Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Некоторые актуальные проблемы казахской экономической терминологии 5 страница



Сөзді қарым-қатынас жағдайына сай бұрмалап қолданып жатамыз. Кейде ол сәтті, ал кейде сәтсіз шығып жатады. Бұл жағдайда сөздің қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне қызмет етуі басты талап. Сөздің контекстік қисындылығының болуы стильдік қисындылықпен тығыз байланысты. Кейде контексті, стильді ескермей, сөздің қисынын кетіріп жататын кездеріміз де болады.

 

Әдеп-ережелермен қисындылығы

Сөзді қиыстырып, орнымен қолдана білу тек лингвистикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мәнге ие. Сөз тек ақпаратты жеткізіп қана қоймайды, сөйлеушінің қоршаған ортаға, өзге адамдарға деген қарым-қатынасын да білдіреді. Сол себепті де сөйлеуші өз сөзінің адамдарға қалайша әсер ететіні туралы ойлануы керек. Кей кезде орынсыз ойланбай айтқан сөзімізбен біреудің жанын жаралап, байқаусызда ар-намысына тиіп, кейін бармағымызды тістеп жатамыз. Кейде сөзіміздің тым дөрекі әрі жасанды шыққанын байқап, өзімізден-өзіміз қуыстанып жатамыз. Сондықтан сөздің тұлғалық-психологиялық орнықтылығы дегенде адамның ішкі мәдениеті мен парасатын, өзге адамдармен қарым-қатынасын, сыпайылығын, тіл табыса білу қабілетін, өзге адамдармен қарым-қатынас орната алу қабілетін айтамыз. Дұрыс айтылған сөз сізге сәттілік әкеліп қана қоймайды, моральдық және физикалық саулығыңыздың да кепілі болады.

 


ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ!!!

Сөздердің орысша аудармасын

немесе мағынасын жазып алыңыз.

 

 

1-тапсырма.Мәтіннің сөз қисындылығы талаптарына сай немесе қайшы жазылғанын дәлелдеңіз.

 

«Мен әулие емеспін. Сәуегейлік жасағым да келмейді. Бопсаға да жоқпын. Бірақ туған елімнің түтіні түзу ұшса, туы желбіресе, абыройы асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген білек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы топырақта туып-өскен, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да игі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не білесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына соны білеймін және Олардың болашағына кәміл сенемін, айрықша үмітпен қараймын. Оған күн сайын буыны қатайып, беделі өсіп келе жатан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салып, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл. Осыған сайып айтарым: ең алдымен, үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!» (Д.Қонаев. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы: Санат, 1994. 507-508бб.).

Сөздік қорымызға сөз қосайық!

-Мәтіннен келесі мағынадағы сөздерді тауып, жазыңыз.

 

1. Қоқан-лоқы, байбалам, құр сес _________________

2. «Әулиелік ету», білгірсу _____________________

3. Бірігу, тату болу _______________________

4. Сый-құрметке ие болу _________________________

5. Күмәнсіз, айқын ________________________

6. Әлденді, қатайды, есейді, өзіне-өзі келді, күш жинады ____________________

7. Ыңғайы, реті, сәті түспеу ______________________

8. Ауыртпалық зардабы, азап, қиыншылық __________________________

9. Берік, мықты, мығым болу ___________________________

2-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Өлеңдегі кейіпкердің және автордың сөзінің қисындылығына баға беріңіз. Кейіпкердің сөз саптауында қандай кемшіліктер бар және оған қандай ақыл-кеңестер берер едіңіз? Пікір алысыңыз.

 


Жолдастар! ...ім...ім....ім...

Жолдастар! Сендердің бүгінгі

Жиылыстарыңды өзімше...

Жүрегім бір түрлі неткен соң,

Әлбетте сендердің алдыңда...

Бұлайша азырақ айтып:

Әм және ... өзімнің

Бір түрлі қуанған,

Бір түрлі неткен мақсұтты сөзімді

Айтпақшы мақсұтым болған соң,

Бүйтіп сендердің неғылып

Жатқандарыңды нетіп...

Қарсы алып құттықтамақшы боламын...

Әлбетте... бұлайша қарсы алып...

Сендерге нетіп тұрғандықтан....

Һәм және бір түрлі өзімше...

Мақсұтты сөзімді айтып...

Сендердің бұлайша жиналып...

Бір түрлі қуанып неткендіктен...

Һәм тағы өзіміз не қылсақ,

Жүзеге асар деп сенемін...

Сондықтан бүгінгі қуаныш,

Мәжілісті өзімізше қарсы алып,

Сендердің алдыңда кішкене,

Мақсұтты сөзімді аңғартып,

 

... Және келешек күнде де,

Бұлайша неғылып трғанда...

Әлбетте, жүде, олай болғанмен,

Жүзеге асар деп сенемін.

Әрине, біздерге бұлайша нетуге...

Һәм және мақсұтқа жетуге болғанмен,

Бір түрлі бұлайша кірісіп...

Жұмыла нетпесе болмайды...

Сонда да біздерге жиналып...

Былайша бір түрлі неғылсақ...

Негізінде жүзеге шығады деп ойлап,

Жалпы айтқанда, бәріміз де...

Мақсатымыз осы ғой деп ойлаймын.

Ал енді жолдастар!

Табыс жағына келейін,

Анық есебін білмеймін...

Әрине, уақыт болса, болып қалды.

Сондықтан мен немді көп созбайым,

Бағанадан жасасынға жете алмай тұр едім.

Енді жеттім - бәрі жасасын,

Осы борышымды өтейміз деп...

Иманымыз кәміл.... (Қ.Қуанышбаев. «Шаншарлар»).

 

 


1) Мәтіндегі кейіпкердің тіліндегі қате және қажетсіз сөздердің астын сызып шығыңыз.

2) Өздеріңіздің тілдеріңізде жиі қолданылатын сөздерді жазыңыз. Олар тыңдаушыға қалай әсер етеді? Пікір алысыңыз.

3-тапсырма. Келесі сөздердің тыныс белгілерін қойып, 3 түрлі тонмен айту мүмкін/мүмкін еместігін анықтаңыз. Және олардың қандай жағдайда, контексте қолданылатынын жазыңыз.

 

Мысал Контекстік мағынасы
Өтінемін отырыңыз Сабырға шақыру мағынасында Сыпайылық білдіру мақсатында Бұйыру мағынасында
Сәкен Сәрсенұлы мен бұған келісе алмаймын      
Келіссөздер қашан басталды      
Бізге біраз уақыт беріңіз      
Қолдаса жақсы      
Мен келісе алмаймын      
Сенімдеріңізге көп рахмет      
Біз сіздерден күтпеп едік      
Бір-екі күн күте тұруыңызды сұраймын.      
Иә мен сізді тыңдап тұрмын.      

4-тапсырма. Келесі сөздерді түрлі тонмен қандай контексте және қандай мақсатта қолданатыныңызды айтыңыз.

 

1) Маған сеніңіз (өтініп, сеніммен, кекесінмен, сұрап)

2) Серіктестігіміз жемісті болатынына сенемін! (қуанып, қуланып, сызданып айтыңыз)

3) Сөзіңізге қалай сенуге болады (ашумен, ренжіп)

4) Құттықтаймын! (қуанып, ұстамдылықпен, кекесінмен)

5) Сіздердің компанияларыңызды білеміз (білгішсініп, сенімсіздікпен, сеніммен).

6) Бұл біздің кінәміз емес (ашумен, сабырмен, ақталып)

7) Иә, айыптымыз (кешіріммен, ашумен, өкінішпен).

8) Сене алар емеспін (таң қалып, ашумен, өкінішпен).

9) Бәке, сабыр етіңіз (сабырмен, бұйырып, жанашырлықпен)

10) Сәке (ескертіп, қаратып, ашумен, сұрап, қуланып, кекесінмен)

11) Сәкен Сәрсенұлы (таң қалып, сұрап, сүйсініп, кекесінмен, бұйырып, қаратып, қуланып)

 

Ойынға қатысайық!

Келесі сөздерді түрлі тонмен айтыңыз, ал басқалары оны қандай мағынада айтқаныңызды табуы керек.


Тамаша!

Құттықтаймын

Келісе алмаймын

Кездесеміз

Орындаңыз

Кешіріңіз

Солай ма

Солай деңіз

Тәуекел

Болар іс болды

Өте жақсы

Түсінікті

Әлбетте

Әрине


 

5-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орнын өзгерткенде қандай ерекшелік байқалатынын түсіндіріңіз.

І.

А) - Шұбар, сіз осы сөзді осындай ширығып ашулана айттыңыз. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?! (М.Әуезов).

- Сіз осы сөзді, Шұбар, осындай ширығып ашулана айттыңыз. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?!

- Сіз осы сөзді осындай ширығып ашулана айттыңыз, Шұбар. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?!

Ә) - Құнанбаев, не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады? (М.Әуезов).

- Не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады, Құнанбаев?

- Не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы, Құнанбаев, біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады?

 

ІІ. Берілген сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орнын ауыстырып, кем дегенде үш нұсқада қайта жазыңыз. Қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңіз.

 

1. – Ибрагим Кунанбаевич, сіз алғаш келген кезде бұл қалаға ауру жаңа ғана араласқан-ды (М.Әуезов).

2. – Неткен адам едің, Айбол, - деген ол маған, өзіңді өзің отқа саласың, қайдағы жоқ нәрселерді ойлап қиналасың! (І.Есенберлин).

3. – Ақылбек Ахметжанович, - дедім мен тағы да, - Мен ғой кейбір жағдайларда өзімді өзім сіздің тарихыңыздың зерттеушісі санаймын (І.Есенберлин).

Мәтінмен жұмыс!

6-тапсырма. Мәтінді рөлге бөлініп, мәнеріне келтіре оқыңыз.

 

Келіссөзде

 

А: -Кешіріңіз, кездесуіміз сәл кеш басталып жатыр. Оның өзінің себептерібар. Кешірім сұраймыз.

В: -Оқасы жоқ! Серіктес болу оңай емес!

А: -Дұрыс айттыңыз! Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе.

В: -Бірден іске көшейік. Сіздердің талаптарыңызбен таныстық, көп ойландық... Бірақ тауардың көтерме бағасы бізге тиімді емес.

А: -Біздің бағамыз қаладағы ең төмен баға.

В: -Солай екені рас. Бірақ біз тапсырысымызды келісілген көлемнен үш есеге көбейткіміз келеді. Оның үстіне... біз сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырғымыз келеді. Сондай-ақ, біз сіздердің тасымалдаукомпанияларыңызбен де қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

А: -Біздің компанияға деген сенімдеріңіз үшін көп рахмет. Сенімдеріңізді ақтауғатырысамыз. Бірақ сізге ұсынған баға біздегі ең төменгі баға. Одан артық түсіру бізге қосымша шығындар әкеледі.

В: -Әлбетте. Бірақ біздің ұсынып отырған бағамыз сізге де, бізге де ұтымды деп ойлаймын. Қазақстандық нарықта сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. Бізбен серіктес болсаңыздар, тауарларыңызды сыртқы нарыққа шығаруға мол мүмкіндік ашылатынын ескерсеңіздер деймін. Оның үстіне біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имиджіңізді көтере түсетіні анық.

А: -Сіз өте жақсы ой айттыңыз. Біз сыртқы нарыққа шығуға талпынып жатырмыз. Тауар көлемін күн сайын өсіріп жатырмыз. Қазір сақтандыру компаниясымен тауарды сақтандыру тарифтері туралы келіссөздер жүргізудеміз.

В: -Тауар көлемін ұлғайту туралы шешімдеріңіз өте дұрыс шешім. Болашақтасіздің тауардың 40 пайызын тек біздің компания ғана сатып алып отыратын болады. Біздің болашаққа жоспарларымыз өте көп.

А: -Әрине, әрине. Еш күмәнім жоқ. Мен бұған қатысты шешімді қазір айта алмаймын. Ұсыныстарыңызды компания мәжілісінде көтеремін.

В: -Өте жақсы. Екі жаққа да ұтымды шешімге келетіндеріңізге сенемін.

А: -Мен сізге ешнәрсеге уәде бере алмаймын. Акционерлердің ортақ шешімін тосуға мәжбүрміз.

В: -Түсінікті. Алайда бізге жауаптарыңыздытез арада берсеңіздер екен. Тауардың алғашқы партиясын біз келесі айда алуымыз керек. Төлемақысын есеп-шоттарыңызға бірден аударамыз.

А: -Әлбетте. Жақын күндерде хабарласамыз.

ЕСКЕРІҢІЗ!

  1) Келіссөзде өтініш білдіруде «деймін», «дейміз», «екен» сөздері шартты райдың сыпайы түрінде, көпшетұлғада жиі қолданылады: -ескерСЕңіздер деймін/дейміз; - ескерСЕңіз деймін/дейміз; -жауаптарыңызды тез арада берСЕңіздер екен; 2) Келіссөзде қалау-тілекті білдіру үшін қалау рай тұлғасының сыпайы, көпше түрі белсенді түрде қолданылады: -тапсырысты көбейтКІміз келеді; -келісім-шртқа отырҒЫмыз келеді; 3) келліссөзде «біз», «сіз», «сіздер» тұлғасында сөйлеген орынды.   -БІЗтауарды шетелге шығарғалы жатырМЫЗ.

Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз.

 

1) Қарамен берілген сөздердің аудармасын жазыңыз.

2) Сөздердің антонимін (-) және синонимін (,) жазыңыз.

 


Отандық нарық –

Ең төмен баға –

Көтерме баға –

Сенім –

Қазақстандық нарық,

Өсіру –

Өсіру,

Сатып алу –

Ең дұрыс –

Ұзақ мерзімді келісім-шарт –

Қосымша шығын –

Жауап –

Уәде,


3) Керекті тілдік бірліктерді қойып, оқыңыз.

1. Сіздердің талаптарыңыз... таныстық. 2) Сіздің компания... серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе. 3) Сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шарт.... отырғымыз келеді. 4) Тауарларыңызды сыртқы нарық..... шығаруға мол мүмкіндік бар. 5) Қазақстандық нарық... сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. 6) Біздің болашақ... жоспарларымыз өте көп. 7) Мен бұған қатысты шешім... қазір айта алмаймын. 8) Біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имидж....... көтере түсетіні анық. 9) Екі жаққа да ұтымды шешім...... келетіндеріңізге сенемін. 10) Бізге жауаптарыңыз..... тез арада берсеңіздер екен.

4) Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

 

1) біз / серіктес / мәртебе / болу / Сіздің / үшін / үлкен /компаниямен.

2) біз / тапсырысымызды / Бірақ / үш / есеге / келеді / көлемнен / көбейткіміз / келісілген.

3) серіктес / Бізбен / болсаңыздар.

4) шешімге / сенемін / келетіндеріңізге / ұтымды.

5) Біздің / деген / рахмет / үшін / сенімдеріңіз / көп / компанияға.

5) Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.

 

1. Қабылдау принимать

2. Қарастыру рассматривать

3. Ұсыну предлогать

4. Жауабын беру дать ответ

5. Бас тарту отказаться

6. Келісімге келу прийти к соглашению

7. Келіссөздер жүргізу вести переговоры

8. Тырысу стараться

9. Ескеру учитывать

10. Хабарлау известить, сообщить

 

6) Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Келіссөзді жүргізуде екі тарап та дұрыс тактика ұстанды ма? Сөздерінде қателіктер болды ма? Сөздеріне қандай ерекшелік тән болды?

2. Екі тараптың екеуі де сөз қисындылығы талаптарын орындай алды ма?

3. Келіссөз жүргізудегі мақсат не? Келіссөзде қандай қателіктер жібермеу керек деп ойлайсыз?

4. Қалай ойлайсыздар, кімнің сөзі орынды шықты? Екі тарап қандай келісімге келеді?

7) Сөйлем үлгілерін қандай мақсатта айтуға болатынын анықтаңыз.

  Сөйлем үлгілері Эмоциялық реңк беру Ашық қарым-қатынасқа ниет таныту Әңгімені нақтылап, дамыту
Иә, иә... Иә, тыңдап тұрмын. Әрине! Рас па?      
Өз ойыңызды айтыңызшы; Ол туралы не ойлайсыз? Сонда ол не дегені?      
Уақытыңызды жақсы өткіздіңіз бе? Уайымдай бастаған сияқтысыз?      

8) Сөздеріне қарап, келіссөзге қатысушы тыңдаушылардың қандай адамдар екенін анықтаңыз.

Тыңдаушылар: Ықыласты Жаны ашығыш Талдағыш Турашыл Байыбына барғыш
-Бұл – дұрыс емес; бұл – өте дұрыс; Бірден іске көшейік!          
-Оның не үшін олай істегені маған енді түсінікті болды; -Мені кінәлі сезіндіру үшін айтып тұрсыз ба?          
-Сіз өте дұрыс айтасыз; -Қандай өкінішті!          
-Қашан? -Нақты мысал келтіріңізші;          
-Әлбетте. -Солай екені рас. -Оқасы жоқ.          

9) Кейіпкерлердің келесі келіссөздерінің жалғасын жазыңыз.

 

Келіссөз жүргізу

Келіссөз жүргізу нақты бір нәтижеге жетуге бағытталып, мақсаты алдын-ала белгіленетін және диалог арқылы жүзегі асырылатын іскерлік қарым-қатынастың бір түрі.

Келіссөздер келесі жағдайларда жүргізіледі:

-нақты бір себептер бойынша (мысалы, отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсететеін Орталық құруға қатысты т.б.);

-нақты бір жағдайларға байланысты (мысалы, екі тараптың мүдделері үйлеспеген кезде);

-нақты бір мақсат бойынша (мысалы, келісім-шарт жасасу);

-нақты мәселелер бойынша (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселерге байланысты).

Келіссөздердің тақырыбы сан алуан болғанмен, барлығының құрылымыбір болып келеді:

 

Қарастырылатын мәселеге ену КІРІСПЕ
1)Келіссөздер барысында қарастырылатын мәселеге, ұсынысқа сипаттама беру НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2)Өз көзқарас, ұстанымын баяндау Келіссөздің дамуы
3)Диалогты жүргізу Келіссөздің шарықтау шегі
4)Мәселенің шешімі Келіссөздің шешімі
Соңы ҚОРЫТЫНДЫ

 

Келіссөздер қиын немесе жеңіл жүруі мүмкін. Серіктестер оңай немесе қиын тіл табысуы мүмкін, болмаса тіпті ортақ келісімге келе алмаулары мүмкін. Бұл ретте субъективтік факторларды да естен шығармау керек: серіктестердің қабілеті, білігі, келіссө жүргізу шеберлгігі. Келіссөз үстелінде іскерлік, кәсіби, коммуникативтік тәжірибесі әр түрлі адамдар жолығуы да мүмкін. Олардың темпераменті, қарым-қатынас жасау стилі, білімдері де әр түрлі болады.

Келіссөздерді жүргізуге алдын-ала үлкен дайындық керек. Келіссөздерді жүргізуде мынадай кемшіліктер жиі кездеседі:

-«Немқұрайдылық» («Холодный запуск»): келіссөздің мақсаты мен маңызын, қиыншылығы мен салдарын терең түсінбеу. Бұл жағдайда келсіссөзді қарсылас басқарып кетеді де, сіз тек мақұлдаушы не тыңдаушы тарап болып қаласыз.

-«Алдын-ала жоспардың, бағдарламаның болмауы» («Отсутствие программы») : Қойылуы мүмкін максималды, минималды талаптарға дайын болмау. Келіссөзде ойыңызды алдын-ала жүйелеп алған дұрыс, болмаса оны қағазға түсірген жөн.

-«Ең бастысы өз пайдам!» («Главное, чтобы меня устраивало!»): тараптардың бірінің өз мүддесін барлығынан жоғары қойып, басқа тараптар үшін келетін пайданың қызықсыз болып қалуы. Өзімшілдік салдарынан тараптардың мүдделерінің тоғыспауы серіктестің келісім жүргізуге деген ынтасын түсіреді.

-«Бәрін өз бетімен жіберу» (Пускать все на самотек): серіктестің өзіне не керек, неге керек, қандай талаптар керектігін және қарсы тараптан күтілетін нәтижені болжай алмауы. Мұндай жағдайда келіссөз жүргізу тиімді болмайды.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.