Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Некоторые актуальные проблемы казахской экономической терминологии 3 страница



- Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметсізбе! Сізге қандай көмек көрсете аламын?

- Уақытыңызды алғаныма ғапу етіңіз. Маған «Нарда» компаниясының директоры Қалғұлова Шырын керек еді.

- Мына кабинетке кіріңіз.

- Рақмет.

- Сәлеметсізбе?

- Сәлеметсіз бе! Мен – «Жи-Мур» компаниясының директоры Әбділда Жанерке боламын.

- Төрлетіңіз. Танысқаныма қуаныштымын. Сізге қандай көмек қажет?

- Біздің компания Қазақстанның барлық облыстарына өнімдерін шығарып, елімізді сүт тағамдарымен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан сіздердің компанияларыңызбен бірлесе отырып, сүт өнімдерін ТМД елдеріне экспорттасақ деген ұсыныспен келіп отырмын. Бұл мәселе туралы не ойлайсыз?

- Жақсы. Ол үшін өнімнің сапасын жоғарылатып, жылдық есеппен санын көбейту керек. Сонда ғана сіздердің өнімдеріңіз жақсы экспортталды. Біздің компания ТМД елдеріне өнімін он жылдан астам уақыт экспорттап келеді. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, өнімді өндіру сапасын жақсартайық. Бұл істі орындау сіздердің қолдарыңыздан келе ме?

- Тіптен тамаша болды ғой. Керекті құжаттарды қашан толтыра аламыз?

- Онда бір жеті ішінде барлығы дайын болады.

- Сізге көп рақмет. Осы аптаның аяғында бұл іс жайында тағы келіп кетермін. Уақытыңызды бөлгеніме кешіріңіз.

- Сау болыңыз!

- Көріскенше.

3-тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңыз жәнемәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындаңыздар.

Іскерлік кездесудегі тамақтануға қатысты әр елдің өз

салты мен әдебі

Жапонияда іскерлік тамақтануда көбінесе екі жақ бір-біріне кішкене сыйлық ұсынады. Сыйлық арнайы орама қағазбен, көбіне жылы түсті қағазбенн оралуы тиіс және лентасыз болуы керек. Сыйлықты қос қолмен бірдей ұстап тапсырыңыз. Сыйлық қандай зат болса да , оның саны төрт немесе тоғыз болуы тиіс. Бұл бақытсыздықтан сақтайды деген ырым.

Үндістанда іскерлік шақыруға тікесінен «жоқ» деп жауап беруге болмайды.Себебі бұл олардың түсінігінде намысқа тиетін қолық болып есептеледі. Кездесуге бармайтын болсаңыз, жауапты тікесінен қайырмай, жұқалатып жеткізіңіз. Мысалы: «Егер қолым тимей қалмаса, баруға тырысамын» деген сияқты.

Араб елдерінде егер сізді қабылдауға не тамақтануға шақырса, онда белгіленген уақыттан 10-15 минутке кешігіп барған жөн. Себебі онда кез-келген өзін-өзі сыйлататын адам өзін күттіруі тиіс деп саналады. Егер сіз дәл белгіленген уақытта барсаңыз, кездесуге шақырған жақ сізді осы кездесуге өте мұқтаж деп түсініп, келісім барысында бүкіл артықшылықтарды өздеріне бұруға тырысады. Сонымен қатар, ас ішкенде ешбір тамақты сол қолыңызбен алып жемеңіз және сол өолыңызбен ұсынбаңыз. Себебі араб елдері мұсылман дінін ұстанады. Ал мұсылман елінде сол қолмен желінген ас харам болып есептеледі.

Қытайлықтарда қонақжайлығы мен сыпайылығында мін жоқ.Ас иесінің ыстық ықласы мен дастаханының берекелігіне қарап, іскерлік келісім орнады екен деп сеніп қалмаңыз. Қайта керісінше ойлау керек. Қытайлықтар келісімге қарсылығын жұмсарту үшін де сізге жақсы қонақасы беруге тырысуы мүмкін.

 

4-тапсырма. Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыздар.

1. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

2. Біздің елімізде іскерлік тамақтануға қатысты салт пен әдеп бар ма?

Сипаттама беріңіз.

3.Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіз?

4.Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.

5-тапсырма.Қазақ тіліне аударыңыз.

 

Культура общения, речевой этикет: тема и содержание разговора


Воспитанный человек редко рассказывает в обществе о своих личных делах, отношениях на работе, своих детях, недомоганиях, заботах, привычках, вкусах. Без особой надобности он не поделится и тем, что делал с утра.
Культурный человек мало говорит и о делах своих ближних. Иными словами, не сплетничает. Если вам навязывают подобную тему, лучше отвечать: «Полагаю, что нас это не касается». Если сплетничают о вас, не следует вовсе обращать на это внимания. Объяснения, опровержения, особенно «на всякий случай», никогда себя не оправдывают. Ведь часто бывает, что свою правоту вы доказываете человеку, который до этих пор вовсе не слышал о вас ничего дурного..
Не говорите на иностранном языке в присутствии людей, которые им невладеют.
Не следует спрашивать профессионального совета у врача или юриста, которого случайно встретили в гостях, на улице или в транспорте.
Некрасиво постоянно жаловаться на неудачи, на большой нос или кривые ноги.Может быть, ваш собеседник никогда этого не отмечал.
Редко привлекает к себе симпатии человек, повествующий в обществе о своих успехах, высоких качествах, талантах

Мәтін бойынша тапсырмалар

А) 1.Мәтіндегі сөйлеу әдептілігіне байланысты айтылған ойға назар аударыңыз. Әдеп ұғымдарын жан-жақты мағынасын ашыңыз.

2.Мәдениетті адам деп кімді айтамыз?

3.Қоғамдық орындарда адам өзін қалай ұстау керек?

4.Өз ісіңіздегі сәтсіздіктер, бойыңыздағы кемшіліктер туралы басқаларға айтып шағымдануыңыз дұрыс па?

5. «Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деген мәтелді қалай түсінесіз?

6.«Жамандар жақсымын деп айқайлайды, жақсылар жақсымын деп айта алмайды» деген мәнерлі сөзді өз сөзіңізбен түсіндіріп айтып беріңіз.

Ә)Төмендегі сөздерді айтылу нормасы бойынша жазыңыз.

Жұмысшы [жұмұшшұ] шекара

Түнгі [түнгү] іс жүргізу

Басшы келе қалды

Қол қою алып ал

Түйе алып бар

Көлге күш-жігер

Онға Қыз Жібек

Тонға Боз жорға

Тоны жүрек оты

Боз құнан қара ала

6-тапсырма.Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

 

мәдениетті адам –

әріптестермен кездесу –

іс жүргізу –

іскерлік кездесу белгілеу –

жоспар құру –

кеңес беру –

 

7-тапсырма.Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.

Іскерлік кездесу, іскерлік тамақтану, сыйлық тапсыру, дөрекі сөйлеу, ойын толық аяқтау, сөйлеу ерекшеліктері, толық меңгеру, уақыт белгілеу, еңбек ету, ақыл-кеңестерін тыңдау, пікірімен санасу, кездесуге бармау, кешігіп бару.

8-тапсырма. Іс сөзімен туынды сөздер қатарын жасаңыз.

Үлгі: Іскер, ...

 

9-тапсырма.Сөз тіркестерін дұрыс құрастырыңыз.

Үлгі: 1. Қызмет бабындағы мәселелерді талқылау.

1. мәселелерді, бабындағы, қызмет, талқылау

2. байланыс, іскерлік, орнату.

3. қызметкерлер, елшілік, болған, қызметтерде.

4. серіктеспен, қол, іскерлік,алысу.

5. жоғары,көріну, мәдениеттіліктің, деңгейінен

6. сауатты, білу, ойыңызды,жеткізе

7. еркін, өзін, ұстау

 

10-тапсырма. Сөздерді аударып, олардың жасалу жолына назар аударыңыз.

Іскерлік -

Жауапкершілік

Ынтымақтастық –

Алыпсатарлық –

Ұйымдастырушылық

Мемлекеттік –

Кішіпейілділік –

Серіктестік –

Қаржылық –

Делдалдық

11-тапсырма.Сөз тіркестерінің орысша-қазақша баламаларын жұптастырыңыз:

Деловая документация Деловая поездка Деловая репутация Деловая этика Деловая речь Деловой разговор Деловые бумаги Деловой человек Деловые отношения Деловой подход к вопросу Деловой контакт Іскер адам Іс қағаздары Іскерлік қатынас Іскерлік құжаттама Іс жөнінде бару Іскер адам Іскерлік бедел Іскерлік әдеп Іс туралы әңгіме Іскерлік байланыс Іс қағаздар тілі

 

12-тапсырма.Сөйлеу әдептілігіне байланысты айтылған ойға назар аударыңыз, тәрбиелік мәнін талдаңыз.

Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз.

Тіл тигізіп сөз жүргізбеңіз.

Біреудің сөзін бөлмеңіз.

Біреу жаңылысса, сөкпей, жәймен түсіндіріңіз.

Қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз.

Ата-бабаңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз.

Ант ішіп сөйлеген, өтірікшінің әдеті.

Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпайыды.

13-тапсырма.Мәтінді оқып шығып, ғалымның қандай күрделі мәселе көтеріп отырғанына назар аударыңыз.

 

Тіл тазалығы

Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.

Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан:

А) Ескірген сөздерге жоламаған.

Ә) Жаңадан шыққан сөздерден қашқан.

Б) Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан.

В) Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған.

Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа азуы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.

Ахмет Байтұрсынов.

Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыздар:

1. Шеттілдік сөздерді орынсыз қолданудың сөз сапасына тигізер жағымсыз әсеріне мысал келтіріңіз.

2. Сөз тазалығына нұқсан келтіретін дөрекі сөздер, жергілікті сөздер(диалектизмдер) тәрізді жағымсыз қолданыстарға мысал келтіріңіз.

3. Қазіргі кезде ана тілімізді тазалығына нұқсан келтіретіндей қауіп бар ма?

 

14-тапсырма.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптерге көшіріп жазыңыз.

1. Қызмет бабында жеке кісімен конфиденциальді пікірлесу қажет болады. Бұл сізден .......... жоғары деңгейінен көрінуіңізді қажет етеді. Әрбір жағдайға қажетті тон, ............ тауып, ойыңызды ......... жеткізе білуіңіз керек. ( Керекті сөздер:мәдениеттіліктің, сауатты , сөздерді)

2. Әр маман өз ісінің үгітшісі, ......... болуы керек .Көпшілік алдында .......... сөйлей білгеніңіз, тілін білгеніңіз – білікті ......... ретінде бағаңызды көтереді. ( Керекті сөздер:маман, еркін.шешені.)

3.Тіл маманның бар ........, ісін жүзеге асыратын, ......... немесе жеткізетін құрал. ( Керекті сөздер: бейнелейтін, ойын)

15-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Мейрамханадағы іскерлік кездесуге байланысты әріптесіңізбен сұхбат құрыңыз.

Біле жүріңіз....

1. Іскерлік кездесуге мейрамханаға ешқашан аш келмеңіз. Дұрысы, алдын ала бір жерден тамақтанып алу керек. Сіз мейрамханаға тамақ ішу үшін емес, іскерлік байланыс орнатуға және қызмет бабындағы мәселелерді талқылауға бара жатырсыз.

2. Дастарқан басында өзіңіздің диеталық талғамыңыз бен денсаулығыңыздың ақаулары туралы айтуға болмайды. Егер ұсынылған тағамды жегіңіз келмесе, аллергияңыздың бар екенін немесе асқазаныңызға жақпайтынын түсіндіріп жатпай-ақ, тағамды ысырып қоя салыңыз.

3. Қол алысқанда іскерлік серіктесіңіздің қолын қатты қысуға болмайды, бірақ қол алысу жігерлі нығыз болуы тиіс. Қол алғанда қолды екіден артық сілкілемеу керек. Кездесушіге мұздай суық қолды ұсына салу да ағаттық. Егер күн суық болса, қолыңызға қолғап киіп жүріңіз.

16-тапсырма.Сөздікті жаттап алыңыз.

жауапкершілік – ответственность

дөрекілік – грубость

кепілақы – задаток

мөр, мөртабан – печать

сөз мәдениеті – культура речи

 

17-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. Көп нүктенің орнына керекті сөз және сөз тіркесін тауып қойыңыздар.

2-топ. Берілген мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің «Сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар? Өз түсініктеріңді ауызша баяндаңдар.

3-топ. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, бір қанатты сөзді тақырып етіп шағын шығарма жазыңдар.

1.Тіл – адам ойының ... 2. Аңдамай сөйлеген ... ... 3. Ойнап сөйлесең де, ... ... 4. Тисе терекке, тимесе ... 5. Айтылған сөз - ... оқпен тең. 6. Бал тамған тілден ... тамар. 7. Көп сөз - ... 8. Көп сөз – күміс, аз сөз ... 9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... ... 10. Таза сөйлеу – биік ... 11. Көңілсіз ... – ойға олақ.

Керекті сөздер: 1.Құлақ. 2. Мылжың боласың. 3. Мәдениеттілік. 4. У. 5. Атылған. 6. Бос сөз. 7. Айнасы. 8. Ауырмай өледі. 9. Ойлап сөйле. 10. Алтын. 11. Бұтаққа.

 

18-тапсырма. Мағынасы берілген сұрақтарға сәйкес келетін тұрақты тіркесті табыңыз.

 

1. Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі тік сөйлейді. Әдеппен сөйлеуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай?

2. Сабақ сұрағанда кейбір балалар айтайын деген ойын толық айтып аяқтамай, аяғын қайтеді?

3. Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжаң балалар да болады. Оны қалай дейді?

4. Оқуға да, жұмысқа да пысық болмай, бос, болбыр болса, оны қалай дейді?

5. Жолдастарының да, басқаның да айтқан ақыл, кеңестерін мақұлдамай, өзінше жүретін болса, оны қалай дейді?

6. Ешкімді аямайтын, аяушылық дегенді білмейтін болса ше?

7. Еңбек етпей, ұрлық, бұзықтық жолымен мал тауып, күн көруді ойлайтын оңбағандарды қалай дейді?

К е р е к т і т ұ р а қ т ы т і р к е с т е р: шыбық тимес шыңқ етер,сөзінің аяғын жұтып қояды, оңай олжа табу, арам тамақ, сөзі түйеден түскендей, қоян жүрек, босбелбеу, адамға жаны ашымайды, ешкіммен санаспайды, бетімен кеткен. («Қызықты грамматика»кітабынан)

 

19-тапсырма. Тіл сөзімен жасалатын тұрақты тіркестердің баламасын табыңыз.

 

Тіл қысқа. Тілі мірдің оғындай. Тілге жүйрік. Тіл мен жағына сүйенді. Тілдесе алмады. Тілдің майын тамызады. Тіліңді тарт. Тілі ащы. Тілі өтті. Тілге (біреудің) ерді. Біреудің ықпалында болды. Сөйлеудің реті келмеді. Ойындағысын жеткізіп айтып бере алмады. Мылжыңдап бос сөз айтты. Көз тиді. Сөзге шешен, өткір тілді, ділмар. Сөзін тигізіп сөйлейді. Шағып сөйлейтін адам. Тыңдаушысын ұйыта сөйледі.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?

2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?

4.Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?

6. Сөз байлығы дегеніміз не? Тілдің лексикасын қандай сөздер байытады?

7. Тіл тазалығы дегеніміз не? Оның шарттары қандай?

8. Орфоэпиядеп нені айтамыз? Оның орфографиядан айырмашылығы неде?

9.Орфэпия нормасы деген не? Орфоэпия нормаларын білу қандай мәселелерді білумен тығыз байланысты? Мысал келтір.

 

Тест сұрақтары

1. Әдеп деген не?

А) нормадан ауытқудың өлшемі

В) қарым-қатынастың құралы

С) сөйлеудегі мәдениет тірегі

Д) адамдардың өзара тілдесуі

Е) адамдардың өзара келісуі

2. Қарым-қатынас деген сөз қандай ұғымды білдіреді?

А) екі адамның бетпе-бет тілдесуі

В) адамның өз ортасымен жанды байланысы

С) көпшіліктің ортақ пікірі

Д) халықтың дәстүрдің көрінісі

Е) көпшілікпен кездесу

3. Іскерлік қарым-қатынасқа тән белгіні көрсетіңіз.

А. Дос-жаранмен сыйластық

В. Отбасындағы қатынас

С. Қызмет бойынша қатынас

Д. Қоғамдық көліктегі сөйлесу

Е. Аудиториядағы сөйлесу

4. Бөлім бастығы сейсенбі... мәжіліс өткізеді.

А) –да

В) –де

С) –та

Д) –те

Е) - ке

5. Іскер адамдар ... ұтымды пайдалануға тырысады.

А) –уақытты

В) –мәселені

С) –еңбекті

Д) –ақшаны

Е) –айлықты

6. Сізбен кездесіп жоспардың кейбір мәселелерін анықта... деп едім.

А) –ейін

В) –айын

С) –йын

Д) –айық

Е) - аңыз

7. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз.

А. Көңіл аудару

В. Көңүл гүйү

С. Көлік

Д. Күйдіргі

Е. Көркем

8. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Өзін-өзі

В. Өзінше

С. Өйткені

Д. Құбұжұқ

Е. Қызғылт

9.Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Күлдүргі

В. Күлдіргі

С. Күлдүргү

Д. Күлдіргы

Е. Құлдырғы

10.Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Тияды

В. Тыяды

С. Тыйады

Д. Тыйяды

Е.Тийады

11. Іскерлік қарым-қатынастың сапасына оң әсер ететін факторды атаңдар.

А. Шешен сөйлей білу

В. Ресми сөйлесу әдебін білу

С. Дауыс ырғағын сақтап сөйлеу

Д. Асықпай сөйлеу

Е. Ойланып сөйлеу

12. Адам бойындағы қандай қасиет іскерлік қарым-қатынастың тиімділігін төмендетеді?

А. Ұялшақтық

В. Алғырлық

С. Шешендік

Д. Әріптестерін сынау

Е. Қарсы пікірге келу

13. Адамдармен қарым-қатынас орнатуға ...........................бар.

А) бейімділік

В) бейімі

С) бейім

Д) бейімді

Е) бейімсіз

14. Мақалдың түсірілген бөлігін орнына қойыңыз:Адам ....... көрікті.

А) ақылымен

В) шашымен

С) сөзімен

Д) әдебімен

Е) күлкісімен

15. Мәдениетті адам сөйлесу кезінде қандай ережелерді орындайды?

А) бұрылады, шыдамсызданады

В) сағатқа қарайды, асығады

С) дөрекі сөздерді қолданады

Д) өз ойын дұрыс грамматикалық нормада жеткізеді

Е) ұялы телефонға жауап береді

16. Орфографиялық нормаға сай сөз қайсы?

А) қыйын

В) тиым

С) сиық

Д) сыйлық

Е) жиын

17. Орофоэпиялық нормаға сай сөз қайсы?

А) өлең

В) құндұз

С) жұлдыз

Д) көпір

Е) лақ

18. Қарағым, айналайын, балақай деген сөздердің кімге айтылатынын көрсетіңдер.

А) үлкен кісілерге, апайларға

В) әжелер мен аталарға

С) кішкентай балаларға

Д) тек қана қыз балаларға

Е) тек қана ұл балаларға

19. Ресми ортада қолданылатын сөз орамдары:

А) ағай, апай, тәте, әжей.

В) ханым, мырза, бикеш.

С) қарындас, інім, қалқам.

Д) айналайын, шырағым

Е) балапаным, қарағым

20. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз:

А) өз сөзіңді мойындата білу.

В) тыңдаушының ойынан шығу.

С) тіл тазалығын сақтау.

Д) оқшау сөздерді қолданбау.

Е) оқшау сөздерді қолдану.

 

Глоссарий

Әдеп – адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы.

Мінез-құлық –адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет.

Мәдениет – адамзаттың өндірістік, қоғамдық және ақыл-ой жетістігінің жиынтығы.

Іскерлік қатынас– адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында , мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынас түрі.

Серіктестік– екі немесе оданда көп адам бірлесіп айналысатын бизнес.

Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.

Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормаларының жиынтығы.

 

Бақылау сұрақтары

1. Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?

2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?

4. Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?

 

СОӨЖ тапсырмасы

 

1. «Іскерлік - бүгінгі заман адамына қажетті басты қасиет» атты пікірталас ұйымдастырыңыздар.

2. Іскерлік қарым-қатынас пен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айқындаңдар. Екеуін салыстыра отырып, оны кесте түрінде көрсетіңдер.

3. «Адам әдебімен көрікті» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

 

 

СӨЖ тапсырма

1. Мақалдарды жаттаңыз.

Тәкаппар адам ұшпаққа шықпас. (Ж.Баласағұн)

Тәкәппардың құты қашады. (А.Иүгінеки)

Көкірекшіл – тақсірет тартады. (М.Қашқари)

Менмендікті тәңір де сүймес. (Қорқыт)

Құрмет ақымақты тәкаппар етеді. (Ж.Баласағұн)

Әдепті келіп сұраған кісінің ісі алға озады. (С.Барайн)

Өтінішті білгеннің өрісі бар. (Б.Алақұс)

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.