Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Клиникалык фармакология



 

1. Глюкокортикостероидтар қабылдағанның артықшылығы: //

Остеопороз индукциясы//

Суйек басының асептикалық некрозы жиілігінің жоғарылауы//

12 айдан кейін ГКС эффективтілігі СЕҚҚП эффективтілігімен теңеседі//

+ эффективтілігінің тездігі//

Инфекционды артритте эффективті

***

2. Науқас Р., 65 жаста, кенеттен бас ауруына, көз көруінің нашарлауына? Оң жақ көзі басым, иық бұлшықеттеріндегі ауру сезіміне, арықтауға шағымданды. 3 жылдан бері ауырады. Кейіннен беттің оң жақ бөлімінде ауру сезімі мен парестезия пайда болды. Жағдайы ауыр, қолымен бетінің оң жақ бөлігін ұстап отыр, оң жақ самай артериясын сипағанда қатты, пульсация төмендеген, АҚҚ-140/70 мм сын.бағ. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы. Окулист: көру жүйкесінің атрофиясы. Қандай топ препараттарын тағайындаған ең тиімді?//

цитостатиктер//

антикоагулянттар//

+ кортикостероидтар//

аминохинолин туындылары//

стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

***

3. Науқас Н., 60 жаста, зейнетке дейін сылақшы болып жұмыс істеді. 10 жыл бұрын ауру білезік буынында, қол саусақтарының алақан-фаланг буындарында ауру сезімінің болуымен, таңертеңгілік құрысумен басталды. Бұрын ішімдікті шектен тыс қолданған, асқазанның жара ауруымен ауырған. Объективті: «бутоньерка» типі бойынша саусақтардың деформациясы, саусақ сырты бұлшықеттерінің гипотрофиясы, қозғалыс көлемі шектелген. Қанда:

эр-4,5 млн. Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ. Латекс тестте 1:40. Диагноз: Ревматоидты артрит. Емдеу бағдарламасына аталған препараттардың қайсысын қосқан тиімді?//

ГКС буын ішіне //

метотрексат//

пироксикам //

+аркоксия //

индометацин

***

4. Науқас А., 30 жаста, қол саусақтарындағы ісіну мен ауру сезіміне, таңертеңгі уақыттағы қозғалыстың қиындауына шағымданады. Объективті: екі жақ қолдың II-IV саусақтарының проксимальды фалангаралық буындарының симметриялы дефигурациясы. Ауру сезімі мен экссудативті өзгерістерге байланысты қозғалыс шектелген, әсіресе, буындарды жазу. Қанда: эр-4 млн., Нв-98 г/л, лейк-10 мың, ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Жарты жыл бойы нимесил 200 мг/тәу., метотрексат 7,5 мг аптасына қабылдады. Эффективтілік жоқ. Науқасты жүргізудің қандай тәсілі ең тиімді?//

+Метотрексат 10 мг/ аптасына + преднизолон 20 мг/тәу//

Индометацин + диклофенак//

преднизолон ішке+ преднизолон буын ішіне//

метотрексат+ остенил//

метотрексат+ плазмаферез

***

5. Науқас А., 30 жаста, қол саусақтарындағы ісіну мен ауру сезіміне, таңертеңгі уақыттағы қозғалыстың қиындауына шағымданады. Объективті: екі жақ қолдың II-IV саусақтарының проксимальды фалангаралық буындарының симметриялы дефигурациясы. Ауру сезімі мен экссудативті өзгерістерге байланысты қозғалыс шектелген, әсіресе, буындарды жазу. Қанда: эр-4 млн., Нв-98 г/л, лейк-10 мың, ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Серонегативті. Адекватты қабынуға қарсы және базисті метотрексатпен ем нәтижесіз. Науқасты жүргізудің қандай тәсілі ең тиімді?//

+Метотрексат+ ритуксимаб//

Индометацин + диклофенак//

преднизолон ішке+ преднизолон буын ішіне//

метотрексат+ остенил//

метотрексат+ плазмаферез

***

6. Ревматоидты артритпен ауыратын, метотрексатпен базисті ем қабылдайтын науқаста физикалық жүктемеден кейін аздаған ентігу, бас ауруы, әлсіздік пайда болды. Рентгенологиялық: өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі, өкпе құрылымы ұяшық тәрізді. ФВД зерттеу: форсирленген тыныс шығарудың төмендеуі. Науқасты жүргізудің қандай тәсілі ең тиімді?//

кризанол//

+лефлунамид (арава)//

азатиоприн//

диклофенак //

D-пеницилламин

***

7. Науқас Э., 32 жаста, ревматоидты артритпен ұзақ уақыттан бері ауырады. Базисті емге метотрексат 10 мг/аптасына қабылдады, ем фонында herpes zoster пайда болды. Науқасты жүргізудің қандай тәсілі ең тиімді?//

+ метотрексатты тез арада тоқтату//

метотрексатты біртіндеп тоқтату//

метотрексат мөлшерін 5 мг/аптасына азайту//

метотрексат мөлшерін 15 мг/аптасына дейін жоғарылату//

преднизолон 40 мг/тәу қосу//

***

8. Базисті препараттардың қайсысы ревматоидты артриттің кез-келген активтілігінде қолданылады?//

Плаквенил//

Сульфаниламидтер//

Циклофосфан//

+метотрексат//

Пеницилламин

***

9. Жас әйел РА ауырады. 3 жыл бойы метотрексат 10 мг/аптасына, фолий қышқылын метотрексат ішпейтін күндері 3 таб қабылдайды. Қазіргі уақытта РА активтілігі жоқ. Жүктілік мүмкін бе?//

+метотрексатты тоқтатқаннан кейін 6 айдан кейін//

метотрексатты тоқтатқаннан кейін 12 айдан кейін//

метотрексатты тоқтатқаннан кейін 1 айдан кейін//

метотрексатты тоқтатқаннан кейін 1 жылдан кейін//

жүктілік болмайды

***

10. Глюкокортикостероидтарды буын ішіне енгізуге көрсеткіш://

+ активті артрит (РА кезіндегі моноартрит, АС, периартриттер) //

Буында қабыну белгілерінің болмауы-«құрғақ буын»//

Буынның айқын деструкциясы мен деформациясы//

Жымбас-сан буынының артриті//

Алдында буын ішіне енгізілген ГКС тиімсіздігі

***

11. Жүйелі қызыл жегіде метилпреднизолонмен пульс-терапияны тағайындауға ең көрсеткіш://

полиартритте//

дискоидты бөртпеде//

гепатоспленомегалияда//

жекелеген зәр синдромында//

+ айқын тромбоцитопениямен цитопения

***

12. Жүйелі қызыл жегімен ауыратын циклофосфан қабылдайтын науқаста лейкоциттер деңгейі 2,9 мыңға дейін төмендеді. Қандай әдіс ең тиімді?//

циклофосфанды тоқтату//

циклофосфанды азатиопринмен ауыстыру//

циклофосфан мөлшерін төмендетіп, плазмаферез курсын бастау//

+циклофосфанды тоқтату, 1,5-2 мг/кг мөлшерінде преднизолон тағайындау//

циклофосфан мөлшерін өзгертпей, бір уақытта преднизолон тағайындау

***

13. Науқас Т., 16 жаста, ірі буындарда ауру сезімі, субфебрилитет пайда болып, бас ауруы, бас айналу, көз көруінің тез арада нашарлауы, дене қызуының 38-қа дейін жоғарылауы қосылды. Объективті: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүректің барлық тыңдау нүктелерінде систолалық шу естіледі, мойын тамырларына, құрсақ аортасына шу беріледі.

Сол жақта кәрі жілік артериясында пульсация төмендеген. АҚҚ оң жақ қолда 230/130 мм сын.бағ., сол жақ қолда 150/130 мм сын.бағ., аяқтарда 220/110 мм сын.бағ. Көз түбі тамырларының өзгерісі. Қай топ препараттарын тағайындаған ең тиімді?//

цитостатиктер//

антикоагулянттар//

+ кортикостероидтар//

Аминохинолин туындылары//

СЕҚҚП

***

14. Науқас Н., 60 жаста, зейнетке дейін сылақшы болып жұмыс істеді. 10 жыл бұрын ауру білезік буынында, қол саусақтарының алақан-фаланг буындарында ауру сезімінің болуымен, таңертеңгілік құрысумен басталды. Бұрын ішімдікті шектен тыс қолданған, асқазанның жара ауруымен ауырған. Объективті: «бутоньерка» типі бойынша саусақтардың деформациясы, саусақ сырты бұлшықеттерінің гипотрофиясы, қозғалыс көлемі шектелген. Қанда:

эр-4,5 млн. Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ. Латекс тестте 1:40. Диагноз: Ревматоидты артрит. Емдеу бағдарламасына аталған препараттардың қайсысын қосқан тиімді?//

азатиоприн //

метотрексат//

кортикостероидтар //

+селективті стероидты емес қабынуға қарсы препараттар //

селективті емес стероидты емес қабынуға қарсы препараттар //

***

15. Егер ревматоидты артритпен ауыратын науқаста дене қызуының жоғарылауы, висцериттер мен васкулиттер жоқ; тізе буынында сұйықтық жиналған; ЭТЖ 35 мм/сағ; аурудың ұзақтығы 6 ай, бұрын ем қабылдамаған болса емдеу әдісін таңдаңыз://

тек қана стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП)//

+ СЕҚҚП мен кеналогты буын ішіне енгізуді комбинациялау//

алтын препараттары//

D -пеницилламин//

цитостатики.

***

16. Кортикостероидтар қолдануға көрсеткіш емес://

Тез үдемелі ағыммен ревматоидты артрит//

баяу үдемелі ағыммен ревматоидты артрит базисті терапиядан нәтиже болмағанда//

РА висцериттермен бірге//

РА псевдосептикалық вариантында//

+ процесстің минимальды активтілінде//

***

17. 30 жастағы науқаста склеродактилия, тырнақ саусақтарының остеолизі, буындар маңында көптеген тері кальциноздары, өңештің дистальды бөлімінде моториканың бұзылысы, ортаңғы бөлімінде дилатациясы анықталды. Қандай препаратты қолдану тиімді?//

диклофенак//

преднизолон//

триамцинолон//

циклофосфамид//

+ D-пеницилламин

***

18. Науқас Т., 20 жаста, вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін ірі буындарда ауру сезімі, субфебрилитет, бас ауруы, бас айналу, көз көруінің тез арада төмендеуі, арықтау мазалайды. Объективті: жүрек шекараларының солға ығысуы, жүрек негізінде систолалық шу, мойын тамырларына беріледі. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульсация әлсіреген, АҚҚ анықталмайды. Аталған препараттардың қайсысын тағайындаған тиімді?//

азатиоприн//

+ преднизолон//

индометацин//

циклофосфан//

экстенциллин

***

19. Базисті препараттармен емнің эффективтілігінің критерилеріне жатпайды://

дене қызуының қалыпқа келуі//

дене массасының қалыпқа келуі//

миалгия, артралгия, оссалгияның жоғалуы//

АҚҚ қалыпқа келуі//

+ лейкоциттер құрамының жоғарылауы

***

20. Қандай препаратты ұзақ уақыт қабылдау терінің эритематозды зақымдалуына әкелуі мүмкін?//

+ купренил//

кризанол//

эндоксан//

плаквенил//

индометацин.

***

21.Генді-инженерлі биологиялық препараттар- бұл: а) созылмалы қабыну дамуының белгілі бір механизмдеріне селективті әсер ететін және иммунокомпонентті жасушаларға қарсы моноклональды антиденелер болып табылатын дәрілік заттар тобы; в) созылмалы қабыну дамуының белгілі бір механизмдеріне селективті әсер ететін және қабынулық цитокиндерге қарсы моноклональды антиденелер болып табылатын дәрілік заттар тобы;

г) цитокиндер белсенділігін басатын гибридті ақуызды молекулалар; д) цитокиндер белсенділігін немесе иммунокомпонентті жасушалардың өзара әсерін басатын гибридті ақуызды молекулалар; е) цитокиндер активтілігін белсендіретін ақуызды молекулалар//

а,в,д,е//

в,г//

д,г//

+а,в,г,д//

в,г,д,е

***

22. Мына аталған препараттардың қайсысы генді-инженерлі биологиялық препараттарға жатпайды://

+ ИЛ-1 рецепторларының ингибиторы//

ФНОa ингибиторлары//

Анти-В-жасушалы препараттар//

ИЛ-6 рецепторларының ингибиторы//

Т-лимфоциттер костимуляциясының блокаторы

***

23. ФНОa ингибиторларына жатпайды://

Инфликсимаб//

Адалимумаб//

Этанерцепт//

Ремикейд//

+ритуксимаб

***

24. Анти-В-жасушалы препараттарға жатады://

Инфликсимаб//

Адалимумаб//

Этанерцепт//

тоцилузимаб//

+ритуксимаб

***

25. ИЛ-6 рецепторларының ингибиторларына жатады://

абатацепт//

Адалимумаб//

Этанерцепт//

+тоцилузимаб//

ритуксимаб

***

26. Т-лимфоциттер костимуляциясының блокаторларына жатады://

+абатацепт//

Адалимумаб//

Этанерцепт//

тоцилузимаб//

ритуксимаб

***

27. Ревматоидты артриттің емінде базисті емнің қай жоспары ең тиімді болып табылады://

метотрексатпен монотерапия//

ФНОа ингибиторының монотерапиясы //

метотрексаттың сульфасалазинмен комбинациясы//

+инфликсимабтың метотрексатпен комбинациясы//

ФНОа ингибиторының делагилмен комбинациясы

***

28. ФНОа ингибиторлары://

+ буындар деструкциясының үдеуін баяулатады//

артриттің активтілігін басады//

буындар деструкциясын күшейтеді//

артриттің активтілігін күшейтеді//

ФНОа ингибиторлары ревматологияда қолданылмайды

***

29. ФНОа ингибиторларын тағайындауға көрсеткіш: а) ревматоидты артрит; в) анкилоздаушы спондилоартрит; г) жүйелі қызыл жегі д) дерматопоилимиозит; е) түйінді полиартериит//

а//

а,в//

а,в,г//

а,в,г,д//

а,в,г,д,е

***

30. ФНОа ингибиторларын тағайындауға қарсы көрсеткіш: а) жүктілік және лактация; в) ауыр инфекциялар; г) жүрек жетіспеушілігінің 3-4 функциональды класы; д) анамнезінде жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші ауруының болуы; е) жануар ақуыздарына жоғары сезімталдық реакциясы //

а//

а,в//

а,в,г//

а,в,г,е//

+ а,в,г,д,е

***

31. ФНОа ингибиторларымен емді мына жағдайларда абайлап жүргізу қажет: а) инфекцияларға бейімділік; в) тобық жаралары; г) персистирлеуші өкпелік инфекция; д) қуықты катетерлеу; е) өкпелік фиброз//

а//

а,в//

а,в,г//

а,в,г,е//

+ а,в,г,д,е

***

32. ФНОа ингибиторларын қолданудың нәтижесі бағаланады://

1-4 аптадан кейін//

1-6 аптадан кейін//

6-12 аптадан кейін//

+12-24 аптадан кейін//

24-48 аптадан кейін

***

33. ФНОа ингибиторларын қолданғаннан кейін ремиссияға қол жеткізгеннен кейін қажет://

+ ФНОа ингибиторын тоқтатып және қосымша дәрілік препараттардың (БПВП, ГКС, НПВП) мөлшерін төмендету (немесе тоқтату) //

ФНОа ингибиторын тоқтату//

ФНОа ингибиторын жалғастыру және қосымша дәрілік препараттардың (БПВП, ГКС, НПВП) мөлшерін төмендету (немесе тоқтату) //

ФНОа ингибиторын және қосымша дәрілік препараттарды (БПВП, ГКС, НПВП) жалғастыру//

ФНОа ингибиторын тоқтатып және қосымша дәрілік препараттардың (БПВП, ГКС, НПВП) мөлшерін жоғарылату //

***

34. ФНОа ингибиторларын қабылдауды үзуге көрсеткіштер болып табылады: а) токсикалық реакциялардың дамуы; в) терапияның нәтижесіздігі; г) буындар деструкциясының үдеуі және глюкокортикоидты тәуелділік;

д) жүктілік (уақытша тоқтату); е) ауыр интеркуррентті инфекция (уақытша тоқтату)//

а//

а,в//

д,е //

а,в,г,е//

+ а,в,г,д,е

***

35.Инфликсимаб қолданудан ұсыныстар: а) 3 мг/кг мөлшерінде көктамыр ішіне инфузиялар, инфузия ұзақтығы 2 сағат; в) бірінші рет енгізгеннен кейін 2-6 аптадан кейін қосымша 3 мг/кг инфузиялар тағайындайды, сонан соң әр 8 апта сайын қайталайды; г)инфузиядан кейін 1-2 сағат науқастарды бақылау; д) 1 мг/кг мөлшерінде көктамыр ішіне инфузиялар, инфузия ұзақтығы 2 сағат;е) бірінші рет енгізгеннен кейін 1-3 аптадан кейін қосымша 1 мг/кг инфузиялар тағайындайды, сонан соң әр 4 апта сайын қайталайды;

а//

а,в//

+ а, в, г //

а,в,г,е//

д,е

***

36. Науқаста ревматоидты артриттің жоғары активтілігі. Оған метотрексат қарсы көрсеткіш болғанда қолдануға болады://

Циклофосфанмен монотерапия//

ФНО а ингибиторы //

+ ФНОа ингибиторы және лефлуномидпен комбинирленген терапия//

Лефлуномидпен монотерапия//

Барлық цитостатиктерді тоқтату

***

37. Ритуксимаб бұл://

Толығымен адамдық ФНОа-ға моноклональды антиденелері//

Химиялық тышқан мен адамның ФНОа-ға моноклональды антиденелері//

+ жасушалардың СД20 В антигендеріне химерлі моноклональды антиденелері//

ИЛ-6Р мембаналы және еритін түрлеріне гуманизирленген моноклональды антиденелер(IgG1)//

Адамның сыртқы жасушалық СТLА 4 доменінен және модифицирленген IgG1 Fc- фрагментінен тұратын еритін гибридті ақуыздық молекула//

***

38. Ревматоидты артриттің емінде базисті емнің қай жоспары ең тиімді болып табылады:// а) метотрексатпен монотерапия; в) ФНОа ингибиторымен монотерапия; г) инфликсимабтың метотрексатпен комбинациясы; д) ритуксимабпен монотерапия; е) ритуксимабтың метотрексатпен немесе лефлуномидпен комбинациясы://

а)//

в)//

г)//

д)//

+д, е)

***

39. Ритуксимабпен терапия нәтижелі мына науқастарда: а) РФ- позитивпен ; в) РФ-негативпен; г) РФ- позитивпен, (АЦЦП)-позитивпен; д) РФ-негативпен, (АЦЦП)-позитивпен; е) РФ-негативпен, (АЦЦП)-негативпен://

а)//

в)//

+г)//

д)//

е)

***

40. Ритуксимабты тағайындауға көрсеткіш: а) ревматоидты артрит; в) Фелти синдромы; г) жүйелі қызыл жегі д) Шегрен синдромы; е) аутоимунды цитопения//

а//

а,в//

а,в,г//

а,в,г,д//

+а,в,г,д,е

***

41. Ритуксимабты қолдануда ұсыныстар: а)ФНОа-мен ем нәтижесіз болған науқастарға ритуксимаб 1000 мг-нан 2 көктамырлық инфузия түрінде 2 апталық интервалмен; в) Стандартты БПВП-мен ем жеткіліксіз болғанда 500 мг-нан аз дозада инфузияны 2 апта интервалмен тағайындау мүмкін; г) ритуксимабтың инфузиясы басталардан 1 сағат бұрын аллергиялық реакцияның алдын-алу үшін метилпреднизолон (100 мг) тағайындалады; д) клиникалық әсері емнің бірінші курсынан кейін 16 аптадан соң байқалады;

е) клиникалық әсері 12 айдан соң буындар деструкциясының үдеуінің болмауымен анықталады//

а//

а,в//

а,в,г,е//

а,в,г,д//

+а,в,г,д,е

***

42. Ритуксимабты қайта енгізуден ұсыныстар: а) ритуксимабпен емнен нәтиже болып, бірақ қайтадан өршу болса; в)ритуксимабпен ем жүргізілген, бірақ аурудың активтілігі әлі сақталған науқастарға; г) ритуксимабпен қайталамалы курсты бірінші ем курсынан кейін 16 аптадан кейін және маңызды кері әсерлер дамымаса ғана жүргізеді; д) екінші курстан кейін нәтиже болмаса әрі қарай ритуксимабты қолдану тиімсіз; е) ритуксимаб тек екі рет тағайындалады//

а//

в//

а,в,г,е//

а,в,г,д//

+а,в,г,д,е

***

 

43. Ритуксимабпен емнің кері әсерлері: а)қызба; в)терінің зақымдалуы; г)ентігу; д)неврологиялық бұзылыстар; е)цитопения

а, е//

а,в,е//

а,г,д,е//

а,г,д//

+а,в,г,д,е

***

44. Ритуксимабты қолдануда кері әсерлердің алдын-алу және оларды емдеу үшін ұсыныстар: а) ауыр цитопенияда (тромбоциттер 50 мыңнан аз, лейкоциттер 150 мыңнан аз) емді цитопенияны емдегенше тоқтата тұру қажет; в) цитопения дамығанда адамның рекомбинантты гранулоцитарлы колона түзуші факторларын тағайындау қажет; г) динамикада нейтрофилдер саны мен иммуноглобулиндер концентрациясын тексеру; д) вакцинацияның болмауы керек; е) тез арада вакцинациялау қажет//

а, е//

а,в,е//

а,г,д,е//

+а,в,г,д//

а,в,г,е

***

45. Ритуксимабпен ем мына науқастарға болмайды: а) қатерлі ісік ; в) лимфомалар; г) лимфопролиферативті аурулар; д) ауыр жүрек жетіспеушілігі; е) ауыр бактериалды және вирусты инфекция//

+а,д,е//

а,в,е//

а,г,д,е//

в,г//

д,е

***

46. Инфузионды реакциялардың алдын-алу үшін ұсыныстар: а) инфузиядан 1 сағат бұрын көктамыр ішіне антигистаминді препараттар, парацетамол (1 г), метилпреднизолонмен (100 мг) премедикация жасау; в) инфузия жылдамдығын өте баяу жоғарылату : 25 мл/сағ 30 минутта, әрі қарай реакция болмаса, әр 30 мин сайын жылдамдығын 2 есе жоғарылату; г) инфузия жылдамдығын өте баяу жоғарылату : 50 мл/сағ 30 минутта, әрі қарай реакция болмаса, әр 30 мин сайын жылдамдығын 2 есе жоғарылату; д)ЖЖЖ мен АҚҚ әр 30 мин сайын анықтау; е) ЖЖЖ мен АҚҚ, иммуноглобулиндерге қан анализін анықтау//

+а,в,д//

а,в,г//

а,в, г,д,е//

а,в,г, е//

***

47. Уақыт өте пайда болған инфузионды реакциялар жөнінде ұсыныстар: а) гиперсезімталдықтың уақыт өте пайда болған реакциясы көбінесе екінші инфузиядан 2-12 күннен кейін дамуы мүмкін; в) гиперсезімталдықтың уақыт өте пайда болған реакциясына қызба, есекжем, артралгия жатады, бірнеше күннің ішінде өздігінен басылады; г) гиперсезімталдықтың уақыт өте пайда болған реакциясы көбінесе жүйелі қызыл жегімен, РА-пен, Шегрен синдромымен , аутоиммунды цитопениямен науқастарда дамиды; д) гиперсезімталдықтың уақыт өте пайда болған реакциясы сирек жүйелі қызыл жегімен, РА-пен, Шегрен синдромымен , аутоиммунды цитопениямен науқастарда дамиды; е) гиперсезімталдықтың уақыт өте пайда болған реакциясы ритуксимабтың қайталамалы курсын тағайындауға кері көрсеткіш емес//

+а,в,д,е//

а,в,г,е//

а,в, г//

а,в,д//

***

48. Тоцилизумабпен және абацептті қолдануда ұсыныстар: а) тоцилизумаб 8 мг/кг-ды 100-250 мл физ.ерітіндіге ерітіп, әр 4 апта сайын 1 сағат ішінде енгізу; в) тоцилизумабпен емнен 3 айдан кейін жақсы эффект емді жалғастыру үшін негіз болып табылады; г) тоцилизумабты жүктілікке тест оң болғанда тоқтату; д) абатацепт 10 мг/кг дозасында 2 және 4 аптадан кейін енгізеді, сонан соң әр ай сайын; е) абатацептты жүктіліктен 10 апта бұрын тоқтату: //

а,г,д,е//

а,д//

а,в,г,е//

а,в,г,д//

+а,в,г,д,е

***

49. Әртүрлі операцияларда ФНОа ингибиторларын қолдануда ұсыныстар:

а) соңғы инфузиядан 4-8 аптадан кейін «стерильді ортада» операцияны жоспарлауға болады; в) жазылғаннан соң бірден емді қайталау; г) соңғы инфузиядан 8 аптадан ерте емес уақыттан кейін «септикалық ортада» операцияны жоспарлауға болады; д) жедел операцияларда ФНОа ингибиторларын тоқтатады; е) жедел операцияларда ФНОа ингибиторлары тоқтатылмайды//

а,г,д,е//

а,д//

а,в,г,е//

а,в,г,д//

+а,в,г,д

***

 

50. Әртүрлі операциялар мен жүктілік кезінде ритуксимабты қолдануда ұсыныстар: а)операцияны соңғы инфузиядан 6 ай өткен соң жоспарлауға болады; в) толық жазылғаннан соң емді қайталауға болады; г) өмірлік көрсеткіштер бойынша хирургиялық ем кезінде профилактикалық антибиотикотерапия керек; д) ритуксимабты жүктіліктен 12 ай бұрын тоқтату қажет; е)ритуксимабпен эәне басқа да ГИБП-мен емнен кейін 6 айдан ерте емес уақыттан кейін емізу рұқсат етіледі//

а,г,д,е//

а,д//

а,в,г,е//

а,в,д,е//

+а,в,г,д,е

***

Клиникалык зертхана

1. РА диагнозын верификациялау үшін маңызы аз критерий://

1 сағаттан аз емес таңертеңгілік құрысу//

3 және одан көп буындардың артриті//

+ЭТЖ 30 мм/сағ//

қолдың симметриялы артриті//

ревматоидты түйіндердің болуы

***

2. Жедел іріңді артритте синовиальды сұйықтықта нейтрофильды лейкоциттердің орта құрамы://

+ 1 мм 3-те 36000-нан жоғары//

1 мм 3-те 15000-нан аз//

1 мм 3-те 5000-нан жоғары//

1 мм 3-те 70000-нан жоғары

***

3. Септикалық артритті диагностикалаудың қолайлы әдісі://

+ синовиальды қабықшаны культуральды зерттеу//

синовиальды қабықшаны бактериоскопиялық зерттеу//

ПЦР диагностика//

буындар рентгенографиясы//

қанды себу

***

4. Науқас С., 60 жаста, шынтақ буынындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: шынтақ буыны аймағында гиперемия, ісіну, қозғалысының шектелуі, бұршақ көлемі тәрізді тығыз түйіндер. Жүрек тондары әлсіз. ЖЖЖ-100 рет минутына. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн. Нв -150 г/л, лейкоциттер -10 мың. ЭТЖ - 2мм/сағ. Зәр анализінде:сал.тығ. -1020, лейкоциттер - 4-5 к/а, эритроциттер – 6-8 к/а. Ураттар (+++). Диагнозды верификациялау үшін ең ақпаратты зерттеу://

Валера-Роуз реакциясы//

креатинин деңгейін анықтау//

+ зәр қышқылы деңгейін анықтау//

қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау//

синовиальды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу//

***

5. Жүйелі склеродермия диагностикасында аталған лабораторлы көрсеткішткердің қайсысы ең маңызды?//

+ қандағы оксипролин құрамы//

комплемент титрі//

қан сарысуындағы LE – жасушалардың саны//

қан сарысуындағы КФК деңгейі//

ЭТЖ

***

6. Бехтерев ауруына қатысты айтылғандардың ішінде мынадан басқасының бәрі дұрыс://

жиі жас ер адамдар ауырады//

тұқымқаулаушылықтың маңызы бар//

сегізкөз-мықын қосылысының зақымдалуы маңызды белгісі болып табылады//

Шоббер, Отта, Томайер симптомдары оң//

+гиперурикемия диагностикалық белгісі болып табылады.

***

7. Антифосфолипидті синдромға қан анализіндегі қандай өзгерістер тән?//

ЭТЖ жылдамдауы, аздаған тромбоцитопения, кейде гемолитикалық анемия, лейкоцитоз;//

теміртапшылықты анемия, тұрақты лейкоцитоз, тромбоцитоз;//

өзара коррелляцияланатын ЭТЖ жылдамдауы мен лейкоцитоз//

+гипорегенераторлы анемия, лейкопения, тромбоцитопения;//

эритроцитоз, ЭТЖ-ның айтарлықтай жылдамдауымен тромбоцитоз

***

8. Базисті препараттармен емнің тиімділігінің критерилеріне жатпайды://

дене қызуының қалыпқа келуі//

дене массасының қалыпқа келуі//

миалгия, артралгия, оссалгияның жоғалуы//

АҚ қалыпқа келуі//

+ лейкоциттер құрамының қалыпқа келуі

***

9. Дерматомиозиттерге тән емес://

параорбитальды ісіну//

бұлшықеттік атрофиялар//

қан сарысуында КФК деңгейінің жоғарылауы//

+ остеофитоз//

аяқ-қолдың проксимальды бөліміндегі бұлшықет әлсіздігі

***

10. Науқас Г., 30 жаста, тұмаумен ауырғаннан кейін бұлшықеттерде ауру сезімі, бұлшықеттік әлсіздік, қабақтардың ісінуі, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігу, дисфагия пайда болды. Объективті: ебедейсіз жүріс, қабақтардың ісінуі, жоғарғы қабақта, бетте, мұрын қанатындағы, декольте «аймағындағы» эритематозды бөртпелер. Пальпация кезінде иық белдеуі, сан бұлшықеттеріндегі ауру сезімі, қолды жоғары көтерудің қиындауы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары әлсіреген, ЖЖЖ-100 рет минутына, АҚҚ-140/90 мм сын.бағ. Қанда: эр-4,5 млн., Нв-110 г/л, лейк-7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Диагнозды қою үшін ең сезімтал және спецификалық тесттер қандай?//

ЭТЖ жоғарылауы//

екі спиральды ДНҚ-ға антиденелердің жоғарылауы//

ревматоидты фактордың жоғары титрі//

+ КФК, МВ фракция КФК, ЛДГ жоғарылауы//

лейкоцитоз

***

11. Науқас С, 60 жаста, шынтақ буынындағы ауру сезіміне шағымданады. Жүрек ауруын емдеу кезеңінде диуретиктер мен гепарин қабылдаған. Объективті: шынтақ буыны аймағында гиперемия және ісіну, қозғалыстың шектелуі, бұршақ өлшемді тығыз түйіндер. Жүрек тондары әлсіреген, жыбыр аритмиясы. ЖЖЖ-100 рет минутына. ЖҚА: эритроциттер - 4,2 млн. Нв -150 г/л, лейкоциттер -10 мың. ЭТЖ-2мм/сағ. ЖЗА: сал.тығ.-1020, лейкоциттер -4-5 к/а, эритроциттер – 6-8 к/а. Ураттар +++. Қандай зерттеу диагнозды анықтайды?//

қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау//

+зәр қышқылы деңгейін анықтау//

Ваалер-Розе реакциясы//

креатинин деңгейін анықтау//

синовиальды қабықшаны бактериологиялық зерттеу//

***

12. 24 жастағы ер адам бірнеше күн таңертең және кешке кезеңді түрде дене қызуының жоғарылауына шағымданады, 3-4 күндік қалыпты дене қызуы эпизодтары болады. Сонымен қатар бас ауруы, жалпы әлсіздік,тез шаршағыштық, тітіргенгіштік, тізе мен тобық буынындағы ауру сезімі, буындардағы «стартты» ауру сезімі, аяқ-қолдың ұюы мазалайды. ЖҚА: лейкоциттер – 3,4х109, лимфоциттер – 38%, ЭТЖ – 24 мм/сағ. Екі тізе буынының рентгенографиясында субхондральды пластинкалардың тығыздалуы, айдаршықтың шеткері сүйектік ұшталуы. Бірінші кезекте қандай зерттеу өткізу қажет?//

кеуде клеткасының рентгенографиясы//

жамбас-сан сүйектерінің илеосакральды қосылыстармен бірге рентгенографиясы//

урогенитальды жұқпаларға тексеру – хламидиоз//

+ Хеддльсон және Райт реакциясы//

бас миының КТ

***

13. 43 жастағы әйел адам 39-40 градус шамасындағы қызбаға, қол буындарының ұсақ буындары мен тізе буындарындағы ісінуі мен ауру сезімі, бір сағаттан аса құрысу, бұлшықеттердегі ауру сезімі, арықтау мен әлсіздікке шағымданып клиникаға түсті. Жедел 3 ай бұрын ауырды. Тексеру кезінде оң жақ плевра қуысында аздаған сұйықтық көлемі табылды, мойын, қолтықасты, шап лимфа түйіндерінің және көкбауырдың ұлғаюы, жоғарыда аталған буындардың артриті, қол сырты бұлшықеттерінің гипотрофиясы, гиперпигментация аймақтары. Нв- 65 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ, лейкоциттер- 3200, тромбоциттер-150 мың, РФ++, ЛЕ- жасушалар табылды. Бұл ауруға қандай лабораторлы көрсеткіштер тән?//

қанда ревматоидты фактордың болуы//

қанда ЛЕ-жасушалардың болуы//

+Лейкопения, тромбоцитопения, анемия//

антинуклеарлы антиденелердің болуы//

ДНҚ-да антиденелердің болуы

***

14. Науқас Э., 16 жаста, дене қызуының 38,5-қа дейін жоғарылауына, тізе буындарындағы ісіну мен ауру сезіміне, координацияның бұзылысына шағымданады. Анамнезінде: 10 күн бұрын баспамен ауырған. Диагнозды қою үшін аталған зерттеулердің қайсысы ең ақпаратты?//

Scl 70 антиденелері//

Ваалер-Розе реакциясы//

Хаддлсона және Райт реакциясы//

+ стрептококкқа қарсы антиденелердің титрі//

цитруллиннирленген пептидтерге антиденелер

***

15. Науқас Г., 30 жаста, баспамен ауырғаннан кейін бұлшықеттерде ауру сезімі, бұлшықеттік әлсіздік, қабақтардың ісінуі, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігу, дисфагия пайда болды. Объективті: ебедейсіз жүріс, қабақтардың ісінуі, жоғарғы қабақта, бетте, мұрын қанатындағы, декольте «аймағындағы» эритематозды бөртпелер. Пальпация кезінде иық белдеуі, сан бұлшықеттеріндегі ауру сезімі, қолды жоғары көтерудің қиындауы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары әлсіреген, ЖЖЖ-100 рет минутына, АҚҚ-140/90 мм сын.бағ. Қанда: эр-4,5 млн., Нв-110 г/л, лейк-7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Қандай көрсеткішті анықтау ең ақпаратты?//

ЭТЖ//

+креатинфосфокиназа//

ревматоидты фактор //

С-реактивті протеин//

Екі спиральды ДНҚ-ға антиденелер

***

16. Науқас С, 60 жаста, шынтақ буынындағы ауру сезіміне шағымданады. Жүрек ауруын емдеу кезеңінде диуретиктер мен гепарин қабылдаған. Объективті: шынтақ буыны аймағында гиперемия және ісіну, қозғалыстың шектелуі, бұршақ өлшемді тығыз түйіндер. Жүрек тондары әлсіреген, жыбыр аритмиясы. ЖЖЖ-100 рет минутына. ЖҚА: эритроциттер - 4,2 млн. Нв -150 г/л, лейкоциттер -10 мың. ЭТЖ-2мм/сағ. ЖЗА: сал.тығ.-1020, лейкоциттер -4-5 к/а, эритроциттер – 6-8 к/а. Ураттар +++. Қандай зерттеу диагнозды анықтайды?//

қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау//

+зәр қышқылы деңгейін анықтау//

Ваалер-Розе реакциясы//

креатинин деңгейін анықтау//

синовиальды қабықшаны бактериологиялық зерттеу//

***

17. Синовиальды қабықшаның биопсиясы қай ауруды анықтау үшін ақпаратсыз?//

+жегілік артритті//

жедел іріңді артритті//

Уиппл ауруын//

саңырауқұлақты артритті//

гранулематозды ауруларды (туберкулез, саркоидоз)

***

18. Синовиальды сұйықтық мөлдір, фибринды қоюлану жоқ, муцинды қоюлану берік, лейкоциттер саны 200 мм3-тен аз, нейтрофилдер 25 %-тен аз. Синовиальды қабықшаның мұндай сипаты сәйкес келеді://

+ қалыпты//

Остеоартрозға//

Подагралық артритке//

Ревматоидты артритке//

Септикалық артритке

***

19. Синовиальды сұйықтық аздаған лайлы, фибринды қоюлану ұсақ, муцинды қоюлану берік, лейкоциттер саны 2000 мм3-тен аз, нейтрофилдер 25 %-тен аз. Синовиальды қабықшаның мұндай сипаты сәйкес келеді://

қалыпты//

+остеоартрозға//

подагралық артритке//

ревматоидты артритке//

септикалық артритке

***

20. Синовиальды сұйықтық лайлы, фибринды қоюлану ірі, муцинды қоюлану борпылдақ, лейкоциттер саны 5000-нан 50000 мм3-ға дейін, нейтрофилдер 75 %-тен көп. Зәр қышқылының кристаллдары анықталды. Синовиальды қабықшаның мұндай сипаты сәйкес келеді://

қалыпты//

остеоартрозға//

+подагралық артритке//

ревматоидты артритке//

септикалық артритке

***

21. Синовиальды сұйықтық лайлы, фибринды қоюлану ірі, муцинды қоюлану борпылдақ, лейкоциттер саны 5000-нан 50000 мм3-ға дейін, нейтрофилдер 65 %-тен көп. Рагоциттер анықталды. Синовиальды қабықшаның мұндай сипаты сәйкес келеді://

қалыпты//

остеоартрозға//

подагралық артритке//

+ревматоидты артритке//

септикалық артритке

***

22. Синовиальды сұйықтық өте лайлы, фибринды қоюлану ірі, муцинды қоюлану борпылдақ, лейкоциттер саны 100000 мм3-тан көп, нейтрофилдер 80 %-тен көп. Коккты флора анықталды. Синовиальды қабықшаның мұндай сипаты сәйкес келеді://

қалыпты//

остеоартрозға//

подагралық артритке//

ревматоидты артритке//

+септикалық артритке

***

23. Ревматоидты артритпен ауыратын, метотрексат қабылдайтын науқаста АЛТ – 2,01ед., АСТ – 1,86 ед. Ең мүмкін болады://

бауыр циррозы//

Фелти синдромы//

майлы гепатоз //

вирусты гепатит//

+ токсикалық гепатит

***

24. Науқас А., 30 жаста, қол саусақтарындағы ісіну мен ауру сезіміне, таңертеңгі уақыттағы қозғалыстың қиындауына шағымданады. Объективті: екі жақ қолдың II-IV саусақтарының проксимальды фалангаралық буындарының симметриялы дефигурациясы. Ауру сезімі мен экссудативті өзгерістерге байланысты қозғалыс шектелген, әсіресе, буындарды жазу. Қанда: эр-4 млн., Нв-128 г/л, лейк-10 мың, ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Диагнозды анықтау үшін нені анықтаған ең тиімді?// антинуклеарлы фактор//

стрептококқа қарсы антиденелер титрін//

уретра эпителиінің жағындысынан хламидияларды//

зәр қышқылының сарысулық деңгейін//

+ цитруллинирленген пептидтерге антиденелерді

***

25. Антинуклеарлы антиденелер://

+ ядроның әртүрлі компоненттерімен жауап беретін антиденелердің гетерогенді тобы//

IgG-дың агрегирлеуші фрагментімен жауап беретін IgМ, IgА и Ig класының аутоантиденелері//

филларгин және басқа ақуыздардың антигенді детерминанттарын танитын аутоантиденелердің гетерогенді тобы//

анионды және нейтральды фосфолипидтердің натигентті детерминанттарын, сонымен қатар, фосфолипидтер мен плазманың фосфолипид байланыстырушы ақуыздарымен өзара әсерлесу процессі кезінде түзілетін комплексті эпитоптарға аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

нейтрофилдер цитоплазмасы ферменттеріне жауап беретін аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

***

26. Рефматоидты фактор://

ядроның әртүрлі компоненттерімен жауап беретін антиденелердің гетерогенді тобы//

+ IgG-дың агрегирлеуші фрагментімен жауап беретін IgМ, IgА и Ig класының аутоантиденелері//

филларгин және басқа ақуыздардың антигенді детерминанттарын танитын аутоантиденелердің гетерогенді тобы//

анионды және нейтральды фосфолипидтердің натигентті детерминанттарын, сонымен қатар, фосфолипидтер мен плазманың фосфолипид байланыстырушы ақуыздарымен өзара әсерлесу процессі кезінде түзілетін комплексті эпитоптарға аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

нейтрофилдер цитоплазмасы ферменттеріне жауап беретін аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

***

27. Цитрулинирленген ақуыздарға антиденелер://

ядроның әртүрлі компоненттерімен жауап беретін антиденелердің гетерогенді тобы//

IgG-дың агрегирлеуші фрагментімен жауап беретін IgМ, IgА и Ig класының аутоантиденелері//

+филларгин және басқа ақуыздардың антигенді детерминанттарын танитын аутоантиденелердің гетерогенді тобы//

анионды және нейтральды фосфолипидтердің натигентті детерминанттарын, сонымен қатар, фосфолипидтер мен плазманың фосфолипид байланыстырушы ақуыздарымен өзара әсерлесу процессі кезінде түзілетін комплексті эпитоптарға аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

нейтрофилдер цитоплазмасы ферменттеріне жауап беретін аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

***

28. Антифосфолипидті антиденелер ://

ядроның әртүрлі компоненттерімен жауап беретін антиденелердің гетерогенді тобы//

IgG-дың агрегирлеуші фрагментімен жауап беретін IgМ, IgА и Ig класының аутоантиденелері//

филларгин және басқа ақуыздардың антигенді детерминанттарын танитын аутоантиденелердің гетерогенді тобы//

+анионды және нейтральды фосфолипидтердің натигентті детерминанттарын, сонымен қатар, фосфолипидтер мен плазманың фосфолипид байланыстырушы ақуыздарымен өзара әсерлесу процессі кезінде түзілетін комплексті эпитоптарға аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

нейтрофилдер цитоплазмасы ферменттеріне жауап беретін аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

***

29.Антинейтрофильды цитоплазматикалық антиденелер://

ядроның әртүрлі компоненттерімен жауап беретін антиденелердің гетерогенді тобы//

IgG-дың агрегирлеуші фрагментімен жауап беретін IgМ, IgА и Ig класының аутоантиденелері//

филларгин және басқа ақуыздардың антигенді детерминанттарын танитын аутоантиденелердің гетерогенді тобы//

анионды және нейтральды фосфолипидтердің натигентті детерминанттарын, сонымен қатар, фосфолипидтер мен плазманың фосфолипид байланыстырушы ақуыздарымен өзара әсерлесу процессі кезінде түзілетін комплексті эпитоптарға аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

+нейтрофилдер цитоплазмасы ферменттеріне жауап беретін аутоантиденелердің гетерогенді популяциясы//

***

30. Склеродермиялық антиденелерге жатады: а) антицентромерлы антиденелер; в) Scl -70-ға антиденелер; г) антинуклеарлы антиденелер; д) гистондарға антиденелер; е) эктрагирлеуші ядролы антигендерге антиденелер://

а//

а,в//

+а,в,г//

а,в,г,д//

а,в,г,д,е

***

31. Ревматоидты артриттің диагностикасында қолданылады://

+ латекс-тест//

Борде-Жангу рекциясы//

Райт-Хеддльсон реакциясы//

Бюрне сынамасы//

Квейма сынамасы

***

32. Гонореялы артритті верификациялау үшін қолданылады://

латекс-тест//

+ Борде-Жангу рекциясы//

Райт-Хеддльсон реакциясы//

Бюрне сынамасы//

Квейма сынамасы

***

33. Бруцеллезды артритті верификациялау үшін қолданылады://

латекс-тест//

Борде-Жангу рекциясы//

Райт-Хеддльсон реакциясы//

+ Бюрне сынамасы//

Квейма сынамасы

***

34. Науқас Э., 16 жаста, дене қызуының 38,5 градусқа дейін жоғарылауына, тізе буынының ісінуіне, координацияның бұзылысына шағымданады. Анамнезінде: 10 күн бұрын баспамен ауырған. Диагнозды верификациялау үшін ең ақпаратты әдіс://

Scl 70 антиденелер //

Ваалер-Розе реакциясы//

Хаддлсона және Райт реакциясы//

+ стрептококкқа қарсы антиденелер титрі//

рибонуклеопротеинге антиденелер

***

35. Жедел ревматикалық қызбаның жедел фазалық реакциясына жатпайды://

ЭТЖ жоғарылау//

СРБ жоғарылау//

серомукоидтың жоғарылауы//

ά-2-глобулиндердің жоғарылауы//

+ γ-глобулиндердің жоғарылауы

***

36. Науқас С., 20 жаста, бір апта бұрын сол жақ жамбас-сан, тізе буынында ауру сезімі пайда болды. Объективті: шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы, пальпацияда сезімтал. Сол жақ тізе буыны дефигурацияланған, сипағанда ыстық және пальпацияда ауырады. Сол жақта Фабер симптомы оң. Ахиллов сіңірі бойынша соққылағанда ауру сезімі бар. Қанда: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ-30 мм/сағ. Зәр тұнбасының микроскопиясында-лейкоцитурия. Аталған зерттеулердің қайсысын тағайындаған ең тиімді?//

Ваалер-Розе реакциясы //

С-реактивті протеин//

Зәр қышқылының деңгейін анықтау //

+ C. Trachomatis-ке антиденелерді анықтау//

стрептококкқа қарсы антиденелер титрі

***

37. Ревматоидты артритке тән://

+ латекс тесттің жоғары титрі//

высокий титр Le жасушалардың жоғары титрі//

дистальды фалангаралық буындардың зақымдалуы//

буын синдромының ұшпалығы//

клапандардағы вегетация.

***

38. Жүйелі склеродермияның диагностикасында аталған лабораторлы көрсеткіштердің қайсысы ең маңызды?//

+ қандағы оксипролин құрамы//

комплемент титрі//

қан сарысуындағы LE – жасушалардың саны//

қан сарысуындағы КФК деңгейі//

ЭТЖ

***

39 Ревматоидты артритке ең тән://

+ оң латекс – тест және Ваалер – Розе реакциясы //

LE – жасушалардың болуы//

антистрептолизин – О жоғары титрі//

моноклональды ақуыздың болуы//

қан сарысуында зәр қышқылының жоғары деңгейі.

***

40. Ерте ревматоидты артриттің диагностикасында қандай лабораторлы маркердың маңызы зор?//

ревматоидты фактор//

+ циклдік цитруллинирленген пептидтерге антиденелер//

нейтрофильды лейкоцитоз//

анемия//

тромбоцитопения

***

41. А.деген 30 – жастағы науқас, қол басы буындарының ауыруы мен домбығуы, таңертеңгілік буындардағы қимылдың ауырлауына шағымданады. Об-ті// II-IY қол саусақтарының проксимальді фаланга аралық буындарында симметриялы дефигурация. Осы буындарда ауыру сезімі мен экссудативті құбылысқа байланысты, әсіресе бүгілу шектелген. Қанында// эр-4 млн., Нв128 г/л, лейк10 мың, ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Диагнозды анықтауға қандай тексерілу қажет?

Райт және Хаддлсон реакциясылар//

+Ваалер-Розе реакциясы//

Н LA B-27 анықтау//

стрептококкқа қарсы антиденелер титрін анықтау//

мурексидті сынамa

***

42. Т. деген 26 жастағы науқас, дене қызуының 40С дейін көтерілуі, ентігу, жөтел, қолдың ұсақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен бір ай бұрын бала көтеріп, өздігінен түсік тастаған. Қарап тексергенде// жүдеу, лимфаденопатия, беті және мұрын қырының эритемасы, қолмен аяқта - «торлы ливедо». Ішкі ағзалардағы өзгерістер- полисерозит (плеврит, перикардит), кардит, нефрит. Қанда// эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. ЖЗА// нәруыз-5, 2 г/с, эритр-20-30 к/а, косспиральды ДНК антиденелері- оң мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін тағы қандай зерттеу жүргізілуі тиіс?//

ревматоидты факторды анықтау//

+кардиолипинге антиденелерлі анықтау//

стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау//

қанды бактериологиялық себіндіге зерттеу//

урогениталды инфекцияға иммуноферменттік зерттеу

***

43. Бехтерев ауруының диагностикалық критерийі//

ревматоидты фактор 1//32//

+антиген НLA B 27//

LE-жасушалар//

антинуклеарлы антиденелер//

гиперурикемия

***

44. ДМ диагностикасында төменде келтірілгендердің біреуінен басқасы тән//

КФК деңгейін анықтау//

Өңешті барий қоспасымен рентгенологиялық зерттеу//

электромиография//

тері биопсиясы//

+қан сарысуында ДНК- ға антидене титрін анықтау

***

45. РФ (ревматоидты фактор) болып табылады//

IgG//

клетка ядроларына антиденелер//

+Агрегацияланған иммуноглобулиндерге антиденелер//

нативті ДНК-ға антиденелер//

комплемент

***

46. Науқас Э., 16 жаста, дене қызуының 38,5 градусқа дейін жоғарылауына, тізе буынының ісінуіне, координацияның бұзылысына шағымданады. Анамнезінде: 10 күн бұрын баспамен ауырған. Диагнозды верификациялау үшін ең ақпаратты әдіс://

Scl 70 антиденелер //

Ваалер-Розе реакциясы//

Хаддлсона және Райт реакциясы//

+ стрептококкқа қарсы антиденелер титрі//

рибонуклеопротеинге антиденелер

***

***

47. Т. деген 26 жастағы науқас, дене қызуының 40С дейін көтерілуі, ентігу, жөтел, қолдың ұсақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен бір ай бұрын бала көтеріп, өздігінен түсік тастаған. Қарап тексергенде// жүдеу, лимфаденопатия, беті және мұрын қырының эритемасы, қолмен аяқта - «торлы ливедо». Ішкі ағзалардағы өзгерістер- полисерозит (плеврит, перикардит), кардит, нефрит. Қанда// эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. ЖЗА// нәруыз-5, 2 г/с, эритр-20-30 к/а, косспиральды ДНК антиденелері- оң мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін тағы қандай зерттеу жүргізілуі тиіс?//

ревматоидты факторды анықтау//

+кардиолипинге антиденелерлі анықтау//

стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау//

қанды бактериологиялық себіндіге зерттеу//

урогениталды инфекцияға иммуноферменттік зерттеу

***

48. Активті жегілік нефритке ең тән://

лейкоцитоз//

лейкоцитурия//

гипоальбуминемия//

+ екі спиральды ДНҚ-ға антиденелердің жоғары титрі//

комплементтің жалпы гемолитикалық активтілігінің жоғарылауы

***

49.Науқас Д., 26 жаста, бел бөліміндегі құрысуға, кеуде клеткасындағы қысылу сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 5 жыл бойы невропатологта радикулитпен бақыланады. Аталған зерттеулердің қайсысы диагноз қою үшін ең ақпаратты?//

Scl 70 антиденелер //

+ HLA- B 27//

Хаддлсона және Райт реакциясы//

стрептококкқа қарсы антиденелер титрі//

рибонуклеопротеинге антиденелер

***

50. Антифосфолипидті синдромның диагностикасы үшін нені анықтау ең ақпаратты?//

Кумбс реакциясы//

Хагеман факторы//

қан ұю уақыты//

протромбинді уақыт//

+ жегілік антикоагулянт

***

 

 

 

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.