Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Трихомды, коккоидты) жоба суреттін келтір. Мысал келтір. 41 мен байланысты



 

44.Осциляторияның сыртқы бейнесі. Жоба суретін белгілермен келтір.Трихомасының типін ата.

Осциллятория-Oscillatoria жіптесінді,тармақталмаған көп клеткалы организм.Трихомасы бірқатар орналасқан цилиндр формалы клеткалардан тұрады да,жіптері жіңішке келеді.Осциллятория жіпшесінің өсуі клетканың көлденең бөлінуі арқылы болады.Ол жіптерінің өсетін ұшы аздап иіліп тұрады.Жіптері кілегейлердің біржақты бөлінуінің арқасында қозғалуға,екі жағына теңселіп тұруға ж/е жылжуға қабілетті келеді.Бұл туысқа жүз шақты барлық жерлерде тараған түрлері жатады.Олардың ішінде улылары болады.Осцилляторияның біраз түрлері су бетінде не су астындағы төсемікте,дымқыл топырақта көк-жасыл қабыршықтар түрінде трихомалары матасып жатады.Кейде ақпайтын суларда қалың қабатты қабық түрінде қалықтап тұрады.

 

45.Анабенаның сыртқы бейнесі. Жоба суреттін келтір. Трихомасының типін ата.

Клеткалары жұмыр,дөңгелек,сопақ ж/е сақина пішіндес моншақ тәрізді тізбектеліп келіп,жекеленген болмаса шумақталған жіпшелер түрінде тұщы суда планктон не бентос жағдайында кездеседі.Тізбектеліп жатқан клеткалармен бірге ірі споралар ж/е гестероцисталар болады,бұлар өсіп көбейер кезде гетероцисталардың бойынан үзіледі.Гетероцисталары интеркалярлы орналасады.Гормогониялы жолмен көбейеді.Гормогония клетканың көлденең бөлінуі арқылы өседі.Анабена ауадағы бос азотты бойына сіңіретін балдыр.

 

46. Диатомды балдыр. Пиннулярияның жоба суретін белгілерімен келтір.

Диатомды балдырлар (диатомовые водоросли) – Diatomophyta. Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы жəне тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда,

ағаштардың діңдерінің қабықтарында жəне т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақ-тарда олар өте көп кездеседі. Диатомды бал-дырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (SіO2) сіңеді де, қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен-

каротиноидтармен жəне диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин жəне лейкозин түрінде де жиналады.

Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылар класы (Pennatophyceae), центрикалық диатомдылар класы (Centrophyceae). Бірінші класқа 4 қатар, ал екінші класқа 5 қатар жатады.

47. Қоңыр балдырлар бөлімі. Ламинария өсімдігінің даму циклінің схемасын түз.

Түрлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы сарғыштан қара- қоңыр, тіптен қара- қышқыл түске дейін болады. Ол осы балдырлардың пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің (қоңыр түсті) араласып келуінің нəтижесінде қалыптасатын түстер. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Классификациясы. Қоңыр балдырлар бөлімі үш кластан тұрады: изогенераттылар класы (Іsogeneratae), гетерогенераттылар класы (Heterogeneratae) жəне цикласпоралар класы (Cyclosporeae). Алайда біздер тек гетерогенераттылар класының кейбір кең таралған өкілдеріне тоқталумен шектелуді жөн көрдік.

48. Саңырауқұлақтар бөлімі. Заманауи классификациялық жүйенің сызбанұсқасын түзіңіз.

Саңырауқұлақтардың 100 000-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақ-тардың кейбіреулері бірклеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі

органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді жəне солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.

Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы (Chytrіdіomycetes), гифохитромицеттер класы (Hyphochytrіomycetes), оомицеттер класы (Oomycetes), зигомицеттер класы (Zygomycetes), аскомицеттер класы (Ascomycetes), базидиомицеттер класы (Basіdіomycetes), жетілмеген

саңырауқұлақтар класы (Deuteromycetes). Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген (көп клеткалы) болып

келеді.

 

49. Холобазидимициттер класстармағы. Шампиньонның сыртқы бинесі, жоба суретін келтіріңіз.

Бұл класс тармағы холобазидии түзетін саңырауқұлақтарды біріктіреді. Мысал ретінде олардың ең кең таралған туысы шампиньонды қарастырамыз. Шампиньон (Agarіcus campestrіs) - сапрофит ретінде, ылғалы мол топырақта өседі. Оны арнайы теплицаларда қолдан өсіреді. Жемісті денесі тармақталған мицелийінде пайда болады. Ал мицелийі топырақта болатын, бірнеше клеткадан тұратын (членистый) гифалардан құрылады.

50. Телебазидимициттер класстармағы. Тат саңырауқұлағының даму циклінің сызба нұсқасын келтіріңіз.

Бұл класс тармағына жататын өсімдіктердің фрагмобазидийлері болады. Бидайдың қатты қаракүйесі (Tіlletіa carіes), басқа қаракүйелер секілді паразит. Зақымданған масақ, зақымданбаған масаққа қарағанда жеңіл, өйткені оның дəндерінің көпшілігі телиоспораға толы болады. Телиоспоралар шар тəрізді түсі қара жəне үсті кедір-бұдыр (ячеистый) болып келеді. Астықты бастырған кезде споралар дəнге жабысады, ал тұқымды сепкенде топыраққа түседі. Телиоспоралар көктемде тұқыммен бірге өседі. Өсер алдында дикарионның ядролары қосылады, содан соң зигота мейоз арқылы бөлінеді. Осылардан кейін барып фрагмобазидия дамиды, ал оларда гаплоидты базидиоспоралары түзіледі. Базидиоспоралар өсімдіктерді тікелей зақымдай алмайды. Екі гетеротальды базидиоспоралар қосылып екі ядролы клетка түзеді. Осындай клеткадан дикарионды гифа

пайда болады. Ол алдымен дəннің қауызының (околоплодник) астына, содан соң ұрықтың өсу конусына, одан өскінге өтіп өсімдікпен бірге өседі. Келешегінде гифа гүл шоғырына еніп дəннің ішінде ұлғаяды да, оның ішіндегі қоректік заттарын өз бойына сіңіреді. Қауызбен (околоплодник) спермодерма бұзылмайды, сондықтанда дəн өзінің сыртқы формасын сақтайды, бірақ оның іші телиоспораға толы болады.

51. Euascomycetidae–Эуаскомицеттердің жемісті денесінің түрі. Жоба суретін белгілермен келтір. Мысал келтір.

Ең үлкен кластармағы. Негізгі белгісі - жемісті денемен гимениальды қабат түзуінде. Жемісті дененің үш түрі бар.

1. Клейстотеций - тұйықталған, шар тәрізді жемістідене, қалта оның ішінде көбіне ретсіз орналасады. Қалта жемісті дененің қабықшасының жыртылуының нәтижесінде сыртқа босап шығады.

2. Перитеций - құмыра тәрізді жоғарғы жағында тар тесігі бар жартылай тұйықталған жемісті дене, оның түбінде гимениальды қабаты болады. Қалта осы қабатта шоқталып орналасады. Спора піскен кезде жемісті денесінің түбінен қалта көтеріліп , құмыраның мойнына келіп ашылып, аскаспораларын шашады. Бос қалта жемісті денесінің түбіне қайта түседі де, оның орнын жаңа қалта басады.

3. Апотеций - ашық, көбіне табақша тәрізді жемісті дене, гимениальды қабат оның үстінгі жағында орналасады. Қалта осы қабатта жеміссіз жіпше - парафиздермен кезектесіп орналасады.

Кең таралған өкілдеріне пеницилл, қастауыш, сморчок т.б. жатады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.