге қарсы дәрілер енгізу қажет. Қолдану көрсеткіштері. Жергілікті – жаралардың, күйіктердің іріңді қабыну процестерін алдын-алу үшін, ІҚТ инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, гинекологиялық инфекциялар.

Басқа химиялық топтың туындылары. 8 – оксихинолин туындылары. Оларға: нитроксолин (5-НОК), энтеросептол жағар майлардың құрамына кіреді). Әсер ету механизмі. Микроорганизмдердің фермент жүйесінің активтілігін бұзады. Бактерицидті әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі: грам теріс микроорганизмдер, яғни сальмонеллалар, шигеллалар, көк ірің таяқшасы, грам оң – стафилококктар, энтерококктар; қарапайымдылар. Микроорганизмдердің тұрақтылғы тез пайда болады. Нитроксалин.Тез және жақсы сіңіріледі. Ұлпаларға және сұйықтықтарға нашар өтеді, бүйрекпен шығарылады, несеп ашық – сары түске боялынады. Қолдану көрсеткіштері. Нитроксалин – несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, уретрит).

Нитроимидазолдар

Бұл топтың негізгі өкілдері: метронидазол (трихопол, флагил, метрогил, клион), тинидазол (фасижин), тиберал (фнидазол). Әсер ету механизмі. Нитроимидазолдар микроорганизмдердің ішіне түсіп, олардың редуктазаларының әсерінен жоғары улылық метаболиттер түзілуі нәтижесінде нуклеин қышқылдарының бұзылуыпайда болады. Бактерицидті әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі: 1) қарапайымдылар (трихомонадалар, лямблийлер, амебалар, лейшманиялар) 2) анаэробты микроорганизмдер 3) Хеликобактер пилори – асқазан жара ауруының қоздырғышы 4) грам теріс энтеробактериялар. Микроорганизмдердің тұрақтылығы жай дамиды. Нитроимидазолдарды ішке, тік ішекке, қынапқа және күре тамырға енгізуге болады. Барлық ұлпаларға, сұйықтықтарға, сүйектерге, өтке жақсы өтеді. Тинидазол гематоэнцнфалды бөгеттен өтеді. Препараттар бүйрекпен, ал тиберал жартылай бауырмен шығарылады. Қолдануға қарсы көрсеткіштер – жүктілік кезінде (тератогенді әсер қауіпі). Жанама әсерлері: диспепсия, аллергия, полиурия, тетурам тәрізді әсерлер, несептің қызғылт – қоңыр түске боялуы, ұзақ қолданғанда: ОЖЖ және шеткерлік жүйенің зақымдануы, лейкопения, кандидоз. Қолдану көрсеткіштері: 1) анаэробты инфекциялар (эндокардит, ми абцессі) 2) хирургиялық инфекциялар (аппендицит) 3) қарапайымдылармен пайда болған аурулар: урогенитальды трихомониаз, амебиаз, лямблиоз, тері лейшманиозы 4) асқазан жара ауруы

Хиноксалин туындылары. Бұл топқа хиноксидин және диоксидин препараттары жатады. Әсер ету спектрі кең: вульгарлы протей, көк ірің таяқшасы, патогенді анаэробтар, шигеллалар, сальмонеллалар, стафило және стрептококктар. Хиноксидин – ішке таблетка түрінде, Диоксидин - бұлшық етке, күре тамырға және жергілікті енгізіледі. Препараттарды тек қана ересектерге және стационарлық жағдайда белгілейді. Улылығы жоғары препараттар. Жанама әсерлері: диспепсия, бас ауру, бас айналу, тырысулар, аллергиялық реакциялар. Қолдану көрсеткіштері: ауыр іріңді – қабынған инфекциялар (өкпе, бүйрек, өт қабы), сепсис кезінде.

Туберкулезге қарсы құралдардың жiктелiнуi

1. Химиялық құрылымына байланысты (синтетикалық және антибиотиктер)

2. Қатарлар бойынша (1 қатар-негiзгi, 2 қатар – резервты препараттар)

3. Эффективтiлiгiне (тиiмдiлiгiне) байланысты.

I. Эффективтiлiгi жоғары құралдар

1. синтетикалық - изониазид (тубазид, эутизон)

2. антибиотиктер – рифампицин (бенемид, рифадин)

II. Эффективтілігі орташа құралдар

1. синтетикалық - этамбутол, пиразинамид, этионамид, протионамид

2. антибиотиктер – стрептомицин сульфат, канамицин, циклосерин, флоримицин

III. Эффективтілігі төмен синтетикалық құралдар

Натрий парааминосалицилаты (ПАСК). Тиоацетазон.

Изониазид изоникотинқышқылының гидразид тобының өкiлi. Клетка iшiндегi туберкулез микобактериаларына қарсы активтiлiгi өте жоғары. Әсер ету механизмi: микобактериялардың клетка қабырғасын құрайтын миколь қышқылдарының синтезiне керектi ферменттердi тежейдi. Бактерицидты немесе бактериостатикалық эффект көрсетедi. Стрептомицин және рифампицинге қарағанда микобактериялардың тұрақтылығы жәй дамиды. IҚТ жақсы сiңедi, ұлпалы бөгеттерден, клеткаларға және жұлын ми сұйықтығына өтедi. Максимальды концентрациялары қан плазмасында 1-2 сағаттан кейiн жиналады. Изониазидтың метаболизмiнің ацетилдеу реакциясы генетикалық факторларға байланысты болады. Негiзгi шығарылу жолы бүйрекпен. Изониазидты туберкулездың барлық түрлерiнде қолданады және активтi процесс кезiнде этамбутолмен, рифампицинмен және

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.