Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Некоторые актуальные проблемы казахской экономической терминологии 4 страница



Сөз білгенге патша тағы тиеді,

Көп сөз басты жерге әкеліп иеді. (Ж.Баласағұн)

Әдептің басы - байқап сөйлеу. (А.Иүгінеки)

2. Мақал-мәтелдерді пайдаланып «Кішіпейілдің абыройы асады»

тақырыбына эссе жазыңыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Сәбден О. Бәсекелестік экономика Алматы 2007 ж.

2. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі». Астана, «ТАНЫМ». 2003 ж.

3. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. «Қазақ тілі». Алматы, «ЭКОНОМИКА». 2001 ж.

4. Оразақынова Н., Әміреев Н. «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті». Алматы, «Мектеп». 2010 ж

 

Абдрахманова Қ.Ж., Дәркенбаева Г. Қ.

8-тақырып. Құжатты рәсімдеу. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу.

Жұмысқа қабылдау.

Тірек сөздер:құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу, бақылау, жүйелеу, орындау, мұрағат, мұрағатқа тапсыру, түпнұсқа, көшірме, көшірме нұсқа.

Құжаттарды рәсімдеу

Құжаттармен жұмыс істеуді үйрететін ғылым: іс қағаздарын дұрыс жасау, толтыру және рәсімдеу, сондай- ақ олардың қозғалысын, есепке алуды орындауды, сақтауды ұйымдастыруды бақылайтын ғылым. Қазір бір де бір мекеме, ұйым іс жүргізусіз жұмыс істемейді. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді және табысқа жету жолында тиімді құрал болып саналады. Іс қағаздарынрәсімдеу үдерісі -құжаттау болып саналады. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да , құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.). Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат - ресми (басқару) құжат деп аталады. Құжат - ақпараты бар материалық объект, оны құзырлы тұлға құрастырады және өкілетті орган бекітеді. Әрбір құжаттың құрамына бірқатар элементтер (реквизиттер) кіреді: мәтін, құжат түрінің атауы, авторы, адресаты, күні, қолы және т.б. Құжаттың негізгі реквизиті болып оның мәтіні саналады. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай жай және күрделі , шығарылымына қарай түпнұсқа және көшірме болып бөлінеді. Құжатты рәсімдеуді зерделеудің негізі - құжат, сондай-ақ олармен жұмыс істеу үдерісі болып саналады.

Рәсімделетін құжаттың негізгі бір түрі - Жарғы.Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы.

Мемлекеттік стандартқа сай үлгіде жазылатын ресми құжаттың бірі - Жарғы. Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Жарғы мекеме, ұйым, кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында, жалпы мәжілісінде немесе Ғылыми Кеңесінде бекітіліп, қабылданады.

Жарғының деректемелері:

1.Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.

2.Мемлекеттік тіркеу белгісі.

3. Мәтіннің атауы.

4. Жарғының мәтіні.

5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

Жарғының негізгі деректемесі – мәтін, ол санымен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтінде келесі мәліметтер беріледі:

 


Жарғы мәліметтерін негізге ала отырып, құжат заңды түрде рәсімделеді.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Құжаттарды рәсімдеу дегеніміз не?

2. Құжаттарды рәсімдеу кешеніне нелер жатады?

3. Құжат реквизиттерін атаңыз.

4. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?

5. Жарғы дегеніміз не?

6. Жарғының деректемелерін ата.

3-тапсырма. Тапсырмаларды орындаңыз.

1. Құжаттарды рәсімдеудің кезеңдерін оқыңыз.

2. Құжаттарды рәсімдеудің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.

 


4-тапсырма. Үлгі-сұхбатты оқыңыз. Өз фирмаңыздың құжаттарын рәсімдеуге байланысты сұхбат құрыңыз.

– Сәлеметсіз бе, кіруге бола ма?

– Кіріңіз, отырыңыз.

– Қандай шаруамен келдіңіз?

– Біз «Дәулет Бекет» атты өзіміздің Жеке Шаруашылық Серіктестігін (ЖШС) құрмақ едік. Соның жеке Жарғысын рәсімдеуіміз керек. Біздің өтінішімізді орындауға көмектессеңіздер екен.

– Сіздер өз шаруашылықтарыңыздың құжатын заңды түрде рәсімдеу үшін қандай талаптарды орындау керегін білесіздер ме? Құжатты рәсімдеу заңдылықтарымен таныс шығарсыздар?

– Иә, Жарғының деректемелері бізге таныс. Сол талаптар негізінде жасалған Жарғы үлгісін ұсынып отырмыз. Олар:

1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.

2. Мемлекеттік тіркеу белгісі.

3. Мәтіннің атауы.

4. Жарғының мәтіні.

5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

– Онда Құжаттарыңызды кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында қарау үшін қабылдауымымызға болады.

– Өтінішімізді қабыл алғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз.

– Сіздерге де рақмет.

– Сау болыңыздар!

 

5-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.


Құжат

Рәсімдеу

Іс жүргізу

Ресми құжат

Мұрағат

Көшірме

Түпнұсқа

Жарғы

Деректеме

Өтініш

Жалақы

Әлеуметтік кепілдік

Мүлік

Қор

6-тапсырма.Мәтінді орысшаға аударыңыз.

Жеті Жарғы

1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы Тәуке хан келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті қолбасшы, мәмілегер және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған.

Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би «Жеті жарғыны» қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты әдетғұрып ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі заңдар жиынтығы. Онда қазақ өмірінің бастыбасты мәселелері қамтылған. Олар:

1. Жер дауы.

2. Отбасындағы қарым–қатынасқа байланысты құқық ережелері.

3. Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.

4. Ел бірлігін сақтауға, Отанды қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға бағытайтын баптар.

5. Ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы жанжалдарды әділдікпен шешу туралы ережелер.

6. Құн дауы.

7. Құн мен жесір дауы.

 

7-тапсырма.Мәтінді қазақшаға аударыңыз.

Устав

Устав –это свод правил, с помощью которого регулируются отношения между организациями, учреждениями, предприятиями и физическими лицами, а также устанавливаются права, обязанности физических и юридических лиц.

Устав –это один из официальных документов, который пшетсяпо государственному стандарту. Любое предприятие выполнят свою работу согласно уставу. Устав принимается и утверждается на учредительном, общем собрании организации, учреждения, предприятия или же на Совете Ученых. Юридическое лицо подлежит государственной регистрации в органах Юстиции РК.

       
   
 
 


8-тапсырма. Керекті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы ... келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті ... және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған.

Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би ... қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты ... ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі ... жиынтығы. Онда ... бастыбасты мәселелері қамтылған.

Керекті сөздер: қолбасшы, мәмілегер,Тәуке хан, «Жеті жарғыны», қазақ өмірінің,әдетғұрып, заңдар.

9-тапсырма.Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрыңыз.

Құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу,

бақылау, жүйелеу, орындау, түпнұсқа,

көшірме, көшірме нұсқа, жарғы, дау.

10-тапсырма.Тілдік бірліктерді сәйкестендіріңіз.

Рәсімдеу устав

Құжат делопроизводство

іс жүргізу документ

есепке алу контролировать

бақылау систематизировать

жүйелеу выполнять

орындау копия

түпнұсқа оформить

көшірме подлинник, оригинал

жарғы спор

дау взять на учет

еңбек шарты удостоверение личности

жеке куәлік трудовой договор

11-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша өзара сұхбаттасыңыз. Сұхбат жұмысқа орналасу туралы болу керек.

.


Жағдаяттық тапсырма

 
 

 

 


12-тапсырма. Жұмысқа тұру үшін қажетті негізгі құжаттың бірі өзіңіздің түйіндемеңізді жазып көрсетіңіз.

13-тапсырма.Төмендегі үлгіге қарап, өзіңіз бір ресми құжатты толтырыңыз. Ол құжат жұмысқа қабылдау туралы болсын.

Үлгі.

Жұмысқа қабылдау туралы

(аты - жөні) экономист мамандығы міндетін уақытша атқаруға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15 – бабының 1- тармағына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14- бабының 8- тармағына сәйкес 2012 жылдың 10 қаңтарынан бастап арнайы тексеруден өткенге дейін үш айлық сынақ мерзімімен қабылдансын.

Төлем қолданылып жүрген еңбек заңына сәйкес жүргізілсін.

 

Негіздеме: конкурстық комиссияның 2012 жылғы 5 қаңтарындағы шешімі, жеке еңбек келісім-шарты.

 

Директор қолы аты-жөні

Өлең жаттайық!

Жетісу

Отанымның орнығып кең төріне,

Айналасын ақ таулар көмкеруде.

Жаралғандай Жетісу ертегіден,

Еркелейді Жетісу ерке күнге.

Еркелейді,

Еркелейді,

Еркелейді Жетісу ерке күнге.

 

Ұясынан ұшырған балапаны,

Даңқын елге жетісу таратады.

Болашағы баламның Жетісуым,

Әлпештеген анамның алақаны.

Әлпештеген

Әлпештеген

Әлпештеген анамның алақаны.

 

Күншығыстан алаулап таң атарда,

Қасиеттеп қарайьын жан отанға.

Сәлем берем бас иіп Жетісуға,

Сәлем берем бас иіп Алатауға.

Сәлем берем,

Сәлем берем,

Сәлем берем бас иіп, Алатауға!

Сәлем берем бас иіп Алатауға!

Сәлем берем бас иіп Алатауға!

14-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқып, оны жаттап алыңыз.

Туған жер, Отан туралы өз ойыңызды, отансүйгіштік сезіміңізді білдіріңіз.

СОӨЖ тапсырмалары

1. «Жұмысқа орналасу» деген тақырып бойынша өзара сұхбаттасыңыздар.

2. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз.

3. Өз шаруашылықтарыңыздың құжатын заңды түрде рәсімдеу үшін қандай талаптарды орындау керегін атаңыз.

СӨЖ тапсырмалары

Құжатты рәсімдеу заңдылықтары туралы реферат жазыңыз.

 

Тест сұрақтары

1 .Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі...болып саналады

А. құжаттау-

В. сұрау

С. есептеу

Д. реттеу

Е. санау

2.Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат ...

А. ресми құжат -

В. Заңды құжат

С. көшірме құжат

Д. ақпараттық құжат

Е. есеп беру құжаты

3.Құжаттың негізгі реквизиті не?

А. адресат

В. құжат атауы

С. уақыты

Д. авторы

Е. Мәтін

4.Құжат әзірлеу неше кезеңнен тұрады?

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5

5.Рәсімдеу сөзінің орысша баламасын табыңыз.

А. оформить

В. контролировать

С. систематизировать

Д. выполнять

Е. назначить

6.«Жеті Жарғыны» Заңы қай ханның тұсында қабылданды?

А. Абылайхан

В. Қасым

С. Тәуке

Д. Жәңгір

Е. Әбілқайыр

7.«Жеті жарғы» неше бөліктен тұрады?

А. 7

В. 6

С. 9

Д. 4

Е. 3

8.Устав сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

А. құқық

В. үкім

С. жарғы

Д. шешім

Е. қаулы

9.Мазмұнына қарай құжаттардың атауын табыңыз.

А. жай және күрделі-

В. ішкі және сыртқы

С. заңды, заңсыз

Д. құпия, құпия емес

Е. жеке, жалпы

10. Құжаттаршығарылымына қарай қалай аталады?

А. түпнұсқа және көшірме -

В. жай және күрделі

С. қолжазба

Д. заңды, заңсыз

Е. ескі, жаңа

11.Жарғы дегеніміз не?

А. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемемен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы. -

В. қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім

С. жазба құжатқа қатысты ақпараттық элемент.

Д. құжаттарды сақтаудың белгіленген тәртібі.

Е. жиналыс, конференция т.б. талқыланған мәселе бойынша қабылданған шешім.

12.Өз ... жұмыстан босатуыңызды сұраймын.

А. еркіммен-

В. ойыммен

С. шешіміммен

Д. ретіммен

Е. пікіріммен

13.Сөйлемді толықтырыңыз. Мені жұмысқа қабылдау... сұраймын.

А. - ыңызда

В. - ға

С. - мен

Д. - ыңызды

Е. – ды

14.Мақалды толықтырыңыз. Тәртіпсіз ел болмайды,...

А. Тәртіпке бағынған ел болмайды.

В. Тәртіпке бағынған ер болмайды.

С. Тәртіпке бағынған құл болмайды. -

Д. Тәртіпке бағынған бай болмайды.

Е. Тәртіпке бағынған қорқақ болмайды.

15.Жұмыс істейтін адам мен оны жұмысқа қабылдаған мекеме арасында жасалған шарт қалай аталады?

А. еңбек келісімі -

В. еңбек жолы

С. еңбек өтілі

Д. еңбек арнасы

Е. еңбек майданы

16.Сөйлемді қазақшаға аударыңыз. Прошу меня принять на работу.

А. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтіндім.

В. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтініп жүрмін.

С. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінемін.-

Д. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінермін.

Е. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінгенмін.

17. «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ... жолы»

А. тар

В. кең

С. түзу

Д. дұрыс

Е. ескі

18.«Жеті жарғы» нешінші ғасырда қабылданды?

А. ХІІІ ғасыр

В. ХІІ ғасыр

С. ХV

Д. ХV

Е. ХVІІ

19. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне және табысқа жетуіне ...

А. көмектеседі

В. ықпал етеді-

С. кері әсер етеді

Д. қажет болады

Е. зиянын тигізеді

20.Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін ... сәйкес жүргізеді.

А. жарғыға

В. қаулыға

С. өтінішке

Д. сұранысқа

Е. табысқа

Глоссарий

1. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да , құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.

2. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы.

3. Құжат– заңды күші бар материалдық ақпарат.

4. Іс қағаздарын жүргізу– кеңсе істерін жүргізу, мекеменің қызметін құжаттандыру және онда құжаттарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың жиынтығы.

5. Дубликат– түпнұсқаның орнына жасалған құжат, заңды күші түпнұсқамен бірдей болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.Хасанұлы. Іс жүргізу әлемі мемлекеттік тіл қолданысының ауқымды арнасы.оқу құралы .А: 2011.

2. К. Тышқанбайұлы. Тәрбиелік, даналық сөздер. Қызылорда. 2006.

3. Г.О.Байжанова,Г.А.Маймақова . Ісжүргізу. Астана. 2007.Фолиант.

4. М. Мақатаев. Аққудың қанатына жазылған жыр. Алматы.2001. Шартарап.

5. С. Бөрібаева. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу. Оқу құралы.Алматы. «Қазақ университеті» 2011.

 

 

Құрастырушы: п.ғ.к., доцент м.а. Ж.М.Бектұрғанова

Келіссөз жүргізу әдебі. Сөздің қисындылығы.

Тірек сөздер: Келіссөз жүргізу, шарт, талап, келісім-шарт, тасымалдау, баға, ішкі/сыртқа нарық, мүмкіндік, тапсырыс, атақ-бедел, шығын, жоспар, шешім, төлемақы, есеп-шот, қарастыру, қабылдау, ескеру, бас тарту, ұсыну, келісімге келу, келісімге отыру, бизнесмен, кәсіпкер

Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғалардың қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне және сөйлеушінің ойды жеткізу стилі мен жанрына, автор мен адресаттың даралық ерекшеліктеріне сай өз орнында қолданылуын айтады.

Қисындылық сөздің: 1) стиліне 2) контекстегі жағдаятына 3) сөйлеушінің және тыңдаушының жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктеріне байлаулы болады.

       
 
 
   


Сөздің стильдік қисындылығы

Сөздің стильдік қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына тікелей байланысты болып келеді. Айталық, студенттерге арналған лекцияны балабақшада оқу ақылға сыйымсыз. Сол сияқты келіссөзде қарсы тарап түсінбейтін тілде, тым ғылыми тілде немесе тым жабайы тілде сөйлеу қисынсыз. Ол екі тараптың өзара келісімге келуіне кедергі болады. Олай болса, сіздің кездесуіңіз құрдымға кетті дей беріңіз. Сол сияқты шетелдіктермен іскерлік кездесуде халықаралық іскерлік мәдениетін, ресми стиль мәдениетін білмесеңіз, ол сіздің ісіңізге бөгет болуы мүмкін. Сондай-ақ, бөтен ортада өзіңізді және өзіңіздің халқыңыздың данышпандығын көрсететін орынды айтылған ой мен сөз, сый-құрмет сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Ол сіздің көпшілік алдындағы беделіңізді өсіреді, сіз арқылы халқыңыздың мерейі үстем болады. Әр істің қисынын келтіру сіздің қисынды айтылған сөзіңіз бен орындаған әрекетіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Сөзді терең талғаммен таңдап, мағынасын ақылмен салмақтап барып жұмсаңыз. Сөзге сақ болыңыз, сөз өшіреді де, өсіреді де.

 
 


Сөздің контекстегі жағдаятпен қисындылығы

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.