Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Партенокарпия дегеніміз не?



Партенокарпия (грек. parthenos- ұрықтанбай даму, karpos-жеміс) -жемістің ұрықтанбай дамуы. Партенокарпия жолымен дамыған жемістің тұқымы болмайды немесе тұқым нәзік, ұрықсыз болады. Партенокарпия кейде басқа тозаңмен тозаңданудан немесе тіпті тозаңданбай-ақ пайда болады. Партенокарпия жабық тұқымды жабайы және екпе өсімдіктер арасында(алмұрт,алма,жүзім, мандарин,лимон,апельсин,банан,ананас,құрма,інжір,асқабақ,қияр,томат т.б.) жиі кездеседі. Өсімдіктің барлық гүлі тұқымсыз жеміс берсе,ол толық партенокарпия деп аталады. Тұқымсыз жеміс беретін сорттар вегетативтік жолмен көбейтіледі. Партенокарпияның маңызы - өсімдік гүлі ұрықтанбаса да жеміс алынады және олар етженді, шырынды, дәмі жақсы келеді. Партенокарпияның түрлі химикалық заттар бүрку арқылы қолдан да тудырады. Мысалы: томат, қияр, жүзім т.б. екпе өсімдіктердің партенокарпия түрлері бар.

78.Орамжапырақ тұқымдасы

Орамжапырақ тұқымдасы- Жемісі –бұршаққын, кейде жаңғаққа ұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтарбар. Орамжапырақ тұқымдасының арасында тағамдық көкөністер (қырыққабат,шалқан, шалғам, тарна, т.б.), майлы өсімдіктер (қыша, арыш, т.б.), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек, баймана, т.б.), дәрілік (ымыртгүл, шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т.б.), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі.

80.Анылық жатының құрылысы

Жатын - аналықтың аса маңызды бөлігі. Жатынның ішкі бетінде жеміс жапырақшаларының жиегінде тұқым бүршіктері жетіледі. Жатынның тұйық қуысы – тұқым бүршіктерін және онда жүретін процестерді сыртқы ортаның қолыйсыз жағдайларынан қорғайды. Тұқым бүршігі жиектері кірікпеген мегаспорофиллдердің қолтығында ашық жататын жалаңаш тұқымдылардан жабық тұқымдылардың басты айырмашылығы осыңдай. Жалаңаш тұқымдылардағы сияқты, мұнда да ұрықтанудан кейін тұқым бүршігінен тұкым пайда болады.

Гүл бөліктерінің орналасуына қарай жатын: үстіңгі жатын, төменгі жатын және жартылай төменгі жатын деп бөлінеді (8-сурет).

Үстіңгі жатын гүл кіндігіндегі (табанындағы) гүл серігімен кірікпей бос, дара орналасады, оның қабырғалары жеміс жапырақшаларынан ғана пайда болады. Егер осындай аналық жатынның түбіне гүл серігі, аталық сияқты гүлдің қалған бөлімдері орналасса, ондай гүл аналық асты гүлі деп аталады.

Төменгі жатын ойыс гүл табанымен, гүл серігі және аталықтардың негізімен толығынан кірігіп кетеді. Гүл бөліктері жатынның жоғарғы деңгейінде орналасады. Төменгі жатынды гүл аналық үсті гүлі деп аталады.

Егер жатын ойыс құмыра тәрізді гүл табанымен (гипантий) кірікпей орналасса, онда оны ортаңғы жатын деп, ал гүл деңгейлес гүл деп аталады. Гипантий гүл серігі мен аталық жіпшелерінің кірігуінен пайда болады.

Жартылай төменгі жатыңда оның жоғарғы бөлігі ғана бос болып, гүлдің қалған бөліктері жатынның орта деңгейінде онымен кірігіп орналасса, гүл жартылай аналық үсті гүлі деп ата­лады.

84.Археспорий туралы түсінік

Археспорий (гр. 'arche' - бастамасы + спора) –– мүктердің, сушырмауықтардың, қырықбуындардың және қырыққұлақтардың сонымен қатар микро және макроспорангияларының әрі қарай бөлініп споралардың түзілуіне әкелетін тұқымды өсімдіктердің жас спорангияларында пайда болатын түзуші ұлпа. Мейоз кезеңінде спора түзейтін спорогенді ұлпа пайда болады.

87.Астық тұқымдасының жемесінің талдау

Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс.,арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек).

Апогамия

Апогамия — ұрықтың синергидтерден немесе антиподтардан пайда болу құбылысы. Егер редукциялық бөліну болмаса, апо­гамия кезінде ұрық гаплоидты және диплоидты элементтерден жаратыла алады.

 

99.Гүлдің тозандану түрлері

Тозаңдану– аталық тозаңның аналық аузына түсуі. Өздігінен тозаңдану дегеніміз бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің өз аналығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жармай тұрып және гүл жарған кезде тозаңданады.Мыс; жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық,бетеге, тары

Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерге қант қызылшасы,құлмақ, қарасора, жүгері,қарабидай,қайың,емен.

101.Дихазий-гүл шоғырының түрі,сызбанұсқасы,өсімдіктерде кездеседі

Дихазий (гр. dichazo - бөлемін, екіге бөлемін) - басты білігі бір төбе гүлмен бітетін цимоздық гүлшоғыр; Осы гүлдің астықғы екі жапырағынын қолтығынан екі бүйір бұтақша өсіп шығады. Олар кейін басты білікті басып озады және де басты білік секілді гүлмен бітеді. Өсімдіктерде супротивтік дихазиялар(жұлдызшөптер, мүйізшөптер) және жапырақтары вегетативті өркендерде орналасқан кезектес дихазиялар, (бүлдіргендер, қаз. табандар, теңге жапырақтар) кездеседі.

А. Монохазии: а извилина; б завиток; в двойной завиток. Б. Дихазий. В. Плейохазий).

103.Гүл формуласы 107.Гүлдің формуласын құрастыру

Гүлдің құрылысын қысқаша ықшамдап көрсету үшін оны формуламен береді. Мұңда гүлдің симметриясы, гүл бөліктерінің әр шеңбердегі саны, гүл бөліктерінің кірігуі және аналықтың орналасуы (жоғары немесе төменгі жатын) бейнеленеді. Формулада гүл бөліктері арнаулы шартты таңбалармен белгіленеді. Мысалы, Са (Calyx) — тостағанша, Co (Corolla) — күлте, A (Androeceum) — аңдроцей, G (Gynoeceum) — гинецей, P (Perigonium) — жай гүл cepiri (мұнда гүл бөліктерінің латынша атауларының алғашқы буыны немесе алғашқы әріпі алынған).

Гүлдердің типтерінің де шартты белгілері бар. Олар ♀ ♂ қос жынысты гүл, ♀ — аналық гүл, ♂ — аталық гүл, + немесе * — актиноморфты гүл, ↑— зигоморфты гүл, ↓ — симметриясыз гүл.

Гүлдің жеке бөліктерінің саны цифрмен керсетіледі. Мыса­лы, 5 желекті күлте — Со5, А6 — аталық саны алтау дегенді білдіреді. Ал егер гүл бөліктерінің саны көп болса, әдетте 12-ден артса, онда шексіздік белгісі қолданылады.

Егер гүл бөліктері кіріккен болса, онда олардың санын көрсететін цифр жақшаға алынады. Мысалы, кіріккен 5-желекті күлте — Со(5), аталық саны 10 болып оның 9-ы кірігіп, біреуі бос орналасса, андроцей — А(9)+1. Гүл бөліктері бірден артық шеңбер түзген жағдайда, әр шеңбердегі бөлік сандары + белгісімен қосылып отырады. Мысалы, жай гүл серігі екі шеңберге орналасса, — Р3+3дей көрсетіледі.

Формулада гинецейдің қанша жеміс жапырақшаларынан пайда болғандығы, олар кіріккен жеміс жапырақшаларынан (ценокарпты гинецей) немесе әрбір жеміс жапырақшаларынан жеке аналық (апокарпты гинецей) пайда болғандығы, сондай-ақ төменгі әлде жоғарғы жатын осының барлығы берілуі керек. Мысалы, төменгі жатынды ценокарпты гинецей былай белгіленеді: G(3), мұндағы (3) гинецейдің кіріккен 3 жеміс жапырақшаларынан тұратындығын, ал жоғарғы жағындағы сызықша төменгі жатынды екендігін көрсетеді, егер аналық жоғарғы жатынды болса, сызықша цифрдың төменгі жағынан қойылады. Сонымен, мысалдар келтіріп гүлдердің толық формуласын жазатын болсақ, онда төмендегідей мысалдарды келтіруге болады:

Сарғалдақ гүлінің формуласы: * Са5 Со5 А G

Бақбақ гүлінің фомуласы: Со5 А5 G /27

Қайың гүлінің фомуласы: ♂ Р2 А2 + ♀ С (2)

Түкті қияқ гүлінің формуласы ♀ А3 ♀С(3)

113.Себет гүл туралы түсінік,өсімдіктер мысал.

Себет гүл-негізгі өсі табақша тәрізді болып жалпайған оның үстінгі бетіңде шетінен ортасына қарай ашылатын тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады(күнбағыста, бақбақта, өгейшөпте)

Полиэмбриония

Полиэмброния (көп ұрықтылық). Тұқымда екі және одан көп ұрықтың пайда ботуы полиэмброния деп аталады. Полиэмброния цитрустарда, пияздарда жиі кездеседі. Екі ұрықты болған жағдайда оның біреуі ұрықтың алғашқы жасушасынан қалыптасады. Кейде бір тұқым (мандарин) ішіндегі эмбриондар саны 20-ға жетеді, бұлардың көпшілігі нуцеллус жасушаларынан ұрықтанбай-ақ (апомиксис) пайда болады. Мұндай ұрықтар нуцеллярлы эмбриондар делінеді.

115.Гүл серігі,гүл табаны,гүл қоршауы туралы түсінік.

Гүл орналасатын сағақтың ұшыгүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады.

68.Шатыргүлділер тұқымдасы

Жемісі пісіп жетілген кезде, екі ашылмайтын (қақырамайтын), бір дәнді жартылай жеміске бөлінеді. Мүндай жемісті тұқымша деп атайды, ол екіге бөлінген карпофораньщ басында ілініп тұрады . Тұқымшаның сыртыңда 5 тікесінен орналасқан қабырғалары болады. Жеміс қапта оларға, бес өткізгіш шоғы сәйкес келеді. Бұл алғашқы қабырғалар. Олар барлақ түрлерде айқын байқалмайды. Қабырғаларының арасында бороздкалары орналасады, олардың арасында май жолдары болады. Кейде бороздкалардың орньша, екінші реттік қабырғалары пайда болады. Олар алғашқы қабырғалардан, жеміс қаптарында өткізгіш шоқтарының болмаумен оңай ажыратылады. Май жолдары тұқымша жағыңда да болады. Бірақ ол әдетте, жемістің қақырайтын жағынан басталады. Жемістің қақырайтын жағындағы бөлігіндегі, дәннің эңдоспермінің үсті жалпақ немесе дөңес, орақ тәрізді немесе ойыс болуы мүмкін. Бұл жемістің көлденен кесіңдісінен жақсы байқалады. Көптеген түрлері ертеден овощтық, жем шөптік және қош иісті өсімдіктер ретінде өсіріледі. Олардың кейбіреуле-ріңде, организмге қатты әсер ететін, улы алколоидтар болады. Олар мал шаруашылығына үнемі қауып туғызады.

50.Флоэма мен ксилеманың атқаратын қызметтері

Ксилема (сүрек) түтіктерден, трахеидтерден және сүректік паренхимадан (барлық уақытта емес), сүректік талшықтан (либриформ) тұрады. Ксилемамен су және минералдық заттар тасымалданады.

Флоэма (тін) сүзгілі түтіктерден, серіктік жасушалардан, тін паренхималарынан және (барлық уақытта емес) тін талшықтарынан тұрады. Флоэмамен органикалық зат­тар тасымалданады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.