Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 5 страница



АҚ- қа даярлық пен өткiзу жөнiндегi шараларды жүргiзудiң тәртiбiн, көлемi мен мерзiмiн ҚР Үкiметi анықтайды.

АҚ шараларын кешендi және саралай жүргiзу мақсатында маңыздылық деңгейiн ескере отырып, ҚР Үкiметi анықтаған тәртiппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу жүргiзiледi.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi жауапкершiлiк орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледi.

АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтер.

АҚ шараларын орындауды қамтамасыз ету үшiн мына органдар құрылады:

- ТЖ жөнiндегi ҚР орталық атқарушы органы мен оның құрылымдық аумақтық органдары;

- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚ бөлiмдерi (қызметкерлерi);

- ұйымдарда - АҚ штабтары немесе АҚ бастығына тiкелей бағынатын АҚ пен ТЖ жөнiндегi қосалқы мамандар.

ТЖ басқармаларының (бөлiмдерiнiң) бастықтары лауазымдары бойынша тиiстi АҚ бастықтарының орынбасарлары сол мекемедегі ТЖ-ға жауапты мекемедегі ТЖ­ болып табылады.

АҚ арнайы шараларын орындауды және осы мақсаттағы күш пен құралды даярлауды қамсыздандыру үшiн республикалық, облыстық, аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтерi, сондай-ақ қажет жағдайда АҚ бастығына тiкелей бағынатын ұйымдардың АҚ және ТЖ қызметтерi құрылады.

АҚ және ТЖ қызметтерi ҚР Үкiметiнiң қаулысымен, облыс, қала аудан әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады.

АҚ және ТЖ республикалық қызметтерiнiң тiзбесiн ҚР Үкiметi анықтайды. Олар туралы ереженi ҚР орталық атқарушы органы бекiтедi.

АҚ және ТЖ нүктелерiнiң, күштерi мен құралдарының, қызметтерiнiң әзiрлiгi жөнiндегi жауапкершiлiк орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледi.

Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда АҚ көшiру шараларын ұйымдастыру мақсатында көшiру, көшiру-қабылдау комиссиялар құрылады.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау

Бейбiт уақытта (зiлзала, авария мен апат қауiпi немесе болған кезде) және жау шабуылы қауiпi кезiнде төнген қауiп туралы халыққа дер кезiнде және сенiмдi хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшiн электр сиреналары мен өндiрiстiк гудоктар және «Баршаңыздың назарыңызға!» АҚ ескерту дабылының берiлгендiгiн бiлдiретiн өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөнiндегi басқарманың (бөлiмнiң) шұғыл хабарын тындаған соң, берiлген ақпаратқа сәйкес iс-әрекет ету керек.

Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қауiп төнген кезде де «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы берiледi, оның артынша халықтың алдағы iс-әрекетi мен панаханалардың орналасқан жерi туралы ақпарат берiледi.

 

Бақылау сұрақтары:

1.«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мәні, мақсаты және мазмұны қандай?

2. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсын игеру барысында нені міндетті түрде шәкірт білуге тиіс?

3. ҚР-ның Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай саласындағы заңдарының рөлі мен маңызын ашып көрсету?

4. ҚР-ның ²Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы² заңы қашан қабылданды және ол нені қарастырады?

5. ҚР-ның ²авариялық – құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы² заңы қашан қабылданды және ол нені қарастырады?

6. ҚР-ның ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы қашан қабылданды?

7. ҚР-ның ²Өрт қауіпсіздігі туралы² заңы қашан қабылданды және оған түсінік беру?

8. ҚР-ның ²Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы² заңы қашан қабылданды және оның мәні неде?

9. ҚР-ның ²Төтенше жағдай туралы² заңы қашан қабылданды және ол нені қарастырады?

10. ҚР-ның ²Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы² заңы қашан қабылданды және оның мазмұнын ашып көрсету?

11. ҚР-ның «Соғыс жағдайы туралы» заңы қашан қабылданды және оның мәні неде?

12. ҚР-ның ²Терроризмге қарсы күрес туралы² 3аңы қашан қабылданды және ол нені қарастырады?

13. ТҚ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері түсінігіне сипаттама беру?

14.АҚ-ты ұйымдастыру принциптерi мен тәртiптерi қандай?

 

Тест сұрақтары:

1. Азаматтық қорғаныс деп –

А) басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау мақсатында өткізілетін шаралар жиыны

В) соғыс уақытында халықты төтенше жағдайлардан қорғау, сонымен қатар әскери жиындар өткізетін шаралар кешені

С) бейбіт және соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерінен қорғау

Д) халықтық шаруашылық объектілерінен және ел аумағын төтенше жағдай факторларынан қорғау

Е) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларынан

2. Тіршілік қауіпсіздігі деп –

А) адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы

В) адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға бағытталған шаралар

С) төтенше жағдайлардың салдарынан ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдану құралдарының қолданылуына бағытталған шара

Д) төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған шара

Е) ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тәртіптер мен іс-әрекеттер

3. Курстың негізгі мақсаты:

А) еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау, залалды әсерлерден қорғау, ТЖ салдарын, болжау және бағалау

В) техносферада адамды табиғи пайда болған қауіптерден қорғау

С) жер сілкінісі, су тасқыны т.б. тосын жағдайларды ескерту

Д) дауыл, құйын, опырылма т.б. тосын жағдайларды болжау және бағалау

Е) адам тұратын жерлерде флора мен фаунаны сақтау

Е) табиғи және техногеді сипаттағы ТЖ ескертетін адамдар ұжымы

4. Қазақстан Республикасының «Азаматық қорғаныс туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

А) 1997 жыл 7-шілде

В) 1997 жыл 7-мамыр

С) 2001 жыл 25-қазан

Д) 2000 жыл 30-тамыз

Е) 1995 жыл 7-мамыр

5. Азаматтық қорғаныс курсының негізгі мақсаты:

А) апаттарды алдын ала болдырмау

В) қауіпті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету

С) халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Д) жұмыс әрекетінде қауіпсіз жағдайда халықты үйрету

Е) экономика объектілерін қолданғанда жөндеу және қайтадан құру жұмыстарын жасау

6. ҚР-ның «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?

А) 1996 жыл 17-маусым

В) 1996 жыл 5-шілде

С) 1997 жыл 5-шілде

Д) 1998 жыл 8-қыркүйек

Е) 1996 жыл 5-шілде

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

12. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

[gl] №2 ДӘРІС. Тақырып:Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезiнде халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудегi орны мен мiндеттерi.[:]

Дәрістің мақсаты:Азаматтық корғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негiзгi буындарымен және олардың мақсаттарымен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жоғары оқу орындарының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру.

2. Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылымы.

3. АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі.

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты, экономиканы, республика аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зiлзаладан, iрi авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттiк шараларының құрамдас бөлiгi болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың рөлi мен орнын елдiң геосаяси жағдайы, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым- қатынасының жәй-күйi, экономикасының даму деңгейi, әскери доктрина мен әскери iс саласындағы мемлекет саясаты анықтайды.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн ұйымдастыру үшiн бiрiншi кезектегi мiндет жүктеледi.

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудегi негізгi мiндеттерi Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.

Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсiпорындар, мекемелер, меншiктiң барлық нысанындағы объектiлер орындауға мiндеттi. Оған барлық халық, оның iшiнде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

1. Жоғары оқу орындарының Азаматтық корғанысын ұйымдастыру.

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы - ректор, ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жай - күйiне, оның күштерi мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады. АҚ мен ТЖ қызметтерi қызметтерiне басшылықты ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргiзедi. Олар өз мiндеттерiн негiзгi мiндеттерiмен қоса атқарады. Көшiру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бiрi тағайындалады.

АҚ мен ТЖ мiндеттерiн оқу орнының мүддесiне орай шешу үшiн АҚ құрамалары құрылады. ЖОО-да тұрақты құрам мен студенттерден құтқару командасы (тобы), санитарлық жасақтар мен тiректер, радиациялық-химиялық бақылау нүктелерi, қоғамдық тәртiп сақтау командасы, панаханалар мен жасырынатын орындарды күтiп ұстайтын топ құрылуы мүмкiн.

2. Шаруашылық объектiсi Азаматтық корғанысының ұйымдық құрылымы.

Азаматтық корғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негiзгi буын болып табылатын шаруашылық объектiлерi маңызды орын алады. Шаруашылық объектiлерiнде АҚ барлық шараларының негiзi қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшiлердi қорғау, объектiлер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргiзуге күштердi даярлау жөнiндегi негiзгi кешендi шаралар жүргiзiледi.

Шаруашылық объектiлерiнде Азаматтық корғанысты ұйымдастырудың принциптi схемасы суретте көрсетiлген.

Шаруашылық объектiлерiнде Азаматтық корғанысты ұйымдастырудың принциптi схемасы.

АҚ штабы   АҚ бастығы   ТЖ және АҚ қызметтерi

ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ

негiзгiқамсыздандырушылар

барлау   байланыс   авариялық техникалық

 

құтқару   қоғамдық тәртiптi сақтау   инженерлiк

 

Медици-налық   МТҚ   хабарландыру мен байланыс

 

    арнайы АҚО    

 

өртке қарсы   хайуанаттар мен өсiмдiктердi қорғау   РҚ және ХЗҚ

 

басқа да керектiлер

 

Негiзгi қамтамасыз етушi құрамалар шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жай жүйі үшін Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікті оның бірінші бастығы көтереді, ол объект Азаматтық қорғанысының бастығы болып табылады.

АҚ шараларын өткізу жөніндегі оның бұйрықтары мен өкімдері барлық лауазымды тұлғалар үшін міндетті.

Объект Азаматтық қорғанысы бастығының жанынан АҚ мәселесі бойынша объектідегі бүкіл практикалық қызметті ұйымдастыратын АҚ-штабы – АҚ бастығының басқару органы құрылады. Ол объектінің көлемі мен маңыздылығына байланысты АҚ штаттық қызметкерлерінен және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазымды тұлғалар есебінен жасақталады. Штаб өз жұмысын объект АҚ бастығының шешімдері негізде ұйымдастырып жүргізеді.

АҚ-штабының бастығы объект АҚ бастығының орынбасары болып табылады. Оған АҚ бастығының атынан объектідегі АҚ мәселесі бойынша бұйрық пен өкім шығару құқығы беріледі.

Шаруашылық объектілерінде АҚ мен ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инженерлік, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау және басқа қызметтері құрылуы мүмкін. Ауылшаруашылығы өндірісі объектілерінде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау қызметі құрылады. Қызметтердің мақсаты – құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күш пен құралдарды даярлау және осы күштердің аталған жұмысты орындауына басшылық ету.

3. АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі.

АҚ құрамалары соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық-құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған.

АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылады және аумақтық және объектілік болып бөленеді.

Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиісті АҚ бастығына бағынады. Аумақтық құрамаларды құру базасы шаруашылық объектілері, ұйымдар болып табылады.

Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншіктін нысанына қарамастан ұйымдарда құрылады және әдеттегідей олардың мүддесіне пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша объектілік құрамалар тиісті аумақтың мүддесіне орай міндетті орындау үшін тартылуы мүмкін.

АҚ құрамаларын құру принципі, ұйымдық-штаттық құрылымы, оларды жеке құраммен жасақтау және метериалдық техникалық мүлікпен жабдықтау (табелдеу) Азаматтық қорғаныс бөлімшелері туралы ережелерде мазмұндалған .

АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталады.

Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалдары кемінде он адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртте және басқа аланатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады.

АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қазіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.

АҚ құрамаларының негізі түрлері:

- құтқару құрамалары – барлау, іздестеру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады және құрама құтқару отрядынан (командасынан), құтқару командасынан (тобынан) немесе адамдарды іздестеру тобынан, барлау тобынан (звенодан) тұрады;

- инженерлік құрамалар – инженерлік барлауды жүргізу, үйінділерде жол мен өткел жасау, оның ішінде су кедергілері арқылы өтетін аспа жол жасау, үйінді астындағы ғимараттарды ашу, бүліншілік ауданында өзге инженерлік жұмыстарды жүргізу құрылады және инженерлік, жол-көпір командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлік барлау тобынан тұрады. Инженерлік құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететін техникамен және қондырғымен жабдықталады.

АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары – халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл жалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан –жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіп сақтау, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлінеді.

Республикалық жедел-құтқару отряды баруы киын аудандарда өте күрделі объектілерінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд даярлығы жоғары құрама болып табылады және ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады.

Облыстық және қалалық жедел-құтқару отряды іздестеру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады. Олар даярлығы жоғары құрама және жергілікті бюджет есебінен ұсталады.

АҚ құрамаларына 1,2,3 топтағы мүгедектерден жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден, соғыс кезіндегі жұмылдыруға белгіленгендерден өзге еңбекке жарамды ерлермен әйелдер алынады.

Бейбітшілік уақыттағы ТЖ зардаптарын жою үшін АҚ-ның бар құрамалары мен штаттық мамандырылған құрамалар санынан тұрақты әзірліктегі облыстық, қалалық және аудандық жедел іс-қимыл отрядтары құрылады. Олар аумақтық АҚ құрамаларының санатына жатады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. АҚ төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудегi негізгi мiндеттерi қай заңда анықталған?

2. Жоғары оқу орындарында Азаматтық қорғаныс шараларын қалай ұйымдастыруы?

3. АҚ төтенше жағдайында халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуде алатын орны?

4. АҚ шараларының қызметін және қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы қандай?

5. АҚ құрамаларының негізгі түрлері және олардың қызметтері қандай?

 

Тест сұрақтары:

1. Жоғары оқу орындарының АҚ-ның бастығы:

А) проректор

В) министр

С) ЖОО АҚ штабының бастығы

Д) АҚ кафедрасының меңгерушісі

Е) ректор

2. Азаматтық Қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері:

А) механикалық

В) инженерлік, техникалық

С) физикалық, химиялық

Д) құтқару, инженерлік, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары

Е) радиациялық, авиациялық

3. Шаруашылық объектілері деп –

А) өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.